Оқушының шығармашылық қабілеті арқылы
коммуникативтік құзіреттілігін дамытып, көптілді тұлғаны қалыптастыру
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.[7]
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады
2. Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады
3. Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады
5. Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады
6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады
7.Ойын әдісі–оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу - білік дағдыларын қалыптастырады.
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады
Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі
Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», – деген.Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», – дейді.
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады
Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.
Тақырыптар түрі сан алуан: «Бүгінгі күннің ең қызықты сәті».
«Қазір мен не ойлап отырмын?»
«Мен білетін адам».
«Менің хоббиім».
«Мен ұнататын нәрсе».
«Мен ұнататын аң».
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Соңғы нәтиже сипатында, мектеп түлегінің білімділігі үлгісін құруга болады.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;
басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы
керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын, тақырыбын, мазмұнын және түрін анықтау және әлеммен, баланың өмірлік тәжірибесімен байланыстыру қажет.
Бастауыш білім деңгейіндегі шет тілін оқытудың мақсаттары төменгі сынып оқушысы тұлғасының қалыптасуынан және оның тұтастай дамуынан, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуынан, нақты бір тақырыптық минимум шеңберіндегі сөйлеу ниетін іске асыру үшін төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерінің дамуынан тұрады.
Оқыту мақсаттарының объективті көрінісі ретінде оқыту міндеттері төмендегі әрекеттер арқылы іске асырылады:
-шет тілінде сөйлейтін/жазатын адамдармен өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілі туралы түсінік қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәтіндер арқылы жаңаны танып білу;
-оқушылардың жеке, жүйелік-қызметтік және коммуникативтік әмбебап оқу әрекеттері жүйесін меңгеру арқылы, өз оқу қызметін ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру.
Шынайы қарым-қатынас жағдайына, ағылшын тілін меңгеру үдерісін жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде тәрбиелік оқу, белсенділік принципі, көрнекілік принципі, жүйелілік және дәйектілік принципі, игеру беріктігі принципі, қолжетімділік принципі, даралану принциптері сияқты дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған маңызды.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарлы нәтижесіне қол жеткізу үшін, оқу үдерісін жоспарлау кезінде де, оқу материалын азайту кезінде де, іске асырылатын келесі әдістемелік принциптерді жетекшілікке алу қажет: оқытудың коммуникативтік принципі, материалдың оқиғалық-тақырыптық ұсынылуы принципі, функционалдық принцип, кешендік принципі, саралаушылық принципі, концентризм принципі.
Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар – белсенді лексика және белсенді грамматикалық материал арқылы коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлік құралдары–лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары микрожүйесінің нақты тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады. Саралаушылық принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлінген бір мәтіндегі жаңа сөздердің функционалдық- семантикалық берілу тәсілдерін, көрнекілік құралдарына арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуіндегі жаңа сөздерді белсендіруді (белгілі бір тақырыптық кеңістік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз ететін жүйе ретінде бекуі тиіс. Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқиғалы пайдалану тәсілдерімен, сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру тәсілдерімен сипатталады.
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаңа саясатқа кірудің басты кілті», - деп елбасымыз айтқандай қазіргі таңда еліміз шетелдермен саяси- әлеуметтік және мәдени қарым-қатынас жасау үстінде. Осыған орай қазіргі заман мектебі де түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Оқушы өзін жан-жақты дамыған, шығармашылығы мол, өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде көрсетуі тиіс. Сол себепті оқушы бірнеше тілді меңгеруге тиіс.
Ағылшын тілін оқыту үрдісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор. Әсіресе, қазақ және орыс тілдерінің байланысы ерекше орын алады. Бұл тілдердің басты мақсаты – оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың бойына қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және қарым-қатынасты дамыту. Осыған орай оқушылардың бойына бағдарлама талаптарына сай іскерліктерді қалыптастыру. Ағылшын тілінің мұғалімі оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында уақытты үнемдейтін қызықты әдіс-тәсілдерді пайдалануы жөн.
Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, коммуникативті құзіреттілігіне байланысты.
Дарынды оқушының шығармашылық жұмыста қабілетін, белсенділігін дамыту
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет– оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Шығармашылық– бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.
Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның айналасын танып білуге жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетке көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Балаларды оқытуға зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде.
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады.
Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жақын аямай еңбек ету қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру қажет. Алдындағы жетістіктеріне құптаушылық көрсетіп, сезім күйін бақылап, қамқорлық жасай білу керек. Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға проблема қойып оны шешуге ықпал жасап отыру маңызды. Сабақ беру үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет. Шығармашылық жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар беру қажет. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады.
Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың «Оқытудың ұш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор болғандықтан өз іс тәжірибеде қолдануға болады. [9, 58-75б]
Ағылшын тілінен окушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі үзіліссіз дамытуды көздеген келесі жұмыстар құрылыммен іске асады.
Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті;
Жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері (I, II, III деңгей);
Тест тапсырмалары;
Өзіндік жұмыс;
Қатемен жұмыс;
Көп деңгейлікті бақылау жұмысы;
Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау.
Қазақстан Республикасы” Білім туралы” Заңында ”Білім беру жүйесінің басты міндеті-жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту” деп атап көрсетеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.
Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар.
«Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет’’.
Оқушының дарындылығының даму, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Ұстаздың алдында қолын созған, өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді зерттеу ғана емес, сондай - ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден орын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсінуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тапсырма қосымша сабақтар өткізу, сабақта қызығушылығын арттыру, кесте толтыру, бақылау жұмыстарын әр тақырып бойынша өткізу, тест дайындығын үйрету. Өзін - өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін - өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзін - өзі бағып алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылықпен ізденіс керек.
Дарынды балалардың танымдық әрекетінің даму ерекшелігі төмендегідей:
Білуге деген құштарлығы.
Ойлау қабілетінің жоғарылылығы.
Терең ойлауы.
Жаңа ой тудыру қабілеттілігі.
Ассоциацияға жеңілдігі.
Болжамдылық қабілеті.
Зейіннің жоғарылығы.
Өте жоғары есте сақтау мүмкіндігі.
Қызығушылығы мен қабілеттілігі.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
«Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» деп психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталған: 1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді. 2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады. 3.Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады, 4.Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.сонымен қатар қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға, конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейе түседі- деп шебер жеткізе білген.
Оқушылардың шығармашылық дарындылығынын даму деңгейлерін 3–ке бөлген. Олар: 1.Креативті деңгей, өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық ынтасы болумен сипатталады. 2.Интегративті деңгей, шығармашылық қызығушылығы жеткілікті, кез-келген жұмысты жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылады, ой-өрісінің ұшқырлығын көрсете алады. 3. Когнетивті деңгей, танымдық қызығушылықтары басым болғанымен, өзін-өзі үнемі дамытуға ұмтылмайды, шығармашылық іс-әрекетке қабілеттілік танытқанымен, оны үнемі қадағалауды, бағыт-бағдар беруді қажетсінеді. Сонымен қатар тағы бір еңбекте, дарынды балалар-жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға) байқатқан балалар және деадам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді делінген.Оқушының өзіндік ерекшелігі мен іс-әрекет белсенділігіне қарай төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де біртіндеп іріктеліп, шығармашыл тұлға қалыптаса бастайды. Мәселен,белгілі психолог Н.Лейтес оқушы бойындағы негізгі қасиеттер мыналар деп көрсетеді: 1.Ұқыптылық, жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы; 2.Ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу; 3.Барлық күш-қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.
«Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» деп психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталған: 1. Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді. 2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады. 3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады, 4.Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.сонымен қатар қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға, конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейе түседі- деп шебер жеткізе білген.
Сонымен «дарынды деген кім және оның ерекшеліктері қандай?» деген сұраққа жоғарыда айтылған ғалымдарымыздың еңбектерін қорытындылай келіп, «Дарынды бала»дегеніміз-алдына мақсат қоя білетін, оны дұрыс болжай алатын, оның нәтижесіне көзі жететін, жан-жақты ойлана отырып бір тоқтамға келетін, өзіне сенімді, шығармашылықпен жұмыс жасауда биіктерден көрінетін, адамгершілікті жоғары қоятын, ерекше тұлға деп түсінемін. Ал оның дарынды оқушының ерекшелеліктеріне тоқталатын болсам, олар 1. Ойлау шеберлігі, 2.тұлғалық жеке қасиеттері. 3. Өмірге деген көзқарасы мүлдем өзгеше, қабілетті тұлға. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бала-ертеңгі азамат. Оны тәрбиелеп, биік шыңдарға жеткізу, мемлекеттің мүддесіне өзі жететіндей етіп қалыптастыру педагог қауымының бірден-бір мемлекеттік үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: |