Дәріс жер кадастрының теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.09.2022
өлшемі161 Kb.
#149905
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1



Дәріс 1. ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1. Жер кадастры туралы түсінік және Казахстан Республикасында 
жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны 
Мемлекеттік кадастрдың пайда болуымен бірге жер кіріс және арнайы 
салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында 
алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау қажеттілігі пайда болады, 
яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды. “ Кадастр” сөзі 
латынның “сарітаstrum” деген сөзінен шыққан. Бұл сөз “ салық салынатын 
заттардың тізімі” деген ұгым береді. Сонымен бір жақты түсінікте жер 
кадастры – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кеңірек түсінікте – 
жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді 
есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер 
жүйесі. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен 
себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
1.
Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. 
Ол қай болмасын өндіріс процессінің болуының шарты. Бірақ оның ролі 
қоғам өндіріінің әр түрлі саласында бірдей емес. Ауыл шаруашылығында жер 
тек қана өндіріс процессі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің 
заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің 
ең басты құралы болып табылады. 
2.
Жер қеністікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен 
ауыстырыла алмайды. 
3.
Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол 
орынның тұрақтылығымен байлынысты. 
4.
Жер өндірістің мәнгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. 
Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, 
өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, 
құнарлығымен сипатталады. 
Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән: 1. жерді есепке алу; 2. 
жердің құрамын баяндау; 3. жерді бағалау. 
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, 
құрамы және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады. Жерлерді 
бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалығы 
анықталады. 
Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы. Оның мәліметтері 
жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте 
кадастрдың құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу 
құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын 
жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезендері басында негізінен жер көлемдері туралы 
мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық 
күйі бойынша есепке алу қажеттілігі пайда болды. Содан соң алқаптарды 
топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры жерді 
арнайы есепке алып, бағалау шарасы ретінде қоғам дамуының бір сатысында 
пайда болып, жетіле берді. Ең алдымен зерттеу, есепке алу, бағалау, алқап 


түрлері және олардың сапасы бойынша топтастыру әдістерін, тәсілдерін 
жетілдіре түсті. Жаңа әдістері, құралдардың рәсімі, мазмұны жетілді. 
Жер реформасының жүру барысында жер қатынастары өзгеріп, жетілуде 
жаңа заң, нормативтік хаттамаларды қабылдау кең орын алуда. Мысалы, 
“Меншік туралы”, “Жер реформасы туралы”, “Жер кодексі”, “Шаруа 
қожалықтары”, 
заңдары 
қабылданып, 
өзгеріп 
жатыр. 
Қазақстан 
Республикасы Президентінің “Жер туралы” 1995 ж. желтоқсан айында 
қабылданған заң күші бар жарлығында өзгерістер енгізілген. Мысалы, 
жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке 
меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және заңды 
мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер 
учаскелерін нарықтық айналымға қосуға мүмкіндігін беру. Сөйтіп жер 
нарығының қалыптасуына құқықтық негіз салынып жерге жылжымайтын 
мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер 
жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін 
кепілдікке беру; ипотекалық операцияларды жүргізу және т.б. 
“Жер туралы” заңның 113-бабына сәйкесті Мемлекеттік жер кадастры 
Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, 
жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі, шекарасы, олардың сапалық 
сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерің бағалануы туралы 
мәліметтердің, өзге қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет