СӨЖ тақырыбы № 1. Баланы отбасында тәрбиелеу. Тапсырмалар: 1. «Отбасы компоненттері тәрбие факторы ретінде» тақырыбына реферат дайындау.
2. Мақалдарға сараптама.
- Отбасы дәстүрлері көрсетілген бірнеше мақалдарды жазып алыңыз, оның ішінде қайсысы қазіргі уақытта қолдануға келеді, қайсысын ескірген деп есептейсіз ашып көрсетіңіз.
3. Конспект құру.
Отбасындағы кешірім және жазалаудың педагогикалық ережелерін көрсетіңіз
- «Авторитарлық» және «авторитет» түсініктерін салыстырыңыз.
Негізгі әдебиет: [7-8]
Қосымша әдебиет: [1-6]
Электронды әдебиет: [3-4]
СӨЖ тақырыбы № 2. Педагогикалық мәдениетті көтеру жолдары. Тапсырмалар: 1. Ережелер.
- Ата-аналарға «Жалғыз баламен өзіңді қалай ұстау керек» тақырыбында ереже дайындаңыз .
2. Конспект дайындау.
- Ата-аналарды педагогикалық ағартуды жетілдіру үшін ұсыныстар дайындаңыз
Негізгі әдебиет: [1,7]
Қосымша әдебиет: [1-6]
Электронды әдебиет: [1-2]
СӨЖ тақырыбы № 3. Мұғалімнің төменгі сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу формалары мен әдістері Тапсырмалар: 1. Ата-аналарға дәріс.
Ата-аналарға арналған дәріс дайындаңыз (тақырып қалауы бойынша).
2. Ата-анамен жазба жұмыс.
Ата-анамен жазба жұмыс формасын қолданыңыз (мереке жайында, баланың тәртібі туралы және т.б.).
3. Ата-аналар жиналысының жоспары.
«Мені қайда болсын, қашан болсын, қандай қиындықтардан болсын сақтайтын отбасымның болғаны қандай жақсы» тақырыбына ата-аналар жиналысының жоспарын құрыңыз.
4. Жұмыс жоспары.
- Мұғалімнің ата-аналар комитетімен жұмыс жоспарын әзірлеңіз.
Негізгі әдебиет: [5,7,8]
Қосымша әдебиет:[1-7]
Электронды әдебиет: [6-7]
СӨЖ тақырыбы № 4. Отбасындағы тәрбие істері Тапсырмалар: 1.Пікірталас.
- Бос уақыт және оның отбасындағы тәрбиелік рөлі.
- «Отбасы-адам тәрбиесінің бесігі» сөзін түсіндіріңіз.
- Балалар ата-аналарына әсер ете алады ма және оларды өзін-өзі тәрбиелеуге итермелей алады ма? Дәлелдеңіз.
- Сіздің отбасында тәрбие жұмысы қалай жүргізілетіні айтыңыз.
- Төменгі сынып оқушыларының өміріндегі ойынның рөлі.
2. Ата-аналардың төменгі сынып оқушыларымен бос уақытта өткізетін 2-3 (интеллектуалды) ойынды таңдап алыңыз.
- Ойын мазмұнын ашыңыз.
Негізгі әдебиет: [7-8]
Қосымша әдебиет:[1-6]
Электронды әдебиет: [3-4]
СӨЖ тақырыбы № 5. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері
Тапсырмалар: 1.Отбасын сахналау.
- Отбасы типтерін атаңыз.
- Отбасы типтерінің біріне жоспар-сценарий сахналаңыз.
2. «Дөңгелек стол» басындағы әңгіме.
- Бала мектепке бірінші рет келгенде нені уайымдайды?
- Атаомыш жағдаяттағы мұғалімнің рөлі қандай (мұғалім мен оқушыға тән қатынас)?
- Мұғалім мен оқушының қандай өзара қарым-қатынасын атай аласыз?
3. Хабарлама.
Төменде берілген сұрақтар бойынша хабарлама дайындаңыз:
- Мұғалім міндеттерін атаңыз.
- Ата-аналардың мұғалім аолдында міндеттері бар ма? Қандай?
- Педагогтың ата-аналарды оқытудағы қиындықтарын атаңыз.
- Педагогтың ата-аналарды оқытудағы қиындықты шешудің қай нұсқасын өзекті деп ойлайсыз?
Негізгі әдебиет: [3,8]
Қосымша әдебиет:[8-12]
Электронды әдебиет: [3-4]
СӨЖ тақырыбы № 6. Ата-аналармен қарым-қатынастың дәстүрлі емес түрлері. Тапсырмалар: 1.Пікірталас.
- Ата-аналармен қарым-қатынастың дәстүрле емес түрлерін атаңыз.
- Ата-аналармен қарым-қатынастың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін салыстырыңыз.
- Жоғарыда аталған түрлердің айқындығын атаңыз. Оларда не ортақ несімен өзгеше?
- Ашық сабақтар қандай мақсатта жүргізілетіні айтыңыз? Олар мұғалімге қандай ақпарат береді?
- Ата-аналар үшін жеке тақырыптық кеңестер өткізу өлшемдерін атаңыз.
2. Хабаолама.
Педагогикалық жағдаятты қарастырыңыз, сұраққа жауап беріңіз.
- Сізді жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбына сынып жетекшісі етіп тағайындады. Ата-аналармен байланыс жасау үшін сіз не жасайсыз?
Негізгі әдебиет: [8-27]
Қосымша әдебиет:[10-15]
Электронды әдебиет: [3-4]
СӨЖ тақырыбы № 7. Отбасындағы тәрбие жұмысы.
Тапсырмалар: 1. «Отбасылық дәстүрлер және баланың еңбектенуге қабілеті» тақырыбындағы рефератты талқылауға қатысу.
2. «Ата-ана мен бала арасындағы алшақтықты жою» тақырыбындағы рефератты талқылауға қатысу.
«Бала тәрбиесіне қамқорлық - ата-аналардың конституциялық міндеті» тақырыбындағы рефератты талқылауға қатысу.
Негізгі әдебиет: [6-7]
Қосымша әдебиет: [1-6]
Электронды әдебиет: [3-4]