Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші, бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші туралы түсінік беру.
Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды
қалай орындағандарын тексеру.
1.Гук заңы қалай тұжырымдалады?
2.Серіппе қатаңдығы деп нені айтады?
3.Қатаңдық бірлігі қандай?
4.Серпімділік күшінің пайда болу себептерін түсіндіріңдер.
5.Динамометр деген не?
6.Динамометрлердің жұмыс істеу припципі қандай?
“ Ой қозғау” Жаңа сабақ.
Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.
Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің тең әрекетті күші деп аталады.
Егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші де солай қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің қосындысына тең: FR=F1+F2
Егер денеге қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші көбірек түсірілген күш жағына қарай бағытталады және осы күштердің мәндерінің айырмасына тең: FR=F1-F2
Егер денеге мәндері бойынша тең, ал бағыттары қарама-қарсы екі күш әрекет етсе, онда олардың тең әрекетті күші нольге тең болады, яғни FR=0
“Ой түйін “ сабақты бекіту есептер шығару.
11-жаттығу.
1. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: F1= 50Н; F2= 100Н; F3= 150Н. Олардың теңәрекетті күші неге тең?
2. Дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі қүштің шамасы модуль бойынша 3 Н және 5 Н. Неліктен олардың теңірекетті күші 8 Н және 2 Н болуы мүмкін екенін түсіндіріңдер.
Төменде берілген массасы m білеушеге әрекет ететін екі күштің шамалары мен бағыттары бойынша олардың теңәрекетті күшін аңықтаңдар. Ол күш қай жаққа қарай бағытталған?
A).
. F1= 10Н; F2= 10Н;
Ә).
F1= 3 Н; F2= 8 Н;
Б).
F1= 20 Н; F2= 50 Н;
В).
F1= 5 Н; F2= 15 Н;
4. Денеге бір түзудің бойымен үш күш әрекет етеді: F1= 6 Н; F2= 3 Н; F3= 9 Н. Теңәрекетті күші неге тең? Бұл есептің дұрыс төрт жауабы болуы мүмкін.
1.
2.Үйкеліс не себептен пайда болады?
.
2.
3.Үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер?
3.
4.
Өзін-өзі тексеру сұрақтар.
1.Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?
4.Үйкелісті қалай азайтуға болады?
.
Карточкамен жұмыс
№1 К. 8 кг керосин сиятын құтының көлемі неге тең?
№2 К. 6 Н күш әсер еткен кезде 12см ұзарған серіппенің қатаңдығын тап.
№3 К. Массасы 300г білеушенің өлшемі 15*5*2 см . Білеуше жасалған заттың тығыздығын анықта.
.
Қорытындылау.
1.Қандай күшті теңәрекетті күші деп айтамыз?
2.Бір түзулердің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең?
3.Бір түзулердің бойымен қарама қарсы жаққа бағыттылған екі күштің теңәрекетті күші неге тең? Ол күш қай жаққа қарай бағытталады?
4.Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтіріңдер?
.
Үйге тапсырма:
§29. 11-жаттығу. №4.
Назарларыңызға рахмет!
Қосымша 1. Дидактикалық қосымша материалдан есеп шығару
№1 12 Н күш әсер еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын тап.12:0,04=300
№2 Болаттан жасалған серіппе 120 н күшінің әсерімен 15 мм –ге ұзарады, серіппенің қатаңдығы қандай? 120:0,15=800