«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу бойынша ақпарат



Дата12.06.2023
өлшемі2,23 Mb.
#178681
Байланысты:
Ару қыздар сайысы
7, Внеклассное мероприятие по русскому языку для 5 классаааа, №3 Бөліп шығару тарауына жиынтық бағалау-1, Директор, ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ газетке мақала, Жулд Галактика тур малимет, 4 класс 3 четверть, sil ginetika 20.10. 2023docx































Мектеп жаңалықтары


2014 жылғы 3 және 12 ақпан аралығында жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай №3 мектеп-гимназиясынд «Өзін –өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті

«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу бойынша ақпарат

2017 жылғы 3 және 12 ақпан аралығында жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай №3 мектеп-гимназиясында «Өзін –өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті.
Онкүндік мақсаты: қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, балаларды мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту.
«Өзін-өзі тану» онкүндігін 3 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі М.К.Бакина ашты. М.К.Бакина онкүндік басталғаны туралы айтты, іс-шара жоспарымен таныстырды және оқушыларды онкүндік іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды. С.А Назарбаеваның өмірбаянымен таныстырды және құттықтау сөзін оқыды. Өлеңдер оқылды, әңдер айтылды

3 және 12 ақпан аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептің үшінші қабатында онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары, С.А.Назарбаева туралы ақпарат пен балалардың шығармашылық жұмыстары орналасқан стенд безендірілді.
Б.К.Салкимбекова –мектеп кітапханашы кітапханада С.А.Назарбаеваның қайырымдылық қызметі туралы «Алтын жүрек анамыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Өзін-өзі тану» жоба авторының жұмыстары ұсынылды. Балалар Сара Алпысқызы туралы кітаптарды оқып, еңбектерімен танысты. Мектепте онкүндік барысында «Мейірімділік жолымен жүр» атты шығармашылық байқаулар өтті.
Сурет мұғалімі ұйымдастырған көрмеде балалардың күн жылуымен, махаббат және бақытпен безендірілген сүреттер, қолдарымен жасалған бұйымдар ұсынылды.
Онкүндік шеңберінде балалар сүреті, қолдан жасалған бұймдар, шығармалар, «Мейірімді ана» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайыстары жарияланды.
1-7 сыныптар арасында өткен «Ең үздік портфолио» байқауына 60 портфолио ұсынылды. Бастауыш сынып оқушыларының партфолиолары жүйелілігімен ерекшеленеді, орта буын оқушыларының портфолиолары түрлі жұмыстармен, басқаларға ұқсамайтындылығымен және даралығымен ерекшеленеді.
Өзін-өзі тану мұғалімдері және оқушылар «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы» және «Барлығы махаббаттан басталады» тақырыбында стенд безендірді. Стендте байқауға қатысушы балалардың барлық шығармашылық жұмыстары орналастырды. Рухани құндылық үйі құрылды. Сынып жетекшілер мейірімділік, махаббат және рақымшылық тақырыптарында тақырыптық сынып сағаттарын өткізді



Онкүндік барысында өзін-өзі тану мұғалімдері А.П.Алиакпарова, Ю.Ф.Попова, Л.В.Зорина «Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ», «Дорогу к знаниям,ищет человек», «Сила мысли и слова», «Сабырлық пен ұстамдылық» тақырыптарына ашық сабақтар өткізді.
Қалалық сурет, мәнерлеп оқу және «Рахмет, ана!» атты шығарма байқауына қатысты. Ең үздік шығармаларды жазған оқушылар: Гараев Тимур, Ложкина Маша, Калиева Гульмир және басқалары, ең үздік портфолиоға, газетке, слайд-тұсаукесерге байқаулар өтті. 10 Б сынып оқушысы Стручков Влад және оның командасы мектеп бойнша сұхбат жүргізіп, бақыт туралы бейне фильм түсірді.
Республикалық «Қамқорлық» акциясы шеңберінде 1-11 сынып оқушылары арасында «Мейірімдік жолымен жүр» атты акция өткізілді. Ең үздік сыныптар: 10б, 6д, 3б, 5д.
Психолог - мұғалімдері Л.А.Вишневская мен Ж.Жақыпбекова 5-9 сынып оқушылары арасында рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған тренингтер өткізді.
Онкүндік жабылуына және қорытындыларды шығаруға арналған гала-концерт өткізілді, онкүндікке белсенді қатысқан барлық оқушылар «Махаббатқа толы жүрек» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды.

,0


Қорытындылар мен ұсыныстар: «Өзін-өзі тану»пәнінің онкүндігі тиісті деңгейде өтті, онкүндік шеңберінде өткен қалалық және мектептік іс-шаралар рухани-адамгершілік тәрбиеге бағытталған болды, балалар осындай іс-шараларға қызуғышылық танытты. «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерінің жемісті еңбегін атап айтуға болады: А.П.Алиакпарова, Ю.Ф.Попова, Л.В.Зорина, кітапханашы Б.К.Салкимбекова және «Өзін-өзі тану» пәнінің ӘБ жетекшісі М.К.Бакина












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет