Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің! Бекзат
Уа, Еркіндік,
қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да! Шапағат
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!? Нурасыл
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! Раббия
Айтатын елге сөзім бар,
Жақсыны көрер көзің бар.
Тәуелсіз елдің жемісін,
Тойлайтын міне кезің бар.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік,
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектің күшімен,
Келгендігін жас ұрпақ
Ойлайтұғын күн бүгін.
Тәуелсіздік тәуелсіздік
Атамыздың арманы.
Бабамыздың ардағы.
Тәуелсіздік таңдарын,
Тойлайтұғын күн бүгін.
Қ-сы. Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Ата-баба алдында,
Ақталатын күн бүгін.
Мақтанатын күн бүгін,
Шаттанатын күн бүгін.
Мәңгі -бақи жүректе,
Сақталатын күн бүгін.
-2-
Е-е-е-ей,
Бүкіл әлем мойын бұр,
Айтатұғын ойым дүр.
Халық болып тойлайтын,
Қазыналы тойым бұл.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік,
Қыран құсы қалықтап,
Құт, қасиет, дарып бақ,
Арттан ерген жас ұрпақ,
Ту алатын күн бүгін.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік,
Ұландары ер жүрек.
Көк байрағы желбіреп,
Барша халқы елжіреп
Қуанатын күн бүгін.
Достарыңызбен бөлісу: |