Жобалау қызметі туралы ереже
Жобалау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1.
Аталған ереже «Орал «Мақсат» медициналық колледжі» ЖМ білім
алушыларының жобалау қызметіндегі мақсаты мен міндетін, мазмұнына
қойылатын талаптарды, жобалау жұмыстарын рәсімдеу және
ұйымдастыру қызметін анықтайды.
1.2.
Ереже ҚР «Білім туралы» № 398-V Заңына сәйкес жасалған.
1.3.
Жобалау қызметі колледждің білім беру үдерісінің негізгі құрамдас
бөлігі болып табылады.Аудиториялық және аудиториядан тыс
жүргізіледі.
1.4.
Жобалау қызметі – оқытушының ұйымдастуымен студенттің жеке
орындайтын қызметі. Жобалау әдістері – оқу үдерісін ұйымдастыру
технологиясы, білім алушы мәселелерді шешіп, жеке орындайды.
1.5.
Колледжде жасалатын жобалардың түрлері:
1) пәндік-мазмұндық сала бойынша:
- шағын жоба,
- пәнаралық;
2) қатысушылардың саны бойынша:
- жеке,
- топтық;
3) қызмет түрі бойынша:
- ақпараттық,
- зерттеу,
- шығармашылық,
- тәжірибелік;
4) мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді,
- орта мерзімді,
- ұзақ мерзімді.
1.6 Білім алушылардың жобалау қызметі тұлғалық дамыту әдістерінің бірі.
Жеке зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған (ақпартты жинау және
өңдеу, тәжірибе жүргізу, нәтижелерді сараптау).
2. Жобалау қызметінің мақсаты мен міндеттері:
2.1 Оқу жобалауының мақсаты – оқу үдерісіне жобалау қызметін енгізу, оған
қатысушылардың психологиясын өзгерту, оқытушы мен студенттердің
өзара қарым-қатынасы, олардың бірлесе жұмыс атқаруы, алған білімдерін
зияткерлік өнімдерін жасау кезінде қолдану, ақпараттық қоғамдағы
адамдардың өміріне қажетті ақпараттарды пайдалану, өмір бойы білім
алуға бағыттау.
Достарыңызбен бөлісу: |