Ергелді Есдәулет
ЖАҢА ӨМІРГЕ
МОТИВАЦИЯ
Алматы, 2021
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84(5Қаз)
Е 78
Есдәулет Ергелді
Жаңа өмірге мотивация - Алматы: Дария баспасы,
2021. -144 б.
ISBN 978-601-06-7872-9
Адам баласының үнемі жетіліп отыруы, алға жылжуы өте
құптарлық іс. Алдына үлкен мақсат қойып, оған талпынуы адам
өмірін баянды етеді. Асқақ арманмен өмір сүру ғұмырдың мәнін
арттырады. Адамның діттеген мақсаты биік болған сайын аян-
бай тер төгіп, тынбай еңбек етуді қажет етеді. Аңсаған арманы
алыс болған сайын сондай ерік-жігер, күш-қайрат керек. Адам-
ның шынайы құны оның арман-мақсаттарымен анықталады.
Осы кішігірім кітапшамызда бұл мәселені түрлі қырынан ашуға
тырысамыз. Бұл кітап осы тақырыпқа қызығушылық танытқан
барша оқырманға жалпылай арналғанымен, өмір кітабын па-
рақтауды енді бастаған жастар мен жасөспірімдерге жекелей
бағытталған. Кітап кіріспесінде аталған мақсаттардың бәріне,
тым болмаса біріне жетуіңізге септігіміз тиіп жатса осы кіші-
гірім еңбегіміз өз жемісін берді деп есептейміз. Кітаптан өзіңіз
іздеген мотивацияның сарқылмас көзіне қарай бағыт-бағдар та-
басыз деген үміттеміз
ISBN 978-601-06-7872-9
© «Дария» дамыту орталығы, 2021
© Есдәулет Ергелді, 2021
Достарыңызбен бөлісу: |