ОҚушылардың Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру «Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға»



Дата18.02.2017
өлшемі76,29 Kb.
#10406

  • ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға» Осы үшеуі бірдей тең болса, оқу қисаймай, ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағанда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз» - деген екен.

  • «Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға» Осы үшеуі бірдей тең болса, оқу қисаймай, ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағанда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз» - деген екен.
  • Үлкен ағартушы, ірі ғалым,
  • қоғам қайраткері
  • Ахмет Байтұрсынұлы

Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

  • Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.
  • Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.
  • Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.
  • Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
  • Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.
  • Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.
  • Соңғы жалдары зерттеу қызметі мәселесіне “зерттеу тәртібі” деген жаңа термин енді. Бұл термин ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылады (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез, оқушының жүріс-тұрысы, тәртібі, т.б.). Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер жиынтығын білдіреді.
  • Шығармашылық – зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан - жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан – ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.
  • Зерттеу тәртібі мен зерттеу әрекетінің әдіснамалық негізі әрекетте жатыр. Сондықтан оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібі күрделі кіріктілірген білім болып табылады.
  • Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалдық қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.
  • Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптасрыу зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
  • Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын білеміз.

І. Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ЕРЕЖЕ

  • 1.Жалпы ереже
  • 1.Оқушылардың ғылыми қоғамы (одан әрі ОҒҚ) - өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі.
  • 2.ОҒҚ білім беру ұйымдарының жанынан құрылады, атауы, эмблемасы, девизі, дәстүрі бар.
  • 3. ОҒҚ өзіне ғылыми үйірмелерді, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдарды, жеке секцияларды ала алады.
  • 4. Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, “Қазақстан Республикасы Білім туралы” заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.

2.ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері

  • 5.ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері төмендегіше:
  • - оқушыларда ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру;
  • - бБілім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, адамзаттық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету;
  • - оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру.

3. ОҒҚ жұмысын ұйымдастыру

  • 6. ОҒҚ осы қоғамда болуға тілек білдірген, мұғалімдер, пән бірлестігі жетекшілері ұсынған кез келген оқушы мүше бола алады.
  • 7. Қоғамның мүшелері сессиясы ОҒҚ жоғарғы органы болып табылады және ол жылына бір рет өткізіледі.
  • 8. Сессияда оқу жылының міндеттері анықталады, жеке секциялардың немесе қоғам мүшелерінің жұмысы туралы есеп тыңдалады, жұмыс жоспары бекітіледі және түрлі құжаттар мен шешімдер қабылданады.
  • 9.ОҒҚ сессия аралық жұмысына ондағы сайлаған, педагогикалық, ғылыми-қоғамдық және ОҒҚ қатысушы түрлі ұйымдар өкілдері мен оқушылар кіретін үйлестіруші кеңес басшылық жасайды.

10. ОҒҚ мамандар, ғалымдар мен мұғалімдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келісім-шарт немесе қосымша жұмыс тәртібі бойынша істейді. Олар оқушылардың секциялары мен ғылыми бірлестіктерді, сондай-ақ оқушылардың жеке таңдаған, тақырыптары бойынша жұмысына басшылық жасайды.

  • 10. ОҒҚ мамандар, ғалымдар мен мұғалімдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келісім-шарт немесе қосымша жұмыс тәртібі бойынша істейді. Олар оқушылардың секциялары мен ғылыми бірлестіктерді, сондай-ақ оқушылардың жеке таңдаған, тақырыптары бойынша жұмысына басшылық жасайды.
  • 11.ОҒҚ бөлімшелер жетекшілері үйлестіруші кеңеспен келісілген және ОҒҚ жанынан құрылған ұйым басшысының бекітуімен арнайы бағдарламалар жасауы мүмкін.
  • 12.ОҒҚ мүшелерінің сабақтары жеке немесе ұжыммен ғылыми жетекшілердің басшылығымен және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының тақырыптары мен бекітілген бағдарламасы негізінде аптасына бір рет өткізіледі.

13. Қорытынды сабақ оқушылардың ғылыми конференциясы түрінде оқушылар мен ғалымдардың қатысуымен, арнайы ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлерінен құрылған әділқазылар көмегімен ұйымдастырылады. Онда ең үздік деген ғылыми жобалар анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, марапаттау, сыйақы, демеушілер тарапынан сыйлықтар беріледі.

  • 13. Қорытынды сабақ оқушылардың ғылыми конференциясы түрінде оқушылар мен ғалымдардың қатысуымен, арнайы ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлерінен құрылған әділқазылар көмегімен ұйымдастырылады. Онда ең үздік деген ғылыми жобалар анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, марапаттау, сыйақы, демеушілер тарапынан сыйлықтар беріледі.
  • 14. Қоғам мүшелері үшін қысқы және жазғы каникул кезінде оқу-нұсқаулық жиыны, лагерьлер, экспедициялар мен серуендер ұйымдастырылады.

4. ОҒҚ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

  • 15. ОҒҚ кез келген мүшесі:
  • ОҒҚ өткізілетін барлық іс-шаралар мен секция жұмыстарына қатыса алады.
  • Түркі секция жұмысына, бір секциядан екіншісіне өтуге құқылы.
  • ОҒҚ мен оның бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныс жасауға міндетті.
  • Оқушылардың ғылыми жарыстарына, ғылыми конференцияларға қатысуға өзінің жұмысын ұсына алады.
  • ОҒҚ секциялары мен бөлімшелері базаларында құрылған зертхана приборлары мен құрал-жабдығын қолдана алады.

6) Қазақстан Республикасы кітапхана қорынан ғылыми әдебиеттерді қолдана алады.

  • 6) Қазақстан Республикасы кітапхана қорынан ғылыми әдебиеттерді қолдана алады.
  • 7) ОҒҚ үйлестіруші кеңесіне мүше бола алады.
  • 8) Мектептердің, оқу-әдістемелік жиындардың жұмыстарына, шығармашылық экспедицияларға, ғылыми конферецияларға, ғылыми жарыстарға қатыса алады.
  • 9) ОҒҚ жұмысына белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен, дипломдармен, стипендиялармен марапаттауға ұсыныла алады.

16.ОҒҚ мүшесі:

  • 16.ОҒҚ мүшесі:
  • Ғылыми жетекшінің басшылығымен таңдаған тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізуге міндетті.
  • Өзінің ғылыми деңгейін көтеруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдылары мен білімін игеруге міндетті.
  • ОҒҚ тұрақты қатысып отыруға міндетті.
  • Отырыстарда баяндама жасауға міндетті.
  • ОҒҚ органдары басшыларының тапсырмасын жауапкершілікпен орындауға міндетті.
  • Базасында ОҒҚ жұмыс істейтін ғылыми мекемелердің зертханасының, кабинеттерінің құрал-жабдщықтарына жауапкершілікпен қарауға міндетті.
  • Бір және бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге, ғылыми секция жұмыстарына, жарыстарға, конференцияларға, экспедицияларға, серуендерге қатысуға, оқушылар мен тұрғындар арасында ғылымды насихаттауға міндетті.
  • Өзінің жұмысы туралы есеп беруге міндетті.

5. ОҒҚ есебі

  • 17. ОҒҚ кез келген мүшесі өз нәтижесі жөнінде оқу жылының аяғындағы секцияның жалпы жиналысында баяндайды.
  • 18. Секцияның озат жұмыстары мектеп жарыстарына ұсынылады. Жарыстарға ұсынылған жұмыстар бақылаудың ізденіс-тәжірибелік талдауымен және қорытындысымен жинақталған зерттеуу-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. Жұмыс авторлар тобының орындауында болуы мүмкін. Конкурсқа ұсынылған ғылыми-зерттеу жобасы ғылыми-зерттеу журналымен және жетекшілердің пікірімен бірге ұсынылуы тиіс. Ъ
  • 19. Үйлестіруші кеңес өзінің жұмысы туралы сессияда есеп береді.

6. Қаржыландыру және материалдық база

  • 20. Қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету көзі түрлі ұйымдар мен мекемелердің, әкімияттың, олардың ішінде шығармашылық өнімдерін тапсырушылардың, сондай-ақ азаматтардың бюджет басқармасының қаражаты болып табылады. Бұл қаражат ОҒҚ материалдық-техникалық базасын дамытуға, оқытудың сапасын арттыруға, жұмыс орындаушылардың – оқушылар мен мамандардың ынтасын арттыруға жұмсалады.

ІІ. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын жоспарлау

  • Оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысы қызметінің тиімділігі оқушылардың қызметіне байланысты, өйткені оқушылардың қызметіне басшылық олардың жұмыстарын жоспарлауына қарай жүзеге асырылады.
  • ОҒҚ жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
  • 1.ОҒҚ үйлестірушікеңесінің отырысы.
  • 2.ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммуникативті жұмысы.
  • 3. Ғылыми-зерттеу қызметі.
  • 4. Шығармашылық жұмыс.

1. Оқушылардың ғылыми қоғамының үйлестіруші кеңесінің отырысы

  • Бұл бөлімге оқушылардың ғыылыми қоғамын ұйымдастыру мәселесін енгізу қажет. Бұл – кеңес мүшелерінің сыныпта және ғылыми секцияларда жүргізілген диагностика нәтижесімен танысу, пәндік ғылыми секциялардың жұмыс мазмұны, пәндік олимпиадаларға талдау, ғылыми конференцияларды дайындау. ОҒҚ кеңесінің отырысын жоспарлау мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға болжауға, бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ОҒҚ Кеңесінің отырысын жоспарлау үлгісі

  • Айы
  • Тақырыбы
  • Мақсаты
  • Жауаптылар
  • Жұмыс нәтижесі
  • Қыркүйек
  • ОҒҚ ұйымдастыру жиналысын дайындау және өткізу
  • Эмблеманы, девизді анықтау және бекіту
  • Секция жетекшілері: ОҒҚ кеңесі
  • Материалдар
  • Қазан
  • Оқушылардың диагностика нәтижесін талдау
  • ОҒҚ қатысқан материалдарға диагностикалық талдау
  • Психологиялық қызмет, секция жетекшілері
  • Диагностика материалдары
  • Қараша
  • Секциялар жұмысы. Секция тақырыптарының мазмұны
  • Оқушылардың ғылыми жұмыстарын талдау
  • Секция жетекшілері, ОҒҚ кеңесінің жетекшілері
  • Секция жұмыстары бойынша жаднама
  • Желтоқсан
  • ОҒҚ мүшелерінің мектеп, аудандық жарыстарға қатысуы
  • ОҒҚ мүшелерінің жарыстарға қатысу нәтижесін талдау
  • Пән мұғалімдері, кафедра, бірлестік жетекшілері
  • Әдістемелік бюллетень
  • Қаңтар
  • 7-11 сыныптар арасында интеллектцалдық жарыстар дайындау және өткізу
  • Интеллектуальдық жарыстарға тапсырмалар, материалдар дайындау
  • Секция жетекшілері, кафедралар мен әдістемелік бірлестіктер жетекшілері
  • Материалдар жинағы
  • Ақпан
  • “Біз Қазақстанның болашағы” атты ғылыми-зерттеу конференциясын дайындау және өткізу
  • Конференцияны өткізу дайындығын талдау
  • ОҒҚ кеңесі,т секция жетекшілері
  • Видеожазбалар мен материалдар жинағы
  • Наурыз
  • Мектеп конференциясының қорытындысы және аудандық конференцияға дайындық
  • Мектеп конференциясының қорытындысын шығару, аудандық конференцияға дайындық
  • ОҒҚ кеңесі
  • Әдістемелік бюллетень
  • Сәуір
  • Қалалық жарыстарға дайындық
  • Секция жұмысының жылдық есебі
  • Секция жетекшілері
  • Әдістемелік бюллетень
  • Мамыр
  • Жұмыстың жылдық қорытындысы
  • Оқу жылының жұмысын талдау
  • ОҒҚ үйлестіруші кеңесі
  • Мереелік газет, интернет-сайтқа ақпарат беру

2. ОҒҚ мүшелерінің қызығушылық-танымдық және коммунакативтік жұмысы

  • Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни, оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарла білуге талпынуы тиіс. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ қоғам мүшесі екенін сезініп, өз бетінше шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге, әдебиеттермен жұмыс істей білуге, баяндама жасауға, талдауға қатысуға, басқаларды тыңдауға үйренуі қажет.
  • Оқушының талабын, қызығушылығын аңғармай тұрып оған баяндама жасауды тапсыруға болмайды. Сондай-ақ топпен жұмыс істеп үйренбеген баланы аудитория алдында сөйлеуге мәжбүрлеуге болмайды. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу үшін ОҒҚ мүшелері ортасында оларды қызықтыратын, ізденушілікке баулитын танымдық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Мұндай сабақтарды кітапханашы, психолог, әдебиет пен тарих пәндерінің мұғалімдері жүргізеді.

Мектеп кітапханашысы оқушыны каталогпен, ғылыми ақпаратпен жұмыс істей білуге үйретеді. Мектеп психологы оқушының интеллектуалдық білігі мен коммуникативтік мәдениетін дамытадыы. Егер біз оқушының бойынан өз ойын нақты жеткізіп, өз ісін әділдігін дәлелдей алатын, пікірталасқа еркін түсе алатын қабілетті көргіміз келсе, онда олардың интеллектуалдық және коммуникативті қабілеттерін дамыту қажет. Психологтың баламен қарым-қатынас жасау жұмысы оқушының дұрыс сөйлеуін қалыптастыруға мүмкіндік береді, қарым-қатынастың мәнін сезінуге үйретеді.

  • Мектеп кітапханашысы оқушыны каталогпен, ғылыми ақпаратпен жұмыс істей білуге үйретеді. Мектеп психологы оқушының интеллектуалдық білігі мен коммуникативтік мәдениетін дамытадыы. Егер біз оқушының бойынан өз ойын нақты жеткізіп, өз ісін әділдігін дәлелдей алатын, пікірталасқа еркін түсе алатын қабілетті көргіміз келсе, онда олардың интеллектуалдық және коммуникативті қабілеттерін дамыту қажет. Психологтың баламен қарым-қатынас жасау жұмысы оқушының дұрыс сөйлеуін қалыптастыруға мүмкіндік береді, қарым-қатынастың мәнін сезінуге үйретеді.

3. Ғылыми-зерттеу қызметі

  • Ғылыми-зерттеу қызметі әр секцияның жұмысы болып табылады. Бұл тәжірибе мен зерттеу сипатына қарай болады. Олар:
  • ғылыми мекемелерге, кәсіпорындарға, офистерге барып тұру;
  • осы саладағы ғалым мамандармен кездесу;
  • ғылыми мәселелерге байланысты көрмелерге бару;
  • Мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу.

4. Шығармашылық жұмыс

  • Әр секцияның шығармашылық қызметі ғылым тапқыштарының конкурстарын өткізу немесе интелектуалдық, ғылым шерулер, викториналар, кештер ұйымдастыру болып табылады. ОҒҚ бұл қызметі мен секциялардағы жұмысы әр оқушының қызығушылығын арттыруға, зерттеу және эксперимент жұмыстарында балалардың көбірек қатысуына мүмкіндік береді.
  • ОҒҚ үйлестіруші кеңесі педагогикалық кеңеске жылдық есебін дайындайды. Осы педагогикалық кеңесте педагогтар мен жетекшілер жаңа оқу жылдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде баяндайды. Соңғы педагогикалық кеңесте секция жетекшілері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласқан ұжым мүшелерін марапаттауға болады.

ІІІ. ОҒҚ жұмысын секцияларда ұйымдастыру

  • ОҒҚ негізгі жұмысы – белгілі бір мектептің ережесімен анықталған оқушылар топтарыын құру. Секцияға ортақ мақсаттағы балалар топталады. Олар мынадай секцияялар болуы мүмкін: лингвистикалық, математикалық, эко-биологиялық, тарих, география, психология, педагогика, социология т.б.
  • ОҒҚ секциялары жұмысының негізгі құжаты оқу жылына арналған жоспар болып табыладыы. Ол мынадай бабтар мен бөлімдерден тұруы мүмкін:
  • 1.Секцияның аты
  • 2. Секция мүшелерінің тізімі
  • 3.Секция жетекшісі
  • 4.Секция құрудағы мақсат пен оның негізгі міндеттері
  • 5.Секция жұмысының басты бағыттары
  • 6.Секция жұмысының формалары
  • Зерттеу сабақтар,
  • Практикалық сабақтар,
  • Шығармашылық сабақтар,
  • Теориялық-қорытындылау жұмысы (ғылыми баяндамалар, ғылыми жобалар қорғау, байқаулар, олимпиадалар, кіші және үлкен конференциялар).

Секция жұмысының жоспары ОҒҚ алғашқы сабақтарының бірінде бекітіледі.

  • Секция жұмысының жоспары ОҒҚ алғашқы сабақтарының бірінде бекітіледі.
  • Әр секцияда басқару органы сайланадыы. Бұл секция мүшелерінің сабақтарға толық қатысуын қамтамасыз етеді.
  • Алғашқы сабақтарда жетекші оқушыларды секция жұмысының барысымен таныстырып, зерттеу жұмысының мәнін түсіндіреді. Олардың дайындық деңгейін, ғылымға қызығушылығын анықтайды, ұсынған тақырыптарын белгілейді. Оқушылардан толық және қызықты мәлімет алу үшін төмендегі сауалнамаларды жүргізуге болады.

Бізге қажеттінің бәрі өзіміздің басымызда Теодор Рузвельт.

  • Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері
  • - проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);
  • - зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);
  • - зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);
  • - шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);
  • - зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;
  • - ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);
  • - алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

- есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау;

  • - есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау;
  • - баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау,ь сұрақтарға жауап беру).
  • Зерттеу жүргізудің ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, “problema” сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда (міндет”, “кедергі”, “қиындық” деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді.
  • Тақырып проблеманың сипатын ашып береді.
  • Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.
  • Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
  • - қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;
  • - өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмпирикалық тақырыптар;

- түрлі қанаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар.

  • - түрлі қанаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар.
  • тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – “hypothesis” ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді.
  • Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек ғана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.
  • Зерттеу объектісі – теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады.

Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір объектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады.

  • Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір объектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады.
  • Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа, нақты болады. Ол зерттеудің міндеттеріне дамытылады, айқындалады.
  • Зерттеудің келесі зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады.
  • Бақылау - өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды.
  • Эксперимент – зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге қолданылады. “Эксперимент” деген сөз латынша “experimentum”, аудармасы “тәжірибе” деген ұғымды білдіреді. Бұл таным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен басқару жағдайында зерттеледі. Кез келген эксперимент тексеру мен салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық әрекетті көздейді. Эксперимент ойлану кезеңін өткізетін ойда жүрген мәселе де болуы мүмкін.

Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді:

  • Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді:
  • Ойлау;
  • Өзіне өзі сұрақ қою;
  • Басқа адамнан сұрау;
  • Кітаптардан қарау;
  • Бақылау;
  • Эксперимент жүргізу;
  • Интернет жүйесін қарау;
  • Материалдар жинақтау;
  • Қорытынды жасау.
  • Зерттеу нәтижелерін жүйелеу үшін ізденудің кілті ретінде төмендегі сызба жүйесін ұсынуға болады:
  • Мысалы: тірі табиғат, білім саласы – экология.
  • Қайда тіршілік етеді?
  • Немен қоректенеді?
  • Негізгі ерекшеліктері: жануар типі, класы, отряды, тұқымдасы, туысы, түрі.
  • Ең басты жаулары.

Немесе мынадай бағыт: ұлы ойшылдар.

  • Немесе мынадай бағыт: ұлы ойшылдар.
  • Қайраткер адамға жалпы сипаттама.
  • Қашан және қайда дүниеге келген?
  • Өскен ортасына сипаттама.
  • Қайда өмір сүрді?
  • Алғашқы қызметі.
  • Қызметіндегі негізгі жетістіктері.
  • Ол туралы еңбектер.
  • Замандастарының оған қатынасы.
  • Ол туралы қазір қандай пікірде?
  • Сұрақтар түрліше болуы мүмкін, олардың қатарын оқушы өзі арттыруына болады.
  • Зерттеудің соңғы кезеңі орындалған зерттеу жұмысын қорғаумен аяқталады.
  • Қорғау – зерттеудің жетістігі және жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады. Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15 минут) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс, сондай-ақ жұмыстың логикасы, тілі, құрылымы мен жиналған материдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады.

Әдебиеттермен жұмыс

  • Жұмыс кезеңдері
  • Кезеңдердің мазмұны
  • 1
  • Жалпы танысу
  • Әдебиеттерге жалпы шолу
  • 2
  • Бөлімдер мен тарауларды оқып шығу
  • Мәтіннен маңызды жерін бөліп алу
  • 3
  • Таңдап алып оқу
  • Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу
  • 4
  • Оқыған материалдардан жоспар құру
  • Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.
  • 5
  • Оқығандардан көшіріп жазу
  • Нақты және толық (цитата)
  • 6
  • Оқыған материалдарды басқалармен салыстыру
  • Мәселені шешуде айырмашылықтары белгіленеді
  • 7
  • Оқығандар мен жазып алғандарға сыни баға беру
  • Шынайылығы мен нақтылығына назар айдарылады.

Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар

  • Құрылымы
  • Мазмұнға қойылатын талаптар
  • Титуль беті
  • Жұмыс орындалған оқу мекемесінің аты
  • Автордың аты-жөні
  • Ғылыми жұмыстың тақырыбы
  • Ғылыми жетекшісінің аты-жөні
  • Қала және жылы жазылады.
  • Мазмұны
  • -бөлімдер мен тараулардың атттары
  • -материалдар жинақталған беттері жазылады
  • Кіріспе (екі беттен кем болмауы тиіс)
  • -шешілетін мәселенің немесе міндеттердің қазіргі жағдайына баға
  • -жұмыстың қажеттілігі жөнінде негіздеме
  • Негізгі бөлім (он беттен кем болмауы тиіс
  • Зерттеудің нақты тақырыптары бойынша бөлім материалдарынан тұрады. Автор басқа авторлардың еңбектеріне сілтеме жасайды.
  • Қорытынды
  • Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша қорытындылар жасалады.
  • Әдебиеттер тізімі
  • Ғылыми жұмысты жазу кезінде пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу жұмыстарының түрлері

  • Түрі
  • Құрылымы
  • Баяндама
  • Кіріспедегі қысқаша ескертпелер;
  • Тақырыптың ғылыми-практикалық құндылығы;
  • Негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні;
  • Қорытынды және ұсыныстар
  • Тезистер
  • Баяндаманың негізгі мазмұны;
  • Негізгі ұсыныстар мен қорытынды
  • Ғылыми мақала
  • Тақырыбы;
  • Кіріспедегеі ескертпелер;
  • Зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет;
  • Ғылыми нәтижелерге талдау және оларды қорыту;
  • Ұсыныстар мен қорытынды;
  • Сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету
  • Ғылыми есеп
  • Ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау;
  • Жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні;
  • Қолданылған әдіс-тәсілдерге нақты сипаттама;
  • Жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау;
  • Шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыты;
  • Ұсыныстар мен қорытынды.
  • Реферат
  • Кіріспе бөлімі;
  • Негізгі мәтін;
  • Қорытынды бөлім;
  • Әдебиеттер тізімі
  • Ғылыми жоба
  • Кіріспе бөлімі;
  • Негізгі мәтін;
  • Эксперимент нәтижесі;
  • Қорытынды бөлім;
  • Әдебиеттер тізімі

Секция жетекшілері оқушының жеке жұмысы әдебиеттерді кеңінен қолдану арқылы жүргізілетінін естен шығармауы тиіс. Осы мақсатта оқушыны әдебиеттермен толық қамтамасыз ету үшін секция жұмысына кітапханашының қатысқаны абзал.

  • Секция жетекшілері оқушының жеке жұмысы әдебиеттерді кеңінен қолдану арқылы жүргізілетінін естен шығармауы тиіс. Осы мақсатта оқушыны әдебиеттермен толық қамтамасыз ету үшін секция жұмысына кітапханашының қатысқаны абзал.
  • Секция жұмысы аптасына бір рет өткізіледі. Секция жұмысының қорытындысы мен нәтижесі ғылыми-зерттеу конференциясына шығарылады. Конференцияда әр секция алдын ала қорғаудан өткен жұмыстарын ұсынады.

IV.Зерттеудің жалпы бағыттарын жіктеу

  • Зерттеу адамның өміріне, табиғатқа байланысты түрлі бағытта жүргізілуі мүмкін. Мәселен:
  • Әлеуметтік ғылымдар – адамның өмір сүру тәсілі, әлеуметтік және қоғамдық қатынасы – психология, соицология, антропология, археология, этнология, лингвистика, танысу, қабылдау, қоғамдық пікір, білім алу, т.б.
  • Биохимия - өмір процесіндегі химия – молекулалық биология, молекулалық генетика, ферменттер, фотосинтез, қан химиясы, белок химиясы, тағам химиясы, т.б.
  • Ботаника - өсімдіктер өмірімен танысу – ауыл шаруашылығы, агрономия, бақша, орман шаруашылығы, өсімдік физиологиясы, өсімдік потологиясы, өсімдік генетикасы, теңіз балдырлары, т.б.
  • Химия –табиғатты зерттеу – физикалық химия, органикалық химия, органикалық емес химия, материалдар, желімдер, отындар, металлургия, топырақ химиясы, т.б.

Информатика – ЭВМ аппаратты құралдарын зерттеу мен дамыту, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау, интернет пен байланыс жүйесін ұйымдастыру, т.б.

  • Информатика – ЭВМ аппаратты құралдарын зерттеу мен дамыту, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау, интернет пен байланыс жүйесін ұйымдастыру, т.б.
  • Жер және ғарыштық ғылымдар – геология, минералогия, физиография, мұхиттану, метеорология, климат, астрономия, сейсмология, география, т.б.
  • Техника – технология, азаматтық, ме,ханикалық, аэроновигациялық, химиялық, дыбыстық, электрлік, т.б. Техникаларды өндіруге және қолдануға арналған ғылыми ұстанымдар жобасы.
  • Қоршаған орта ғылымы – ластану көздерін зерттеу, бақылау, экология.
  • Геронтология – тірі организмдердің өмірін зерттеу.
  • Математика – логикалық жүйелер мен түрлі сандарды, алгебралық есептеулерді және қолдану ұстанымдарын дамыту.
  • Медицина және денсаулық – адамдар мен жануарлардың ауруларын зерттеу: тістерді емдеу, фармокология, патология, санитария, педиатрия, дермотология, аллергия, тамақтану, сөйлеу, есту, т.б.

Микробиология – микроорганизмдер биологиясы – бактериялогия, вирология, протозология, саңырауқұлақтар, т.б.

  • Микробиология – микроорганизмдер биологиясы – бактериялогия, вирология, протозология, саңырауқұлақтар, т.б.
  • Физика – заттарға ықпал ететін энергия мен оны басқаратын заңдар және ұстанымдар: қатты заттар, оптика, акустика, бөліктер, ядро, атом, плазма, сұйық және газ, термодинамика, механика, кванттық механика, биофизика, т.б.
  • Зоология – жануарлармен танысу – жануар генетикасы, орнитология, ихтиология, энтология, жануарлар экологиясы, палеонтология, физиология, омыртқасызда, т.б.

V.Оқу кітапханасымен жұмыс

  • Кітапхана орталығымен жұмыстың мақсаты: оқушылардың кітапхана-ізденушілік дағдысын қалыптастыру. Оқушыны зерттеушілікке жетелейтін сабақтар тек кітапхана көмегімен жүзеге асырылады. Мектеп кітапханасы оқу процесін кіріктіруде негізгі дидактикалық қор болып табылады.
  • Мақсат оқушының жеке ізденушілік дағдыларын қалыптастыру, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасауға баулу.
  • Іс-әрекеттер түрі:
  • Энциклопедиялармен жұмыс түрі негізгі ақпартты табуға көмектеседі. Энциклопедия анықтамалық қызмет атқарады.
  • Тапсырма: деректерді, түініктерді, терминдерді табу.
  • Мамандандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер сөздігі, мифологиялық сөздіктер, т.б.
  • Анықтамалықтар: жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық пәндер бойынша: жануарлар, өсімдіктер әлемі, тарихи, дүние жүзі елдерінің өнері, музыкалық, хронологиялық, биологиялық анықтамалықтар, т.б.
  • Библиграфиялық басылымдармен жұмыс. Ақпарттар түрімен, ақпараттар таңдау негізімен және қажетті материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана каталогымен жұмыс, т.б.

Мерзімді басылымдармен (газет, журнал) жұмыс.

  • Мерзімді басылымдармен (газет, журнал) жұмыс.
  • Ізденіс тапсырмалары бойынша есеп жазу.
  • Кітапханадағы жұмыс нақты тапсырмаларды орындау кестесі бойынша кітапханашының немесе мұғалімнің басшылығымен пәндік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
  • Интернетпен жұмыстың мақсаты қажетті ақпараттарды іздеу, электрондық каталогпен жұмыс істей білу, ақпараттарды сайтта жинақтау, хат жазысу, т.б.

VI. Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері

  • Ұсынылған тақырыптарды өз қызығушылығына қарай таңдау.
  • Таңдаған тақырыбын секция жұмысында талдау немесе жетекшісінен кеңес алу.
  • Жетекші ұсынған әдебиеттерге талдау жасау.
  • Танысқан материалдар мен тақырыпқа сәйкес жоспар жасау.
  • Теориялық материалдар негізінде зерттеу жұмысын бастау.
  • Жұмысты рәсімдеу және секцияның қорытынды конференциясында (7-10 минут) баяндама жасау.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жазу үшін оқушыға қажетті зерттеу дағдылары

  • 1. Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу.
  • Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу – ғылыми зерттеудің негізі. Материалдарды ретімен, терминдермен, түсініктермен таныса отырып оқу керек. Әрбір терминмен, түсінікпен жете таныс болу үшін олардың практикалық түсініктерін ашуға тырысу керек.
  • 2. Кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы.
  • Кітаптағы материалдың шынайылығына көз жеткізу үшін оларды салыстыратын өзіндік пікірі болуы тиіс. Ол үшін өзіне мынадай сұрақтар қоюға болады:
  • Әдебиеттегі қай пікір нақтырақ?
  • Теориялық пікірлер практикада дәлелді ме?
  • 3. Өзінің зертеу жұмыстарын жүйелі жеткізіп, бір мәселеден екіншісіне байланыстыра отырып өту қажет. Жұмыста “Менің ойымша”, “менің пікірімше”, “маған” белгілі”, “дәлелдемелер жасалған талдау көрсеткендей” деген сияқты сөздер қолданылуы тиіс.

Конференцияға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар

  • Материалды баяндаудың нақтылығы мен түсініктілігі.
  • Жұмыстың мазмұнға сәйкестігі;
  • Жұмыстың өзектілігі мен практикалық мәнділігі;
  • Автордың тақырып бойынша ізденіс шеберлігі;
  • Өзіндік көзқарасы мен проблема бойынша қорытындысы;
  • Тақырып бойынша арнайы терминдер мен әдебиеттерді қолдана білуі:
  • Ғылыми жұмысты рәсімдеу.

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

  • Ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегіше көрінуі тиіс:
  • 1.Жұмыс мәтіні компьютерде терілуі тиіс. Сондай-ақ:
  • Титул беті;
  • Мазмұны;
  • Аннотациясының болуы;
  • Кіріспесі;
  • Зерттеу бөлігі;
  • Қорытынды, әдебиеттер тізімі болуы қажет.
  • 2.Титул бетінде зерттеу жұмысы орындалған мекеменің толық атауы;
  • Автордың және жетекшінің аты-жөні
  • Қаласы, жылы көрсетіледі.
  • 3.Аннотацияда жұмыстың қысқаша мазмұны берілуі керек:
  • Зерттеу мақсаты;
  • Болжамы;
  • Зерттеу кезеңдері;
  • Эксперимент әдістемесі;
  • Зерттеу жаңалығы;
  • Жұмыс нәтижесі мен қорытынды;
  • Нәтижесі қолданылатын мекемелер.

4. Кіріспеде (2 беттен аспау керек) тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері қысқаша баяндалады.

  • 4. Кіріспеде (2 беттен аспау керек) тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері қысқаша баяндалады.
  • 5. Жұмыстың зерттеу бөлігі ) 15 беттен артық емес) жеке тараулардан тұруы мүмкін. Олар:
  • Тақырып бойынша белгілі зерттеу нәтижелеріне шолу;
  • Белгіленген міндеттерді шешу әдістеріне сипаттама;
  • Жұмыс нәтижесі мен оларды талдау;
  • Көрнекілік материалдары (сызбалар, графикалар, фотосурттер, суреттер, т.б.).
  • 6. Әдебиеттер сілтемелер нөмірленіп, жақшаға алынуы тиіс.
  • 7. Кіріспе 1 бет, жұмыстың негізгі бөлігі 15 бет, қорытынды 1-2 бет көлемінде болуы тиіс.
  • 8. Қолданылған әдебиеттер жұмыс соңында төмендегі тәртіппен жүргізіледі.
  • Автордың аты-жөні;
  • Мақаласының немесе журналының аты;
  • Журналдың немесе кітаптың атауы,
  • Басылып шыққан баспасы;
  • Шыққан жылы, беті, нөмері.

9. Әрбіп жұмыс жетекшінің орындалған жұмыстың өзектілігі мен құндылығы жөнінде, сондай-ақ кемшіліктері ескертілген пікірмен бірге жүруі тиіс.

  • 9. Әрбіп жұмыс жетекшінің орындалған жұмыстың өзектілігі мен құндылығы жөнінде, сондай-ақ кемшіліктері ескертілген пікірмен бірге жүруі тиіс.
  • 10. Баяндамаға демонстрациялайтын материал дайындауға болады.
  • Көрнекіліктің көлемі оқушының жасына, бойына сәйкес дайындалуы тиіс.
  • Стенд материалында зерттеу жұмысының мазмұны түрлі сызбалар, графикалар, диаграммалар арқылы беріледі.
  • Баяндау мәдениеті
  • Секциядағы баяндама 10 минутқа дейін
  • Конференциядағы баяндама 7 минутқа дейін.
  • Баяндау нақты өту керек.
  • Жұмыс көрнекі құралдармен бірге баяндалады.

VII.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері

  • Параметр
  • Мүмкін бағалар
  • Негізделген бағалар
  • Шығармашылық қабілеті
  • Жеке жобаға 30 балл
  • Командалық жобаға 25 балл
  • Егер автор жаңа ғылыми жолдарды табуда шығармашылық қабілет танытса, онда жеке жоба үшін 25-30 балл, ал топпен орындалған жобаға 20-25 балл қойылады.
  • Егер жаңа тәсілдерге талдау жасауға шығармашылық қабілеті жетіп жатса, онда жеке жоба үшін 20-25 балл., ал топтық жобаға 15-20 балл қойылады.
  • 10-20 мен 10-15 балл мәліметтерді жеткізу шығармашылық қабілетіне қойылады.
  • 10-ға дейінгі баллдар жоба реффераттық сипатта болған жағдайда беріледі.
  • Ғылыми ойлау
  • Жеке жобаға 30 балл, топтық жобаға 25 балл
  • Жұмыстың нақтылығы мен қажеттілігіне қарай;
  • Кәтілген нәтижесінің құндылығына қарай;
  • Нақты жоспары мен міндеттеріне қарай;
  • Автордың зерттеу кезеңдеріндегі көрегенділігіне қарай;
  • Автордың түсінігіне қарай;
  • Келесі зерттеу кезеңдеріндегі автордың идеясына қарай;
  • Ғылыми әдебиеттерге жасалған сілтемелеріне қарай;
  • Жұмыстың мақсатына қарай;
  • Зерттеу нәтижесінің қажеттілігіне қарай;
  • Нәтижесінің жүзеге асырылуына қарай.
  • Зерттеу дағдыларын қолдану әдістерінің тиімділігі
  • Жеке жобаға 15 балл
  • Топтық жобаға 25 балл
  • Егер автор жұмыс барысында қазіргі заманғы техникаларды қолдана отырып, жаңа нәтиежелер алуда тиімді тәсілдер көрсете білсе, онда жеке жобаға 15 балл, топтық жобаға 12 балл қойылады.
  • Тақырыптың ашылу деңгейі
  • Жеке жобаға 15 балл
  • Командалық жобаға 12 балл
  • Бұл мынадай негізгі параметр бойынша қойылады:
  • Жұмыс жоспарланған сатыларда орындалды ма?
  • Шешілетін мәселе толық қамтылда ма?
  • Жеке эксперимент қорытындысы негізделген бе?
  • Материал жобада толық қамтылды ма?
  • Автор мәселенің басқа шешу жолын біле ме?
  • Сөйлеу шеберлігі, материалдың жеткіліктілігі
  • Жеке жобаға 10 балл
  • Командалық жобаға 10 балл
  • Балдар мынадай критерийлер бойынша қойылады:
  • Автордың баяндау тәсілі
  • Материалдың толықтылығы
  • Жобаның негізі сәттерін көрсете білуі
  • Жобада пайдаланылған эксперимент материалдарының жеткіліктілігі
  • Стенд материалының құндылығы
  • Топ мүшелерін үйлестурі деңгейі
  • Барлығы 16 балл
  • Баға мынадай критерийлерді басшылыққа алады.
  • Әрбір қатысушы міндеттерінің айқындылығы
  • Топ мүшесінің басқа топ жұмыстарымен таныстығы
  • Топ мүшесінің жоба материалын баяндауы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет