Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (мектепшілік кезең) Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін



бет1/3
Дата29.03.2018
өлшемі450,33 Kb.
#39754
түріСабақ
  1   2   3
Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу

(мектепшілік кезең)

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін
Қазақ тілі

8 сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.

Жексеннің желімі

Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды, жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалімнің көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді.

Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені, оның қайшысы да, желімі де жоқ...

Бір кезде мұғалима апай қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен оның партасының отырғышына желім төгіп қойды. Жабысып қалып, күлкі болсын дегені.

- Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде.

- Жасаған жоқпын, - деді бұл.

- Апай, оның желімі, қайшысы жоқ, - деді Зағипа.

- Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай. – Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын.

Жексеннің жүрегі су етті. Әйтсе де амал жоқ, сездірмеуге тырысты. Отырды...

Сабақ бітті. Оқушылар у-шу болып, сыртқа шықты.

Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды.Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады.Шалбары отырғышқа жабысып қалыпты.
1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

1. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Мұғалімнің көзінше ұшақ жасады.

В) Зағипа мен Жексен өте тату болды.

С) Мұғалім апайды ынтамен тыңдады.

Д) Айдарды күлкілі жағдайға қалдырғысы келді.

Е) Еңбек сабағында Жексен жұмыс істеді.



2. Сөйлемдегі асты сызылған тіркестің мағынасына жақын нұсқаны белгілеңіз: Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап,мұғалімнің көзін ала бере, ұшырып жібереді.

А) қарамай тұрғанда

В) қарап тұрғанда

С) алған кезде

Д) айтқан кезде

Е) ескерткенде



3. "Жүрегі су етті" тіркесінің мағынасына сай сөйлемді анықтаңыз.

А) Қатты қуанды.

В) Тыныштық бұзды.

С) Қатты қорықты.

Д) Балаларды мазақтамады.

Е) Үндемеді.



4. Мәтінге сәйкес сөйлемді дұрыс аяқтаңыз: Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, ...........

А) тапсырма орындап отыр

В) ештеңе істеп отырған жоқ

С) мұқият тыңдап отыр

Д) жұмыс істеп отыр

Е) ешкімге кедергі жасамады



5. Мәтінге сәйкес мақал-мәтелді таңдаңыз.

А) Күн күркіресе, көп дүркірер

В) Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар

С) Жігіт адамға жетпіс өнер де аз

Д) Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз

Е) Біреуге ор қазба, өзің түсесің



2. тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.

Алтын жүзік

(Аңыз)

Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.

Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

- Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, -дейдi. Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жай жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғұс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:

- Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады.

2-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

6. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.

А) Батылдық

В) Қулық

С) Достық

Д) Жақсылық

Е) Сараңдық

7. Зергердің мінезіне лайық сөздерді табыңыз.

А) Жұмсақ, аңқау, ашықауыз, жуас

В) Мейірімді, батыл, бауырмал, азамат

С) Пысық, сөзшең, қорқақ, тұйық

Д) Қара жүректі, сараң, арам, қу

Е) Іскер, жауапты, адал, еңбекқор



8. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін мақалды көрсетіңіз.

А) Ішпес-жеместің малы ұрыларға бұйырады.

В) Ел боламын десең бесігіңді түзе.

С) Сараңның қолы қалтырауық.

Д) Піс қазаным бес ай.

Е) Сараң санға қосылмайды.



9. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) Кедей, алтын жүзік, тілек,зергер

В) Жұмыртқа, балапан, арам, адам, дүниеқоңыз

С) Зергер, құс, кедей, тілек

Д) Бүркіт, алтын, сиқырлы жүзік, көршілері.

Е) Бай,адам,құс, зергер.



10. «Кедей» сөзіне антонимді табыңыз.

А) Жомарт

В) Сараң

С) Ақылды

Д) Бай

Е) Сауатты.


Лексика –грамматикалық тест

1.Еңбек туралы мақал –мәтелді белгілеңіз.

А) Жері байдың -елі бай

В) Мектеп –кеме,білім теңіз.

С) Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.

Д)Отан үшін күрес –ерге тиген үлес.

Е) Ащы еңбектен –тәтті нан.



2.Синонимдер қатарын белгілеңіз.

А) қара, ақ

В) халық, ел

С) түс,қара

Д) үлкен,алыс

Е) тарих, кітап



3. Тек жуан буынды сөздер қатарын анықтаңыз.

А) Бүгін, мен, үй.

В) Сабақ, қала, тақырып.

С) Тіл, сөйле, көрік, кеме.

Д) Күнделік, дәптер, терезе.

Е) Мұғалім, шәкірт.



4. Дауыссыз дыбыстардың нешеге бөлінетінін белгілеңіз.

А) 5


В) 6

С) 7


Д) 4

Е) 3


5. Сандық ,күрек сөздеріне жалғанатын жұрнақтарды анықтаңыз.

А) –еке, -ке

В) –ша,-ше

С)-қа, -ке

Д) –дай, -дей

Е) –тың,-тің



6.-ау,-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалатын сан есімнің мағыналық түрін көрсетіңіз.

А) Реттік.

В) Болжалдық.

С) Жинақтық.

Д) Бөлшектік.

Е) Топтау.



7.Осы шақтың күрделі түрінде тұрған етістікті анықтаңыз.

А) Барармын.

В) Бара жатырмын.

С) Бармақшымын.

Д) Баратынмын.

Е)Барамын.



8. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.

А)3


В)5

С)6


Д)2

Е)4


9. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Сен орысша сөйлейсің

В) Ата-әкеңнің әкесі

С) Әкем жақсы біледі

Д) Ауылға қашан барарсың

Е) Жиен –қыздан туған бала



10. «Сұйық» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Төмен.

В) Қою.

С) Зор.


Д) Кеш.

Е)Аласа.


11.Жуан буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Кітап.

В) Дәстүр.

С) Сіңлі.

Д)Үлкен.

Е)Қамқоршы.



12. Қандай түбір екенін анықтаңыз.

Сыйлық.

А) Туынды түбір.

В) Негізгі түбір.

С)Қыстырма сөз.

Д) Қос түбірлі сөз.

Е) Біріккен сөз.



13. Етістіктің күрделі нақ осы шақ түрін табыңыз.

А)Жеген еді.

В) Салған шығар.

С) Бармақшы.

Д)Ойнап жүрген.

Е)Оқып отырмын.



14. Түбір мен қосымшадан тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Қарбыз.

В)Басшылар.

С)Айгүл.


Д)Мемлекет.

Е)Дәстүр.



15.Тәуелденген сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

А)Мынауың.

В)Ешкімді.

С) Бізбен.

Д) Менімен.

Е) Сендерге.



16.Тек қана тұраулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жалаң.

В) Жайылма.

С) Жақсыз.

Д) Толымсыз.

Е) Толымды.



17.Антонимі бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Нақыл сөздер- іші-алтын,сырты- күміс сөз төресі.

В) Нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүреді.

С)Нақыл сөздер-көп қырлы, көркемдік дәрежесі бай сөздер.

Д) Нақыл сөздерді бірнеше топтарға бөлуге болады.

Е) Нақыл сөздер – күрделі мәселелерді өте дәл жеткізетін қысқа шешендік сөздер.



18. Сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін белгілеңіз.

Үйдің үлкені де, кішісі де- осы.

А)Шектік.

В)Себеп-салдар.

С)Сұраулық.

Д) Ыңғайластық.

Е) Қарсылықты.



19.Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.

А) Бағыныңқы,басыңқы.

В) Жай, күрделі.

С) Лепті, хабарлы.

Д)Сұраулы, лепті.

Е) Бұйрықты, сұраулы.



20.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Біз серуеннен келдік.

В) Мұғалім айтқанда,ол шығарма жазды.

С)Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.

Д) Жаңбыр жауғанда ол үйден шыға алмады.

Е) Ол киім сатып алу үшін, дүкенге келді.



Жауап кестесі 8-СЫНЫП

1

Д




2

А




3

С




4

В




5

Е




6

Е




7

Д




8

В




9

Д




10

А




ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА

11

Е




12

В




13

В




14

Е




15

В




16

С




17

В




18

А




19

Д




20

В




21

Е




22

А




23

Е




24

В




25

А




26

А




27

А




28

Д




29

А




30

Е





9 сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.
Төрт мезгіл

(Ертегі)

Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың екі ұлы, екі қызы болыпты. Төртеуінің мінезі төрт түрлі екен.

Үлкені Қыс тентек, ашулы, қатал болған екен.

Одан кішісі Көктемгүл көңілді ашық, жарқын мінезімен, асқан сұлулығымен көрген жанның аузының суы құртыпты. Жүрген жерін майдай ерітіп, гүлжазираға, әсем әнге бөлейді екен.

Одан кішісі Жазгүлдің даңқы жайдары,салмақты мінезімен шығыпты. Жүрген жері думан екен. Бұл да мәрттіктен алдына жан салмапты.

Кенжесі Күз, ерке болып өскендікі ме, мінезі сылбыр, көңілшек болыпты. Болмашы нәрсеге өкпелеп, аузы бұртиып, қабағы түйіліп, көзінен бырт-бырт жас тамшылап шыға келеді екен. Бірақ бір жақсысы, қолы ашық, жомарт болыпты.

Жыл ақсақал төртеуін де өте жақсы көріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қағып, еркін өсіріпті.

Перзенттері де оны қатты құрметтеп, сыйлайды екен. Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.

- Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Оңды-солды таныдыңдар. Енді мен сендердің келешектеріне үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.

- Сонысымен үш ай кезекпен жұмыс істейтін боласыңдар. Ал, жолдарың 24 болсын! Бірақ та, бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар, - деді де, Жыл ақсақал орнынан тұруға ыңғайланды.

Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтықсыз қызмет етумен келеді.

1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары


  1. Мәтіннің негізгі ойын табыңыз.

А) Халыққа қызмет ету

В) Достықты бағалау

С) Ата – аналарды құрметтеу

Д) Білімге талпыну

Е) Уақытты үнемдеу.

2. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.

А) Тек өзіңді ойлауың керек.

В) Халыққа қызмет қылмау керек.

С) Ел үшін еңбек ету керек.

Д) Ақсақалды балалары құрметтемеді.

Е) Ақсақалдың үш ұлы, бір қызы болыпты.



3. Мәтіндегі синонимдерді табыңыз.

А) Тентек, қатал

В) Ашулы, көңілді

С) Жарқын, әсем

Д) Салмақты, сылбыр

Е) Құрметтейді, сыйлайды.



4. Ақсақалдың неше баласы болыпты?

А) 4


В) 2

С) 1


Д) 3

Е) 5


5) «Қызмет ету» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) служить

В) служба

С) работа

Д) служащий

Е) переводить




2-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.
Нартай мен Ертай

Көп ұзамай оқу уақыты болды. Ересек, үшінші, төртінші кластың балалары бұрынғыша қырман басында жұмыста қалды да, бірінші, екінші класта оқитын ұсақ балалар тегіс колхоз орталығына кетті.Тілеубай да Нартайды мектепке берді.

Нартай өзіннің жаңа ата-анасын оқу жылы бітіп, жер аяғы кеңіп, ел ойға өзен бойына түскен соң көрді. Ертаймен де осы кезде әрең табысты.

Қыс бойы сағынып жүрген, қыс бойы көре алмаған. Тіпті онкүндік кезінде де. Алыста бір қыстауда болды.Сондықтан бара алмады. Басқа бір бала барды. Үшінші класта оқитын ересек бала.Үйлері Ертайлармен бірге екен. Онкүндікте де, алтыкүндікте де барды. Ертайды көріпті. Кішкене ақ тон киіп алған дейді. Басына қаракөл малақай, аяғында сырма пимасы бар. Тентек дейді. Бірақ Нартай қайшымен жапырақтап қиылған газеттің бетіне салып жіберген аттың, қошқардың, текенің суреттерін алыпты. Қатты қуанған көрінеді. Ағама апарып бер деп екі бауырсақ беріп жіберіпті. Алтыкүндік демалыс кезінде Нартай сәлемдемеге ат үстіне мінген батырдың суретін жіберді. Ертай бір бауырсақ беріпті. Шеті кішкене тістелген. Жаңа ақ киізден тігіп жасалған портфелінің түбіне сап қойды. Ертайды қатты сағынған кезде алып көретін. Ақыры жазға салым ұзақ күндердің бірінде сабақ соңынан жеді.Тас болып қалған екен, тісі өтпей, көп кемірді.

Інісі суреттерді жоғалтпапты. Бірақ денесі іріленгені байқалды. Ит қосады.Тас лақтырады.Тек Нартайға ғана оғаш мінез көрсетпейді. Ертаймен далада, ойын басында ғана кездеседі.Оны өші кеткен, қарымта қайтарғысы келген балалардан қорғаштап жүреді. Бірақ кіп-кішкентай Ертайдың өзі ешкімге есесін жібермейтін. Ештеңеден қорықпайтын.

Көктемде соғыс бітті. Жұрт қуанған. Мәре –сәре болған. Көпшіліктің қабағы ашылды. Кейбіреулері тіпті, той жасады.


2-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

6.Мәтіннің негізгі ойы:

А) Балалардың өмірі.

В) Балалардың жаңа отбасы.

С) Адамдардың қайғысы.

Д) Соғыс кезіндегі қиыншылық.

Е) Бала бақыты.



7. Нартай інісіне қандай қамқорлық жасайды?

А) Ұйықтатады, ертек айтады.

В) Ересек балалардан қорғаштап жүреді.

С) Тамақ береді,киімін кигізеді.

Д) Ақыл айтады, сурет салуды үйретеді.

Е) Оқу оқытады, жазу жазғызады.



8.Нартай мен Ертай бір-біріне кім?

А) Тетелес.

В) Дос-жаран.

С) Құрбы-құрдас.

Д)Аға-іні.

Е) Ауылдас.



9.Мәтіндегі оқиға қай кезде болған?

А) Ашаршылық кезінде.

В) Көне заманда.

С) Соғыс кезінде.

Д) Қазіргі заманда.

Е) Кеше.



10.Ертай қандай бала?

А) Ештеңеден қорықпайды, ешкімге есесін жібермейді.

В) Ерке, шолжаң, ағасына көп еркелейді.

С) Ақылды, көркем шығарманы көп оқиды.

Д) Жалқау, мақтаншақ, көп сөйлейді.

Е) Қорқақ, көрші баламен келіспей қалады.


Лексико –грамматикалық тест

1. «У» дыбысы жіңішке болып келген сөзді анықтаңыз.

А) Тау.


В) Кіру.

С) Жабу.


Д) Болу.

Е) Қуаныш.



2. Ашық буынды қатарды табыңыз.

А) Алма.

В) Қала.

С) Қос.

Д) Атшы.

Е) Ет.


3. Буын үндестігі сақталған сөзді белгілеңіз.

А) Мейірбандық.

В) Данагөй.

С) Айтыскер ақын.

Д) Жүректілік.

Е) Ақбілек.



4.Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Бұл ойды мен өсірген емеспін.

В) Сен өсіріп сөйлеме.

С) Баласы өсті.

Д) Өсу жолы - бұл емес.

Е) Халық санасы өсуде.



5. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Ыстық-қапырық.

В) Ымырт –іңір.

С) Істеу-жасау.

Д) Ылди – өр.

Е) Малу-батыру.



6. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.

В) Кәрі тарих – кәрі шежіре.

С) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.

Е) Үйдің іші ала көлеңке.

7. Туынды сөзді табыңыз.

А) Ақылды, білім

В) Мектеп,сабақ

С) Мейірім, арман

Д) Әдемі, сұлу.

Е) Кітап, дәптер.



8. Бірыңғай күрделі сөздер қатарын табыңыз.

А)Күздігүні, дала

В) Жолсерік, той-домалақ.

С) Жалғау, Әліпби.

Д) Фотосурет,қалам.

Е) ҚазТАГ, балалық.



9. Күрделі көмекші есімді сөйлемді белгілеңіз.

А) Қарлығаш –шебер архитектор.

В) Нәрсенің сәніне қызықпа, асылы мәнінде болар.

С) Адам ірілігі бар сипат емес, сан сипат қасиетімен құралады.

Д) Артымда аға дейтін іні барда,

Мен қалай ұсақ болам,ірі болмай.

Е) Ұяның іші-сырты , кіре-беріс аузы - бәрі шебер зергерлердің соққан жүзігіндей, тап-тұйнақтай болады.

10. Сын есімдердің ішіндегі күшейтпелі шырайды табыңыз.

А) Қысқалау.

В) Ұзындау.

С) Үп-үлкен.

Д) Қысқа.

Е) Үлкенірек.



11. Жинақтық сан есімге тән жұрнақты табыңыз.

А) -дай,- дей,-тай, -тей.

В) –ау,-еу.

С)- ыншы, -інші.

Д) –тан,-тен, -дан,-ден.

Е) -лық, -лік, -дық, -дік.



12. Жалпылау есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

А) Ғаламшар.

В) Шығыс елі.

С) Жер беті.

Д) Бүкіл әлем.

Е) Дүние жүзі



13.Еркін тіркескен сөздердің құрлымдық схемасын анықтаңыз.

Асықпай сөйле.

А) Етістік-көмекші етістік.

В) Көсемше –етістік.

С) Зат есім- етістік.

Д) Етістік –зат есім.

Е) Етіс- көмекші етістік.



14.Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.

А) Гүрс.


В) Маймаң.

С) Қарқ.


Д) Тарс етті.

Е) Қыңқ.


15.Көңіл- күй одағайын табыңыз.

А) Бірі жылжып барады, бірі мөңкіп.

В) Әйтеуір, есіп жүргенмін,

Өмірді кешіп жүргенмін.

С) О;Муза! Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.

Д) Әке, сенің өміріңді жалғамасам,

Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!

Е) Сырласым -ау, сырымды ұқсын кім менің?



16.Демеулік шылаулы сөйлемді табыңыз.

А) Қызылбалақ оқыстан дүр –дүр сілкініп қалды.(ды).

В) Сен досың(ды) кездестірдің.

С) Кезіксе, бірен-саран аңшыға ғана кездесуге бола(ды).

Д) Жолшыбай аптап ыстық еңсемізді көтертпей қойған(ды).

Е) Ол ескерткен (ді) жек көре(ді).



17.Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз.

А) 4.


В) 3.

С)5.


Д)2.

Е)1.


18. Бірыңғай анықтауыш қай сөз табынан, анықтаңыз.

Сүйеу – ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал.

А) Зат есім

В) Сан есім

С) Сын есім

Д) Етістік

Е) Есімдік

19. Қаратпа сөздің қандай түрде келгенін анықтаңыз.

Батырым –ай, оқ өтпесім-ай, найзагерім –ай, сені де көретін күн болады екен-ай!

А) Бірыңғай тұрақты тіркес

В) Сөз тіркесі

С) Бірыңғай жеке,шылаулы сөз

Д) Күрделі тіркес

Е) Қос сөз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет