Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Механика-математика факультеті
«Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны,
«Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМҚ – да
өткен өндірістік практика бойынша
Есеп
Практика жетекшісі: Уаисов А.Б.
Студент: Жиенбай Аида
Алматы 2021
Мен, Механика -Математика факультетінің «5В060100-Математика»
мамандығының 3курс студенті Жиенбай Аида, өндірістік практиканы
«Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМҚ да
өттім.
Практиканың бірінші күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және
есептеуіш технологиялар институтының директоры Мамырбаев .О Ж
ағаймен жолықтық. Бізге Мамырбаев О.Ж ағай практиканың өту барысымен
таныстырды. Екінші күні институттың жоғары дәрежедегі
білікті мамандары бізге өз жұмыс барысындағы тәжірибелермен бөлісті.
Жетекшіміз Уаисов А.Б. ағай студенттерге алдағы уақытта берілетін
тапсырмаларды, оларды қалай орындау керектігін және қандай
тапсырмаберілетіндігімен таныстырды. Олар Latex программа жүйесі және
Scopusдеректер базасында жұмыс істеу. Latex-те кітапханаларды құрып,
солпрограммада орындалатын командалармен таныстық. Latex-те қалай
жұмысістеуді біліп алғаннан кейін, Туленов Қанат ағайдын «OUTER
OPERATORS FOR THE NONCOMMUTATIVE SYMMETRIC HARDY
SPACES
ASSOCIATED
WITH
FINITE
SUBDIAGONAL
ALGEBRA
»мақаласынан
ағай бөліп берген тапсырмалар бойынша жұмыс
істепбастадым. Және келесі тапсырма Scopus, Web of Science сайттарымен
жұмысжасау болды. Осы сайттардан берілген ғалымның аты-жөні бойынша
мақала, публикация еңбектерін іздеп, презентация жасау. Маған Төребек
Берікбол ағай берілді. Ол ағайдың 62 мақаласы жарияланыпты. Және де мен
соңғы апталардамақалаларынLaTeX -та тердім.
Практика өту барысында LaTeX-тегі негізгі кітапханалармен, арнайы
символдармен таныстық, параметрлермен жасалатын командаларды және
олардың мәтінді тергенде атқаратын рөлі жайлы негізгі ақпарат алдым.
Математикалық формулаларды теру, мәтінде кездесетін цитаталар, диалогтар
жазуды үйрендім. Сілтеме жасау, мәтінге фотосурет енгізу және LaTeX-тегі
үлкен бөлімдердің бірі сурет және графиктер салу операциясымен жұмыс
жасадым. Мәтінді көркемдеудің негізгі түрлерімен (шрифт түрлері, өлшемі,
түсі, сөздер арасындағы арақашықтық, бөлім мен тарау, тақырыптар енгізу)
таныстым. Мәтінде жасалатын ескертпелер, библиография жазуды
қарастырдым.Latex программасын толыққанды үйреніп қорытынды ретінде
презентация жасап өткіздім.
Қорыта келгенде , өндірістік практика мен үшін өте қызық әрі
пайдалы болды. Өндірістік практика барысында тапсырманы тек теориялық
бөлімімен ғана шектеліп қоймай, алған білімді болашақта өзіме қажет
болатын есептер шығаруда сайттарды пайдалану арқылы жобамды
практикалық жағынан да қолданып үйрендім.
Жиенбай Аиданың жұмысын ___________96_______бағаладым.
Мамырбаев О. Ж.