Байланысты: қазіргі білім берудегі тех. мұгалімнің қузіретттілігі
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді.
Педагог кадрлардың кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықталды. Осыған орай қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда мына міндеттер жүктеледі:
Өзінің кәсібіне деген қызығушылығын арттыру,
Өзін кәсіби маман ретінде сезіну
Педагогикалық біліктілігі сауаттылығы
Педагогикалық үдеріс теориясын өз тәжірибесінде пайдалана алуы,
Бастауышта оқытылатын пәндердің теориялық білімділігі,
Шығармашылық қабілетінің болуы,
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру, пәндерді оқытуда компьютерді пайдалана алуы,
Өзінің педагогикалық жетістігі мен кемшілігін бағалай алуы.
Нәтижені пайымдай білуі.
Жалпы білім беруде мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру бастуыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік бейімделуінің табыстылығы жақсы ұйымдастырылған әдістемелік көмек, теориялық семинарлар, педагогикалық оқулар т. б. әдістемелік іс- шараларға байланысты. Соған сәйкес мектептерімізде мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыруда төмендегідей шаралардың жүзеге асырылуын назарда ұстау керек:
· Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін диагностикалау.
· Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеруін болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, оларға үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек беру, бұл жұмысты білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен және білім қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру институтымен бірге үйлестіру.
· Оқыту үдерісіне оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу бағытында іс-шаралар ұйымдастыру;
· Білім беру мекемелерінде педагогикалық тәжірибені анықтау және бағалау. Аудан көлемінде білім беру жүйесін дамыту мақсатында педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату
Бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс жеке және топтық түрде жүргізіледі: кеңес беру, сабақ, сабақтан тыс шараларды сараптау, сынақ ұйымдастыру, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік отырыстарын, ғылыми-практикалық конференцияларды, педагогикалық тәжірибе мектептерін, кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру.
Бастуыш білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде жаңа педагогикалық технологияларды қарастырамыз, Соған орай 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында құзыреттілікке бағытталған білім берудің теориялық-тұжырымдамалық және нормативтік негіздерін талдау негізінде теориялық семинарлар, құзіреттілікке бағытталған сабақтар откізу және баяндама, тренингтер жүргізудің маңызы зор.