Дәріс 6.
Модуль 2. Табысты өзін-өзі презентациялау
Тақырып 3. Тайм менеджмент
Сұрақтар:
1.
Тайм-менеджменттің түсінігі
2.
Тайм-менеджменттің қағидалары
3.
Уақытты жоспарлаудың басты ережелері
Егер адам ӛз уақытын жоспарлай алмаса, жетістікке қол жеткізу мүмкін
емес. Бұл менеджерлерге ғана емес, кез келген басқа мамандық иелеріне
қатысты, бірақ ӛзге қызметкерлерді басқаратын жетекшілер үшін бұл дағды
аса маңызды, себебі жетекші тек ӛз уақытын ғана басқарып қана қоймай,
айқын жүйе арқылы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалай отырып
қол астындағы жұмысшылардың да уақытын жоспарлайды. Тәжірибелі
кӛшбасшылар уақыттың шын бағасын біледі. Бұл ұйымдардағы мақсаттарға
қол жеткізу үшін ең тапшы ресурс деуге болады. Ақшаны қарызға алуға,
адамдарды жалдауға болады, ал уақыттың бағасы жоқ. Уақытты қарызға
немесе сатып та ала алмайсың және сата да алмайсың.
Ӛзіндік менеджмент қолайлы және ақыл-
парасатпен ӛз уақытын жұмсау үшін күнделікті тәжірибеде қолданылатын с
ыналған әдістерді дәйектілікпен және мақсатты қолдануды ұсынады.
Ӛзіндік менеджменттің басты мақсаты - ӛз мүмкіндіктерін максималды
қолдану, саналы түрде ӛз ӛмірінің ағынын басқару және сыртқы жағдайларды
жеңу. Ӛзіндік менеджмент аз мӛлшердегі шығындармен орындауға, еңбекті
жақсырақ ұйымдастыруға, жұмыстың кӛптігін азайтуға, яғни асығыстық
пен стресстерді азайтуға мүмкіндік береді.
Ӛзіндік менеджменттің айқын ережелер мен функциялар шеңбері бар:
Мақсаттардың қойылуы
Мақсаттарды қою – бұл әрекеттерді бағыттап, кӛздеген мақсаттарға
және олардың орындалуына кӛмектесетін біздің ықыласымыздың
қажеттіліктері немесе анық мақсаттардың және нақты тұжырымдаманың
бейнесі. Бұл үшін мақсат орындалуға тиісті әрекеттерді емес, түпкі нәтижені
кӛрсетуі керек. Тіпті ең жақсы ойластырылған жұмыс тәсілінің ӛзі сенімсіз
болады, егер жетекші алдын-ала қандай нәтижеге талпынатынын
анықтамаса. Мақсат қою – сӛзсіз жоспарлаудың алғышарты, демек
жетістіктің де алғышарты – ненің, қашан, қандай ауқымда қол жеткізу
керектігін нақты білімге сүйене отырып жасалынады. Мақсат қай бағытта
жылжу керектігіне нақты түсінік бергендіктен, ӛз мақсатын жете түсіну кӛп
жағдайда жұмысқа ӛзін-ӛзі ынталандыру қарқынын арттырады.
Мақсаттарды қою – бұл уақытша процесс, себебі кәсіпорын жұмысы
барысында кей параметрлердің ӛзгергені анықталуы мүмкін. Ал бұл
мақсатты қайта қарастыруға мәжбүрлейді. Ӛзіндік менеджмент үшін
менеджердің қайда келгісі келіп, қайда түскісі келмейтінін ұғыну іргелі
маңызды орын алады. Егер жетекшіде саналы мақсаты болса, онда оны іске
асыру үшін жетекшінің барлық аңғарылмаған күш-жігері салынады, яғни
мақсаттар маңызды бағыттарда шоғырланады. «Кездейсоқ жетістіктер
жақсы, бірақ сирек. Жоспарланған жетістіктер анағұрлым жақсы, себебі олар
басқарылады және жиірек болады»
Мақсаттарды анықтау
Жетістікке қол жеткізу үшін мақсаттарды дұрыс анықтау қажет. Әрбір
фирманың, әрбір менеджердің соңында жоғары мақсатқа қол жеткізетін
кӛптеген кішігірім аралық тӛменгі деңгейдегі мақсаттарынан құралған басты,
маңызды мақсаты болады.
Мақсаттарды тікелей жоспарлауға болатындай тікелей әрекеттерге
айналатын бір-бірімен келісілген айқын мақсаттарды орнату керек. Анық
айқындалған, қағазға түсірілгендері автоматты түрде міндетті сипат алады,
тұрақты талдауға, қайта тексеруге, ревизияға итермелейді.
Ахуалды талдау
Ӛзінше жеке ресурстар реестрін (тізімін) береді. Нені кӛтермелеуге
болатынын және немен әлі де шыңдап, жұмыс жасау керектігін анықтауға
кӛмектеседі.
Ӛз мүмкіндіктерін
талдау
жолымен менеджер,
жалпы неге
қол жеткізе алатынын, мақсатқа жету үшін қандай жеке әлеует бар екенін
анықтайды. Бір жағынан ӛз әлсіз тұстарын анық кӛруі қажет. Кейінгіде
қателіктер
болдыртпау
үшін.
Қандай
қасиеттердің
жоқтығын
анықтауға сәтсіздік пен жеңілу балансын құру кӛмектеседі. «Ӛз әлсіз
жақтарын білу - ӛз күшті жақтарын нығайтуды білдіреді»
Мақсаттарды тұжырымдау
Мақсаттарды жүзеге асыру уақытын құру мен тілеген нәтижені
тұжырымдау.
Бұл келесі
жоспарлау
стадиясына
ӛтуде нақты тәжірибелік
мақсаттарды тұжырымдау
мақсаттарды анықтаудың соңғы баспалдағы.
Орындалмаған жұмыстардың арасында қалмау үшін, ӛзіне кӛп іс алмау
керек. Ұзақ мерзімді ғаламдық мақсаттарға жетуге байламды қысқа мерзімді
мақсаттар құру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |