Жалпы дәрігерлік практика



Pdf көрінісі
Дата06.06.2020
өлшемі448,23 Kb.
#72494
Байланысты:
vop-qaz



Жалпы дәрігерлік практика 

1.  27 жастағы әйел жүктіліктің 6-7 аптасында жасанды жолмен түсік жасату мақсатында келді. 

Екі  апта  бұрын  ЖРВИ,  ауыр  ағымымен  амбулаторлы  ем  қабылдаған.  Әйел  ҚР  азаматшасы 

және тұрақты жұмысы бар. Оған қандай құжат берілу қажет ?  

2.  Жоғары оқу орнының студенті аймақтық дәрігерге келді. Оған "Ауруханадан тыс пневмония, 

жеңіл  ағымды"  диагнозы  қойылды.  Амбулаторлы  ем  қабылдады.  Оған  қандай  уақытша 

жұмысқа жарамсыздық туралы құжат берілу қажет ?  

3.  Өндірістік тәжірбие өтіп жүрген жоғары оқу орнының студенті жүрек айну,құсу,селсоқтыққа 

шағымданып  келді.  "жедел  тағамдық  токсикоинфекция"  диагнозы  қойылды.  Оған  қандай 

уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат берілу қажет ?  

4.  Алькоголды  ішімдікке  мас  болған  жағдайдағы  ер  кісі  шынтақ  сүйегін  сындырып  алды. 

Біріншілік  көмек  травмпункте  көрсетілді.  Қандай  уақытша  жұмысқа  жарамсыздық  туралы 

құжат берілу қажет ?  

5.  Ер кісі 35 жаста, Рессей федерациясының азаматы. ЖРВИ байланысты қаралуға келді. Қарап 

тексергенде  жағдайы  орташа  ауырлықта  ,  қызба  38.0°С,  катаральды  белгілер.  Астана 

қаласында бір компанияда жұмыс жасайды. Қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы 

құжат берілу қажет ? 

6.  Ерлі-зайыптылар  балалар  үйінен  бала  асырап  алды.  Бала  нәресте,шала  туылған.  Жұбайы 

жауапты  лауазымда  жұмыс  істейді,  жолдасы  шығармашылық  мамандығымен  жұмыс 

істейді.Олар  баланың  негізгі  күтімін  асырап  алған  әкесіне  тапсыруда.Уақытша  жұмысқа 

жарамсыздық туралы құжат берілуі қажет. Кімге және қандай құжат берілуі мүмкін? 

7.  Ер  кісі  45  жаста,  2  апта  бұрын  пайда  болған,  физикалық  жүктемеде  пайда  болатын,1-2  мин 

созылатын және спонтанды жойылатын төс артындағы ауру сезіміне шағымданып аймақтық 

дәрігерге келді. Күніне 1 қорап шылым тартады. Объективті: ДСИ (ИМТ) - 32, АҚҚ 135/65 мм 

с.б.  ЖСЖ  75  мин,  жүрек  тондары  анық,ретті.  Диагностикасында  бірінші  кезекте  қандай 

зеріттеу жүргізу керек?  

8.  Әйел 55 жаста, бірнеше апта бұрын пайда болған, жұмыс күнінің соңында пайда болатын бас 

ауруына шағымданып келді. Дәрігерге дейінгі медбикенің қарауда АҚҚ өлшегенде - 145/95 мм 

с.б. ДСИ (ИМТ) - 30,зиянды әдеттері жоқ,тұқым қуалаушылық анықталмаған.Келесі кезеңде 

қандай зеріттеулер жүргізілу қажет ? 

9.  "Емханаға әлеуметтік жағдайы жақсы отбасының 6 жастағы баласы бала мектепке тіркеу үшін 

жүгінді.  Бұған  дейін  бала  мектепке  дейінгі  мекемелерге  бармаған.  3  жасында  жедел 

пневмонияны асқынусыз, 5 жасында - жедел ішектік инфекциясын өткерген. Зерттеу кезінде 

нейропсихологиялық  және  физикалық  даму  жасына  сәйкес  келеді.  Кестеге  сәйкес 

вакцинацияланған. Мектепке қандай алғашқы медициналық анықтама тапсырылу қажет? 

10. Мектепте  төменгі  сыныптағы  балаларды  алдын-ала  қарау  жүргізілді.Зерттелгендердің 

арасында оқу жылында 7 рет ЖРВИ және ЖРА ауырған 7 жастағы бала анықталды.Зерттеу 

кезінде  нейропсихологиялық  және  физикалық  даму  жасына  сәйкес  келеді.  ЛОР  мүшелерің 

қарау кезінде патология анықталған жоқ, ортаңғы мойын лимфа түйіндері аздап ұлғайған,ауру 

сезімінсіз. Бұл баланы қандай денсаулық тобына жатқызуға болады? 

11. Мектепте  төменгі  сыныптағы  балаларды  алдын-ала  қарау  жүргізілді.25  бала  тексерілді. 

скрининг нәтижелері қандай медициналық үлгідегі құжатқа енгізілуі керек?  

12. Ер  адам  42  жаста,  глаукоманы  анықтауға  скрининг  жүргізу  кезінде  жанасусыз  әдіспен  көз 

ішілік  қысымның келесі  көрсеткіштері  анықталды:  оң  көз  -  25  мм  сын.бағ,  сол  көз  -  18  мм 

сын.бағ.Ары қарайғы тактикаңыз қандай? 



13. Жалпы  тәжірбиелік  дәрігерге  скринингпен  қаралуға  37  жастағы  ер  кісі  келді.  Шағымдары 

жоқ.Шылым  шегеді.  Анамнезінде:әкесі  жүректің  ишемиялық  ауруымен  және  АГ  ауырады. 

Физикальды қараудың қорытындысы бойынша ДСИ - 34, кейде АҚҚ 135-140/85 мм,с.с.б дейін 

жоғарлайды. Бұл науқас динамикалық бақлаудың қандай тобына жатады? 

14. Жасөспірім 

15жаста, 

фурункулезге 

шағымданып 

келді. 

Анамнезінде: 

суықтау 

инфекцияларына бейім, үлкен ағасы қант диабетімен ауырады. Объективті: физикалық дамуы 

7 жасқа сәйкес. Салмағы 40 кг,бойы 150 см. Тері жамылғысы бозарған,құрғақ. Денесінде және 

терісінде  көптеген  фурункулдер.  АҚҚ  105/65  мм.с.б.  Пульс  88  рет  мин.  Негізгі  диагнозды 

дәлелдеуде қандай зерттеу БАРЫНША маңызды және бірінші кезекте жүргізілу керек? 

15. скрининг  кезінде  30  жастағы  ер  адамда  шөлдеу,  аузының  құрғауы  шағымдары  анықталды. 

Қарап  тексергенде:бойы  176  см,  салмағы  84  кг.  ДМИ  27,1.  Қанда:  глюкоза  ашқарынға  6,7 

ммоль/л. Келесі кезеңде қандай зерттеу жүргізілуі керек ? 

16. Ер кісі 45 жаста, аймақтық дәрігерге АҚҚ 145/95 мм с.б дейін жоғарлауына шағымданып келді. 

АҚҚ жоғарлауы бір рет профосмотр кезінде анықталған. Шылым шекпейді, зиянды әдеттері 

жоқ, тұқым қуалаушылық анықталмаған. Объективті: ДМС - 32, АҚҚ 135/65 мм.с.б. Глюкоза 

- 4.8 ммоль/л, холестерин - 4,8 ммоль/л. Науқасқа қандай ұсыныс берілу керек?  

17. Жалпы  тәжірбиелік  дәрігер  үйге  шақыруларды  орындауда.  Буын  ауруларына  байланысты  II 

топ мүгедегі болған науқас стационарға госпитализациялана алмауда,сонымен қаса күтімді де 

қажет етеді. Ауруға күтім жасау үшін басқа жерден келген туысына қанша уақытқа уақытша 

жұмысқа жарамсыздық қағазы беріледі ?  

18. Емханада күні бойы 40-тан 55-ке дейінгі жас аралықтағы 28 үлкен адамға скрининг жүргізілді. 

скрининг нәтижелері қандай медициналық үлгідегі құжатқа енгізілуі керек?  

19. Әйел 45 жаста. Скринингтен өту кезінде анықталды: ДСИ 26, АҚҚ 120/80 мм с.б., ЖСЖ - 75 

рет мин, глюкоза - 5.4 ммоль/л, холестерин - 4.7 ммоль/л. ЭКГ - ЖЭО қалыпты, ритм синусты, 

оң жақ Гис аяқшасының толық емес бөгемесі. Гинекологиялық қарауда патология анықталған 

жоқ. РАР-тест - "цитограмма өзгеріссіз". Маммография - өзгеріссіз.Оны қандай диспансерлік 

бақылау тобына жатызу керек?  

20. Қыз  бала  6  жаста.  1-ші  жүктіліктен,  жетіліп  туған,  жүктілік  асқынусыз  өткен.  Өсіп,  жетілуі 

жасына  сәйкес.  Ауырған  аурулары  –  1  жасқа  дейін  перинатальды  энцефалопатия,  3  жастан 

кейін  –  атопиялық  дерматит.  Қараған  кезде  жағдайы  қанағаттанарлық.  Физикалық  және 

психикалық  дамуы  жасына  сәйкес.  Ішкі  органдарында  патология  жоқ.  Балаға  қандай 

медициналық құжат толтыру қажет? 

21. Ер  баланың  туғанына  5  күн.  Анамнезінен:  анасы  атопиялық  дерматитпен  ауырады.  Босану 

жедел, Анасы өзі босанған. Салмағы 2800 грамм, бойы – 49 см. Бала емшек емеді. Объективті: 

жағдайы қанағаттанарлық. Ер бала белсенді, физиологиялық рефлекстері тірі. Кіндік жарасы 

құрғақ. Үлкен еңбегі 2,0x2,0 см, ісіну жоқ. Профилактикалық екпе жүргізу бойынша дәрігердің 

тактикасы қандай?  

22. Науқас  22  жаста,  терапевтке  кешкі  уақытта  дене  қызуының  37,7о  дейін  жоғарлауына, 

тершеңдік,  әлсіздік,  мазасыздық,  2  апта  шамасында  қақырықпен  жөтелге,оң  жақты  кеуде 

қуысының ауруына, салмақ жоғалтуына шағымданып келді. Төмендегі шаралардың қайсысы 

БАРЫНША маңызды? 

23. 1жас 4 айлық нәрестеге манту сынамасының нәтижесі -8 мм папула. Туберкулезбен қатынасы 

анықталмаған. Шағымы жоқ. Интоксикация белгілері жоқ. Диаскинтест -теріс. Бұл жағдайда 

қандай болжам диагноз БАРЫНША мүмкін?  




24. 4 жастағы баланың анасы баласының мазасыздығына, субфебрильді дене қызуына, жиі ЖРВИ 

ауратынына  шағымданып  келді.  Анамнезінен:  белсенді  туберкулезбен  науқас  ағасымен  бір 

реттік  байланыс  орнатылған.  Объективті:  орташа  ауырлық  дәрежесі,  уыттанудың  әлсіз 

белгілері,  дене  қызуы-  37,5  0.  Тері  жамылғылары  бозғылт,  аз  тамақтанады.  Физикалық 

деректер - өзгеріссіз. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің үстіңгі жоғарғы бөлігінде гомогенді 

емес күңгірттену, кеңейтілген трахеобрончиялық лимфа түйіні жолмен байланысты. Төмендегі 

зерттеулердің қайсысын диагнозды айқындау үшін дәрігер бірінші кезекте жасайды? 

25. 1  жасар  бала,  перзентханада  БЦЖ  вакцинацияланған,  сол  жақ  иығында  тыртық  жоқ.  Mанту 

сынамасы жасалған - 13 мм папула. Туберкулиндік сезімталдық сипатын анықтаңыз? 

26. Әйел  32  жаста,  дене  қызуының  38,5°С  дейін  жоғарлауына,  аз  бөлінетін  шырышты-іріңді 

қақырықпен  жөтелге,аздаған  ентігуге  шағымданып  келді.  10  күненнен  бері  ауырады,  ауру 

қызбамен,  тамағындағы  ауру  сезімімен,  құрғақ  жөтелмен  жедел  басталған,  3  күн  бұрын 

жағдайы ауырлап,ентігу пайда болған. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.с.б, ЖСЖ 95 рет мин, ТЖ 

-  21  рет  мин,  оң  жақ  өкпенің  төменгі  бөлігінде  әлсіз  тыныс  фонында  крепитация  естіледі, 

ортаңғы  және  жоғарғы  бөлімінде  -  бронхиальды  тыныс.  Пульсоксиметрия  -  95%.  ЖҚА  -  Л 

11х109/л, Эр - 3,2х09/л, Нв - 123 г/л, ЭТЖ - 24 мм/сағ. Өкпенің Р-графиясы - оң жақ өкпенің 

төменгі  бөлігінде  орташа  интенсивті  инфильтратты  көлеңке.  Қандай  тактика  БАРЫНША 

тиімді? 


27. 63жастағы  әйел  ентігуге,  дене  қызуының  38.0º  дейін  жоғарлауына,  әлсіздікке,  тершеңдікке 

шағымданып  түсті.  2  күн  бұрын  ЖРВИ  фонында  жағдайы  нашарланған.  Объективті:  терісі 

ылғалды,бозғылт, тырнақтары барабан таяқшасы тәрізді.АҚҚ 130/90 мм.с.б., ЖСЖ – 100 рет 

мин, ТЖ – 28 рет мин. Әлсіз тыныз фонында сол жақтың төменгі бөлігінде ылғалды майды 

көпіршікті  сырылдар  естіледі.  Пульсоксиметрия  –  88%.  Рентгенограммада:  қабырғалары 

горизонтальды орналасқан, қабырға аралықтары кеңіген, өкпе түбірі кеңейген, фиброзды және 

қантамырлық компоненттердің есебінен өкпе суреті күшейген, сол өкпенің төменгі бөлігінде 

инфильтратты қосылған көлеңкелер бар. Қандай тактика БАРЫНША тиімді? 

28. Ер кісі 42 жаста, соңғы аптада сальбутамолға қажеттілік күніне - 3-4 рет болатын, күніне 3 рет 

тыныс алудың қиындау ұстамасына, 2 ретке дейінгі түнгі ұстамаларға, аздаған қиын бөлінетін 

қақырықпен жөтелге шағымданады. Аускультацияда өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінде 

құрғақ  ысқырықты  сырылдар  естіледі.  Пикфлоуметрия  -  350-360-380-400-375-320  л/мин. 

Пульмикорт 500 мкг күніне 2 рет қабылдайды. Қандай тактика БАРЫНША тиімді ? 

29. Әйел  47  жаста,  2  апта  бойы  қиын  бөлінетін  шырышты-іріңді  қақырықты  жөтел  және  түнгі 

уақыттағы ұстамалы құрғақ жөтел, дене қызуының 38°С дейін жоғарлауы мазалайды. Қарап 

тексергенде:  ТЖ-  22  рет  мин,  өкпесінде  қатаң  тыныс,  шашыранды  шулы  сырылдар. 

Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі анықталады. Қандай тактика БАРЫНША тиімді ? 

30. Әйел 69 жаста. Емханаға барып келгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін селсоқтық, лихорадка, 

мұрнының бітуі, көзінен жас ағу, жөтел, бүткіл денесінің ауруы пайда болды. Науқас ӨСОА 

бойынша тіркеуде тұрады. Басталған аурудың асқынунын алдын алы үшін қандай препаратты 

тағайындау маңызды ? 

31. 53 жастағы әйел физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, 

жүрегінің  қағуына  шағымданады.  20  жылдан  аса  уықыт  бронхиальды  патологиямен  зардап 

шегеді,  жылдың  суық  мезгілінде  2-3  ретке  дейін  өршу  болады.  Об-но:саусақтары  «барабан 

таяқшасы» тәрізді, кеуде торы бошке тәрізді. Аускультацияда өкпенің барлық алаңында құрғақ 

ысқырықты  сырылдар,  тыныс  шығару  ұзарған.  ТЖ  26  рет  мин.  Спирография  сипаттамасы: 




ФДШК1  (ОФВ1)  68 %  ;  ФДШК1  (ОФВ1)  /ФӨӨС  (ФЖЕЛ)  95%.Күз-қыс  мерзімінде  негізгі 

аурудың асқынунын алдын алуда науқасты жүргізуде қандай тактика маңызды? 

32. Ер  кісі  63жаста.  Физикалық  жүктемеде  пайда  болатын  сол  жақ  кеуде  торындағы  ауру 

сезіміне,АҚҚ жоғарлауына шағымданады. Ауру сезімі бірнеше ай көлемінде мазалайды. Қарап 

тексергенде (фото). АҚҚ – 160/90 мм .с.б. Аускультацияда аортада 2 тонн акценті. Науқасқа 

ем тағайындауда липидограмманың қай көрсеткішіне назар аударасыз? 

 

33. 42жастағы  ер  кісіні  2  жыл  көлемінде  тез  жүргенде  пайда  болатын,  сол  қол  мен  жауырынға 



берілетін,  тыныштықта  басылатын  төс  артындағы  қысып  ауыратын  ауру  сезімі  мазалайды. 

Жағдайының  нашарлауын  түнгі  кезекшілік  пен  шаршаумен  байланыстырады.  Об-но:  АҚҚ 

140/80  мм.с.б.  Жүрек  тондары  анық,ритмді.  ЖСД-72  ретмин.  Велоэргометриялық  сынама 

физикалық жүктемеге төзімділіктің жоғары екенін көрсетті. Аталған диагноздардың қайсысы 

БАРЫНША болуы мүмкін? 

34. Ер кісі 44 жаста, 5 жылдай уақыт АҚҚ 150-160/90-95 мм.с.б дейін жоғарлайдыҚант диабеті 2 

типті,  диабетон  қабылдайды.  Объективті:  сол  жақ  шекарасы  сол  жақ  бұғана  ортаңғы 

сызығымен. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары наық,ритімді. ЖСЖ- 80 рет мин. 

АҚҚ- 160/94 мм.с.б. Сарысудағы холестерин -6,0 ммоль /л, сарысудағы креатинин - 75 мкм/л, 

қандағы  қант  -5,4  ммоль/л.  МАУ-100мг  тәулігіне.  Қандай  гипотензивті  препаратты 

тағайындыған БАРЫНША мақсатты? 

35. 56  жастағы  ер  кісі  ауа  райы  өзгергенде  және  жұмыс  күнінің  соңында  жиі  бас  ауыратынына 

шағымданды. 7 жыл бұрын артериальды гипертензия анықталған. 2 жыл бұрын ишемиялық 

инсульт алған, 20 жылдан бері күніне бір қораптан шылым шегеді.Қарап тексергенде жүрек 

тондары анық,аортада 2 тонның акценті. АҚҚ 165/100 мм.с.б. Жүректің сол жақ шекарасы 1 

см  сыртқа  ығысқан.  ЭхоКГ:  сол  қарынша  миокардының  индекс  массасы  140  г/м2,  ұйқы 

артериясының УДДГ:интима-медиа комплексі-1,1 мм, ұйқы артериясының бифуркациясы -1,5 

мм. Емдеу тактикаңыз? 

36. 62  жастағы  ер  кісіде  АҚҚ  175-190/95-110  мм.с.б  дейін  жоғарлайтыны  анықталды.Ем 

қабылдауы  тұрақсыз.Дене  салмағы  -100  кг,  бойы-  165см.,  бел  өлшемі-105см.  Объективті: 

жүректің сол жақ шекарасы 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 1 см солға. 

ЭКГ:  ритмі  синусты,  Соколов-Лайон  индексі  –  40мм.  МАУ  –  300  мг/тәулігіне.  Ұйқы 

артериясының  интима-медиа  кешені  -  1мм.  Алдағы  10  жылда  кардио-васкулярлы 

катастрофаның даму жиілігі қандай ? 

37. 25  жастағы  қыз  бала  айқын  ентігуге,әлсіздікке,аз  физикалық  жүктемеде  болатын 

ентігуге,тобықтың  ісінуіне,жүрек  қағуына  шағымданады.  2  апта  бұрын  ЖРВИ  ауырған. 

Объективті:бозарған,  тобығында  ісіну.  Аускультацияда:  өкпесінде  –  төменгі  бөлігінде 

крепитация,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЖСЖ 110рет 

мин, АҚҚ 100/70 мм.с.б. ЭКГ (фото). Қан анализінде – ЭТЖ – 25 мм/сағ. Қандай диагноз? 



 

38. Ер  кісі  68  жаста.  Соңғы  2  жылда  жүректің  шалыс  болуы,  жүрек  соғысының  жиілеуі  пайда 

болды. Анамнезінде 15 жылдан бері артериальды гипертензия 2 дәрежесі және ЖИА.Жүрек 

аускультациясында: ритмі дұрыс емес, "зеңбірек тоны" периодты түрде , жүректің жиырылу 

жиілігі  100  рет  мин,  пульс-86  рет  мин.,  тұрақсыз.  ЭКГ-ны  қарағанда  қандай  өзгеріс  күтуге 

болады? 


39. 3  ай  бұрын  босанған  25  жасар  әйел  тұмаудан  вакцинация  жайлы  сізден  кеңес  сұрап  келді. 

Күйеуімен  көп  қабатты  үйде  тұрады,  жағдайлары  жақсы.  Вакцинация  бойынша  қандай 

кеңестер бере аласыз? 

40. 6 айлық бала, жұқпалы аурулар ауруханасына ұйқышылдыққа, тәбеттің төмендеуіне, су ішуден 

бас  тартуға,  дене  қызуының  39,8С  жоғарылауына  анасы  шағымданып  түсті.  3  күн  бойы 

ауыратыны анамнезінен белгілі. Қарап тексергенде: тыныс алуы қиындаған, минутына 68 рет 

дем алады, кеуде қуысының тартылуы анықталады. БАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы бойынша 

дәрігердің дұрыс тактикасы; 

41. Перзентханада ұл бала 2100,0 гр салмақпен туылды. Өмірінің 2-ші күні терісі аздап сарғайды, 

біртіндеп  сарғаю  күшейді.  Қарап  тексергенде:  гепатомегалия,  терісінде  петехиальды 

бөртпелер  анықталады.  Анализінде:  ауыз  қуысының  шырышты  қабатынан  алынған 

жағындыда  ядро  мен  цитоплазмада  клетка  ішілік  қосындылары  бар  гигантты  көп  ядролы 

клеткалар анықталды. Қандай болжам диагноз БАРЫНША болуы мүмкін? 

42. 12  жастағы  жасөспірімде  2  жыл  бұрын  өткізген  баспадан  кейін  гиперкинездер,  аяқтарының 

еркінен тыс қозғалыстары мен қол треморы, сол жақ тізе буыны артриті пайда болды, қысқа 

курспен  преднизолон  20  мг/тәул  және  антибиотиктер  оң  әсермен  қабылдады.  Қазіргі  кезде 

диспансерлік  қараудан  өтуде,  шағымдары  жоқ.  Физикалық  қарауда  2  және  5  нүктелерде 

систолалық  шу  ,  сол  жерлерде  2  тон  акценті,  жүрек  ұшында  I  тона  әлсіреуі.  Бауыры 

ұлғаймаған, ісіктері жоқ. Қан анализі: Hb - 120 г/л, лейкоцит - 5,0х109/л, ЭТЖ- 10 мм/сағ, С-

реактивті белок – 3,4 мг/мл, АСЛ-О - 1:100ХБ/мл. Науқаста екіншілік алдын алу үшін бензатин 

бензилпенициллиннің барынша тиімді ұзақтығы?  

43. 8  жастағы  бала  анасымен  дәрігерге  37,8  º  дейінгі  дене  қызуы,  айқын  қозғалысының 

шектелуімен  сол  жақ  тобық  табан  буыны  ісуі,  айқын  әлсіздікке  шағымданып  келді. 

Анамнезінен:  жиі  тұмау  және  ЖРВИ  айына  1-2  рет,  бір  апта  бұрын  тонзиллофарингиттен 

емделген. Кеше дене қызуы мен буын ісуі қайта қайталанды. Объективті: сол жақ тобық табан 

буыны артриті. Қан анализі: Hb - 120 г/л, лейкоцит- 15х109 /л, ЭТЖ - 32 мм/сағ, СРБ– 42 мг/мл, 

АСЛ-О  -  1:450  ХБ/л,  РФ  –  10  ХБ/мл.  Тобық  табан  буыны  рентгенографиясы  –  патология 

анықталмады. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға барынша мүмкіндік береді?  

44. 5 жастағы бала беті мен денесіндегі бөртпелер, 39,5º дейінгі дене қызуы, оң жақ шынтақ буыны 

ауыруы мен ісуіне шағымданады. Анамнезінен: анасының айтуынша кеше бетінде бөртпелер 

пайда болып, кешке қарай денесіне тарала бастаған. Бала балабақшаға бір айдан артық барады, 



алты айынан вакцинациялар жасалмаған. Объективті: барлық денесінде қызғылт-қызыл дақты-

папулезді бөртпе, оң жақ шынтақ буыны артриті. Мойын арты және шүйделік лимфа түйіндері 

пальпацияланады. Қан анализі: Hb - 121 г/л, лейкоцит - 10х109 /л, ЭТЖ - 20 мм/сағ, СРБ– 8 

мг/мл,  АСЛ-О  -  1:100  ХБ/л,  РФ  –  5  ХБ/мл.  Аурудың  пайда  болуының  барынша  мүмкін 

этиологиялық факторын анықтаңыз:  

 

45. 12 жастағы қызда оңтүстікте болған кезінде бет, табан ісуі, қол басы майда буындары ауыруы 



пайда болды. Бұрын ешқандай аурумен ауырмаған. Кеше қызба фонында бас және бел ауыруы 

пайда болды. Қанында: Hb – 100 г/л, лейкоцит – 3,0х109/л, ЭТЖ – 31 мм/сағ; АНФ - 1:80. Зәр 

анализінде:  белок  –  5,3  г/л,  эритроцит  –  30-40  к/а,  лейкоцит  –  8-10  к/а.  Диагнозды 

верфикациялау  үшін  науқасқа  төменде  көрсетілген  зерттеулердің  қайсысын  жүргізу 

БАРЫНША маңызды?  

46. 10  жастағы  ұл  бала  сол  жақ  тізе  буыны  ауыруы,  ісуі,  қозғалысының  айқын  шектелуі,  аяқ 

терісінде көгерулер пайда болғандығына шағымданады. Анасы баласының соңғы айда қызыл 

иегі  көп  қанауын,  мұрын  қанауын  байқады.  Анамнезінен:  әкесі  мен  тәтесінде  жоғары 

қанағыштық. Қарауда: тері астылық аймаққа «көгерулер» типтес қан құйылулар, сол жақ тізе 

буыны  көлемі  үлкейген,  оның  үстіндегі  терісі  қызарған  және  ұстағанда  ыстық.  ЖҚА:  Hb  – 

100г/л, лейкоцит  – 4,6х109/л, тромбоцит  – 177х109 /л, ЭТЖ  – 25 мм/сағ;  ЖЗА  – гематурия; 

Коагулограмма:  АЧТВ  –  60  сек,  ТВ  –  15  сек,  фибриноген  –  3  г/л,  ристоцетин-кофакторлық 

белсенділік  –  қалыпты;  РФ  –  7  ХБ/мл,  СРБ  –  22  мг/мл.  Тізе  буындары  рентгені  (фото). 

Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген барынша тиімді?  

 

47. 12 жастағы ер бала ірі буындары ауыруы, сол жақ шынтақ буыны ісуі, бұлшық еттік әлсіздік, 



қатты  қалтыраумен  39,8º  дейінгі  дене  қызуына  шағымданады.  Дене  қызуы  таңертен  және 

түстен  кейін  жоғарылайды,  2  сағаттай  сақталып,  қатты  терлеумен  төмендейді. 

Антибактериалды препараттармен әсерсіз емделді. Ауру басталу кезінен қатты арықтап кетті. 

Қарауда: денесі мен аяғында полиморфты бөртпе, жақ асты және қолтық асты лимфа түйіндері 




үлкеюі және гепатоспленломегалия. ЖҚА: Hb  –  90 г/л, лейкоцит  – 20,6х109/л, тромбоцит  – 

230х109 /л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. СРБ – 50 мг/мл, АНА – теріс, РФ – 5 ХБ/мл, АСЛ-О – 130 ХБ/л, 

ферритин – 1000 мкг/л, прокальцитонин – 0,3 нг/мл. Ең бірінші кезекте қандай патологиямен 

дифференциялау керек? 

48. Дәрігердің  қабылдауында  9  айлық  бала.  Емшек  сүтін  емеді.  Объективті  түрде:  бұлшықет 

тонусы төмендеген, еңбектемейді, іші ұлғайған, отырғанда кеуде омыртқа бағанасында айқын 

кифоз. Макроцефалия, үлкен еңбегі 2х2 см, шүйдесі жалпақ, шашы түскен, маңдай мен төбе 

бұдырлары. Рахит таспиқтері және гаррисон жырасы. Дене массасы 9200 г. Дене дамуы мен 

психомотрлық дамуы жасына сай. Дәрігер ем тағайындады. Баладағы гиповитаминозды емдеу 

үшін холекальцеферол (вит Д3) дозасын таңдап беріңіз: 

49. Балаға  2  жас.  Анасының  шағымдары  –  тәбетінің  төмендеуі,  енжар,  жылауық,  балармен 

ойнағысы  келмейді.  Объективті  түрде:  баланың  қараторлығынан  терісінің  қаншалықты 

бозарғанын анықтау қиын. Көзге түскені алақандарының ағаруы. Терісі құрғақтау, екі езуінде 

суланған  сызық  жара,  бұлшықет  тонусы,  тіндердің  шымырлығы  сәл  төмендеген.  Өкпедегі 

тынысы  қатаңдау,  ТЖ  30/  мин.  Жүрек  тондары  әлсіреген,  жүрек  ұшында  және  V  нүктеде 

систолалық шу. Сұрастыру барысында баланың көмір, шікі ет фаршын, газет қағазын жеуге 

қумарлығы  анықталды.  ЖҚА  –  эритроцит  4,1х1012/л,  гемоглобин  112  г/л,  ТК-  0,7.Қандай 

зерттеу тағайындау керек? 

50. Балаға 1,5 жас. Анасының шағымдары: тәбеті төмен, енжар, жылауық, балалармен ойнағысы 

келмейді.  .  Объективті  түрде:  баланың  қараторлығынан  терісінің  қаншалықты  бозарғанын 

анықтау  қиын.  Көзге  түскені  алақандарының  ағаруы.  Терісі  құрғақтау,  екі  езуінде  суланған 

сызық  жара,  бұлшықет  тонусы,  тіндердің  шымырлығы  сәл  төмендеген.  Өкпедегі  тынысы 

қатаңдау, ТЖ 30/ мин. Жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық 

шу. Сұрастыру барысында баланың көмір, шікі ет фаршын, газет  қағазын жеуге қумарлығы 

анықталды.  ЖҚА  –  эритроцит  4,1х1012/л,  гемоглобин  112  г/л,  ТК-  0,7.  Элементарлы  темір 

дозасының қажеттілігі қандай болу керек: 

51. 3 айлық бала ауыр жағдаймен ауруханаға түседі. Тыныштықта енігу, периоралды цианоз. ТЖ 

84  минутына,  тынысы  шулы,  ара-қашықта  естіледі.  Токсикозбен  эксикоз белгілері  шамалы, 

өкпе  тұсында  –  тимпанит,  аускультация  кезінде  дем  шығаруы  ұзарған,  көптеген  майда 

көпіршікті сырылдар. SO2 89 %. ЖҚА - RBC 4,3х1012/л, HB 112 г/л, PLT 210х109/л, 1 WBC 

12,1х10х109/л с/ядролық 52%, эозинофил 2%, моноцит 7%, лимфоцит 38%, ЭТЖ 20 мм/сағ. 

Атап көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫША ықтимал: 

52. 37 жастағы әйел. Білек буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне, қолында болатын әлсіздік пен 

қатты ауыру сезіміне, саусақтарын қыса алмау және затты ұстап тұра алмауға, кешкі уақытта 

болатын  субфебрилитетке,  тізе  буындарындағы  сыздап  ауыру  сезіміне  шағымданады. 

Хирургтың буын ішіне дипроспан салуы бірден дерлік ауыру сезімін жеңілдетті. Келесі күні 

әйелдің буыны қатты ісініп, қызарған. Дене температурасы көтеріліп, маза бермейтін ауыру 

сезімі пайда болған. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін? 

53. 11  жастағы  бала  аулада  роликті  шаңғымен  сырғанап  жүгіргенде  құлап,  екі  тізесі  мен 

алақандарын жарақаттап, терісін жырып алды. Анасы топырақпен ластанған жараны ағымды 

суға шайып травмпунктке жеткізді. 2 жасынан бронхиалды астмамен ауырғаннан бері балаға 

егулер жасалмаған. Дәрігер қандай шешім қабылдау тиісті:  

54. Әйел  27  жаста,  жалпы  тәжірбиелік  дәрігерге  оң  иығының  ауруына,ісінуіне,  осы  аймақтың 

қызаруына,әлсіздікке,  селсоқтыққа,  дене  қызуының  38  С  дейін  жоғарлауына  шағымданып 

келді.  Төрт  тәулік  бұрын  оң  иығының  сыртқы  бетін  жырып  алған.  Қарап  тексергенде  оң 



иығының  сыртқы  бетінде  гиперемия  мен  гипертермиямен  және  ісінумен  тығыз  инфильтрат 

анықталады.  Пальпациялағанда  инфильтратта  айқын  ауру  сезімі  анықталады.  Флюктуация 

симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз? 

55. Ер кісі 64жаста, денесінің оң жақ бүйір беткейінде түзілімнің пайда болуына шағымданады. 

Анамнезінде түзілімнің 4 ай бұрын байқаған. Дәрігер қарап тексергенде жұмсақ-эластикалық 

консистенциялы,қозғалмалы,өлшемі  2,5х3,0  см,  тері  асты  шелінің  деңгейінде  анық 

шекарасмен түзілім анықтады .Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тактикаңыз? 

56. Науқас  екі  жыл  бұрын  калькулезды  холециститке  байланысты  холецистэктомия  жасаған  .  6 

айдан  кейін  оң  қабырға  астанда  ауру  сезімі  және  зәрінің  қанық  түстенуі  пайда  болды. 

Биохимиялық қан анализінде –жалпы билирубин 120 мкмоль/л, байланысқан 87 мкмоль/л. Осы 

жағдайда аталған диагностикалық әдістердің қайсысы БАРЫНША мәлметті болып табылады? 

57. Әйел  65  жаста,  үнемі  шөлдеуге,  аузының  құрғауына,  жалпы  әлсіздікке  шағымданып  келді. 

Анамнезінен: 2 жыл бұрын жедел панкреатитке байланыста ота жасалған. Қарап тексергенде 

іші жұмсақ. ауру сезімінсіз. Құрсақ қуысының УДЗ көкбауыр өлшемі қалыпты, патологиялық 

түзіліс  жоқ.  Жедел  панкреатиттің  асқынуын  анықтауға  қандай  лабораторлық  зерттеу 

мүмкіндік береді? 

58.  Қабылдауға 72 жастағы науқасты туысы ертіп келген. Оның айтуы бойынша науқастың есте 

сақтауы нашарлап барады, әсіресе жаңа хабарды сақтауда. Науқастың күнделікті өмір сүруіне 

есте сақтауының бұзылуы айтарлықтай кедергі жасайды. Жақсы білетін немесе айқын танитын 

зат қана сақталады. Жаңа хабарлар кездейсоқ немесе аз уақытқа ғана есінде сақталады. Науқас 

негізгі  мәліметтерді  есіне  түсіре  алмау  жағдайында,  яғни  қайда  тұратынын,казір  ғана  не 

істегенін  немесе  туысының  атының  кім  екенін.  Объективті  жағдайы  қанағаттанарлық.  АҚҚ 

150\100  мм.с.б.  пульс  80  рет  мин.  Жүрек  тондары  тұйықталған,  ритмі  дұрыс.Аяқтары  ісңкі. 

Сіздің болжам диагнозыңыз?  

59. Жалпы  тәжірбиелік  дәрігердің  қабылдауында  53  жастағы  әйел.  Жолдасы  қайтыс  болғаннан 

кейін,  оның  өліміне  араша  тұра  алмағанына,  оған  көңіл  бөлудің  жеткіліксіз  болғанына  өзін 

кінәләп дәрігерге сол туралы жылап айтып беруде және суицидальды ой туралы айтты.Қандай 

синдром туралы ойлауға болады? 

60. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 11 жастағы бала. Әжесі мектеп бағдарламасынан 

қалып қоюына байланысты тексертуге алып келді. Бала қатынасқа тез түседі , сөйлеуі дамыған, 

оқи алады, көзқарасы жасына сай емес, бірақ есте сақтауы жақсы, абстракты ойлау қабілеті 

шектелмеген.  Анамнезінде:  жүктілік  және  туу  ерекшеліксіз  болған,  ерте  психомоторлық 

дамуы  қалып  қоймаған.  Соңғы  жылдары  ата-  анасы  ішкілікке  салынған,  бала  жиі  сабақтан 

қалады. Қандай жағдай туралы ойлауға болады?  

61. Жалпы  тәжірбиелік  дәрігер  үйге  шақырылды.  2-жастағы  балада  дене  қызуының  39°  дейін 

көтерілуімен  вирусты  инфекцияның  клиникасы.  Анасының  айтуы  бойынша  бала  жоғары 

температурада аяқ астынын «керілген», қолдарының бұлшық еттері кернелген, сосын «ілінген 

қамшы  тәрізді»,  аузынан  сілекей  бөлінген,  сосын  ұйықтап  қалған.  Сіздің  болжам 

диагнозыңыз? 

62. 26-жастағы  ер  кісіде  күшті  төс  артындағы  ауру  сезімі  пайда  болған.  Анамнезінде  наркотик 

және  алкогол  қабылдағанды  теріске  шығарады,  шылым  шекпейді.  ЭКГ  –5  кеуделік 

әкетпелерде  STсегментінің  жоғарлауы.  Қандай  затты  қабылдау  осы  жағдайға  БАРЫНША 

себеп болып табылады? 

63.  15 жастағы қыз терапев дәрігерге келді. Ол өзінде бір мәселенің бар екенін айтты -әдеттегідей 

емес  көп  және  тез  тамақ  ішетінін,  бұл  жағдайды  бақылай  алмайтынын  және  жалғыздықта 



тамақтанады. Осындай «ашқарақтық ұстамадан» кейін көп мөлшерде іш айдайтын затты ішеді. 

Төменде аталған симптомдардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? 

64. Жалпы тәжірбиелік дәрігер уйге жаңа туған нәрестелерге патронаж жасауда.Дәрігер нәрестені 

ішімен  жатқызғанда,  рефлекторлы  басын  жанына  бұрды.  Бұл  рефлекс  өмірінің  алғашқы 

сағаттарынан бастап айқын. Бұл рефлекс қалай аталады? 

65. Ер  кісі  60  жаста,  уйде  қарау  кезінде  сөйлеудің  қиындауына,  оң  жақ  аяқ  қолдарындағы 

әлсіздікке  шағымданады.  Анамнезінде:  таңертең  ұйкысынан  тұрғаннан  кейін  жағардағы 

шағымдар  анықталып,  жедел  ауырған.  Екі  бұрын  бұл  симптомдар  пайда  болып,өздігінен 

жойылған. АҚҚ=110/70 мм.с.б. ,ЖСЖ=110 рет/мин. Қарп тексергенде: есі анық, ориентациясы 

бұзылмаған, қарашық OD=OS, екі жақтанда көз алмасының қырларының жетпеуі (2 мм.). Тілі 

оңға ығысады,сіңірлік рефлекс D>S, оң жақта Бабинский рефлексі,оң жақ аяқ-қолда бұлшықет 

күші 3балл, менингиальды белғілер жоқ. Науқасты емдеуіне қандай тактика керек? 

66. 19  жасар  жігітте  тұмаудан  кейін  оң  жақ  төменгі  жағында  2-3  секундқа  созылатын  ұстама 

тәрізді  ауру  сезімі  пайда  болды.  Ұстама  сөйлеген,  шайнаған,  жуынған  кезде  пайда  болады. 

Неврологиялық статусында: оң жақ V нервтің III тармағының шығатын жерінде ауру сезімі. 

Басқа  неврологиялық  симптоматика  жоқ.  Көз  түбі  патологиясыз.  Бас  миының  МРТ 

патологиясыз. Қай клиникалық диагноз БАРЫНША мүмкін? 

67. Қабылдау  бөліміне  15  жыл  сөйлеу  бұылысымен  жүретін  гипертониялық  аурумен  зардап 

шегетін  науқас  таңертеңгісін  сөйлеу  алмауына  65  жастағы  әйел  шағымданып  түсті. 

Неврологиялық  статус:  есі  анық,  қарашықтары  D=S,  мұрын  еріндік  қатпары  тегістелген, 

моторлы афазия, оң жақты гемипарез , бұлшықеттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылаған, 

Бабинский  симптои  оң.  Төмендегі  диагоздардың  қайсысы  БАРЫНША  мүмкін  болып 

табылады?  

68. 72 жасар еркек саябақта отырғышта табылған. Есін жоғалтпаған. Жедел жәрдем дәрігері қарап 

тексергенде  оң  қолындағы  қозғалыстың  бұзылысы  мен  сөйлеудің  қиындауы  –  кенеттен 

басының  айналғандығы  болғанын  түсінуге  болатын  бөлек  сөздер  айтқаны  анықталды. 

Құспаған.  Қабылдау  бөліміне  жеткізілді.  Қарап  тексергенде:  есі  сақталған,  әлсіз,  апатиялы. 

Сөйлеспейді.  Қарап  тексергенге  наразылық  кейпімен  қарайды.  Пульсі  аритмиялы,  104  рет 

минутына, жүрек тондары тұйық, АҚҚ 150/100 мм сын.бағ. Ауызының оң бұрышы төмендеген. 

Оң қолы қозғалмайды. Оң табаны сыртқа қараған. Сіңірлік рефлекстер оң жағында сол жағына 

қарағанда жоғары. Оң жақта Бабинский рефлексі оң. Келесі диагностикалық кезеңде қандай 

зерттеу жүргізілуі тиіс? 

69. 23  жасар  еркек  дене  қызуының  жоғарлауы,  бас  ауру,  бас  айналу  жүрек  айнумен  бірге, 

эмоционалды тұрақсыздық, кейде галлюцинациялардың болуына шағымданады. Осы жағдай 

3  күн  бойы  мазалайды.  Объективті:  аяқ-қолдарындағы  гиперкинездер,  қауысу  қитарлық, 

диплопия,  гипергидроз,  бұлшықет  тонусының  төмендеуімен  жүретін  жеңіл  пирамидті 

жеткіліксіздік.  Анамнезінде  жиі  баспа  ауруы.  Қай  алдын-ала  диагноз  ең  мүмкін  болып 

табылады?  

70. Әйел адам, гестация кезеңі 27-28 апта. Дене қызуының жоғарылауына, құрғақ жөтелге, кеуде 

торшасындағы  ауыру  сезіміне,  ентігуге  шағымданады.  Қалада  грипп  пен  ЖРВИ-мен 

аурушылдықтың жоғарылауы анықталған. Температура 39,40С, аңқасының шырышты қабаты 

айқын  гиперемияланған,  жұтқыншақтың  артқы  қабырғасы  түйіршіктенген.  Көз 

склераларының  қан  тамырлары  инъекцияланған.  Өкпесіндегі  тынысы  қатайған,  сырылдары 

жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ТСЖ 130 рет/мин., ҚҚ 90/60 мм с.б., ТАЖ – 32. Жалпы қан 




анализінде: эр. – 3,2х1012/л, Нв – 115 г/л, лейк. – 3,2x109/л, э. – 3%, т/я – 15%, с/я – 60%, м – 

7%, л – 15%, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Қандай тактика маңызды? 

71. 55  жастағы  ер  адам  уйге  дене  қызуының  жоғарылауына,  бас  ауыруына,  құрғақ  жөтелге 

шағымданып  дәрігерді  шақырды.  Объективті:  Температура  39,20С,  көз  склераларының  қан 

тамырлары  инъекцияланған,  аңқасының  шырышты  қабаты  айқын  гиперемияланған, 

өкпесіндегі  тынысы  қатайған,  сырылдары  жоқ.  Жүрек  тондары  бәсеңдеген,  ТСЖ  –  124 

рет/мин., ҚҚ – 110/70 мм с.б., ТАЖ – 26. Жалпы қан анализінде: эр. – 3,4х1012/л, Нв – 135 г/л, 

лейк. – 4,2x109/л, э. – 5%, т/я – 7%, с/я – 63%, м – 5%, л – 20%, СОЭ – 18 мм/сағ. Қалада тұмауға 

эпидемия жарияланды. Қандай тактика БАРЫНША маңызды? 

72. 23  жастағы  әйел  адам,  гестация  кезеңі  12  апта;  скринингтік  зерттеу  барысында  HBsAg 

анықталған.  Шағымдары  жоқ,  жағдайы  қанағаттанарлық.  Қарап  тексергенде:  тері 

жабындаларының түсі қалыпты, іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ, бауыры қабырға доғасынан 1,0 

см-ге  төмен  анықталады,  консистенциясы  тығыз,  шеті  доңестелген,  ауыру  сезімісіз.  Көк 

бауыры  ұлғаймаған.  Жалпы  қан  анализінде:  Нв  –  100  г/л,  эритроциттер  –  3,9х1012/л, 

лейкоциттер – 9,2х109/л, тромбоциттер – 180х109/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Қанның биохимиялық 

анализінде: АЛТ – 30 бірлік/л, АСТ – 40 бірлік/л, жалпы билирубин – 18 ммоль/л, жалпы белок 

– 65 г/л, глюкоза – 3,2 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 240 бірлік/л. Қай зерттеу әдісі вирусқа қарсы 

терапияның тағайындалуын және оның мақсатын белгілейді?  

73. 45  жастағы  ер  адам.  Сол  жақтағы  тізе  буындарының  ауыруы  мен  ісінуіне,  басқа  да  ірі 

буындардағы  ауыспалы  сипаттағы  ауыру  сезіміне,  бұлшықеттегі  ауыруға,  бас  ауыруына, 

салмағының  5  кг-ға  төмендеуіне,  кешкі  уақыттарда  дене  температурасының  37,5°-ға  дейін 

көтерілуіне  шағымданады.  Кей  кездерде  дене  температурасы  бірнеше  күн  бойына  38,5°-ға 

дейін  көтеріледі.  Бұл  симптомдардың  барлығы  6  ай  бұрынғы  салқын  тиюден  кейін  пайда 

болған.  Анамнезінде  –  қолдан  сатып  алынған  сүт  өнімдерін  көп  пайдаланған.  Объективті: 

алақан  мен  табанның  гипергидрозы,  тізе  буындарының  симметриялы  емес  ісіну,  локалды 

температура, положительный симптом баллотирования наколенника. Қанның жалпы анализі: 

Эр – 3,2, Нб – 110 г/л, Л- 4,9 х109/л, Нф – 68%, Лф – 38%, СОЭ 29 мм/ч. РФ – 22 МЕ/мл, СРБ - 

+++. РХ – теріс; РА – теріс. Қандай зерттеу диагнозды нақты анықтауға көмектеседі? 

74. 30 жастағы ер адам. Тізе буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне, ірі буындардағы ауыспалы 

ауыру  сезіміне  шағымдармен  дәрігерге  қаралған.  Ауырғанына  2  ай  болды  деп  есептейді. 

Анамнезінде:  «Жильбер  синдромы»,  «геморрагиялық  васкулит,  дисциркуляторлық 

энцефалопатия. Буындардың Р-графиясында патология табылмаған. Қанның жалпы анализі: 

лейкопения, лимфоцитоз, СОЭ - 12 мм/ч. Биохимия: глюкоза – 5,4 ммоль/л, АЛТ – 42 МЕ/мл, 

АСТ 22 МЕ/мл, билирубин 24 мкмоль/л. РФ - оң, АНА - теріс. Науқасқа төменде көрсетілген 

анализдердің қайсысын міндетті түрде жасау керек? 

75. Участкелік  дәрігер  8  айлық  баланы  қарады.  Шешесінің  шағымы  дене  қызуының  39С  дейін 

жоғарылауына, енжарлыққа, емшектен бас тартуға, құсуға. Бүгін, ауруының 4-ші күні сарғаю 

пайда болды, бала өте мазасыз, тырыспа пайда болды, «кофе қоюы» сияқты құсу пайда болды. 

Анамнезінен  белгілі:  3  ай  алдын  балаға  қан  құйылған.  Биохимиялық  анализінде:  Жалпы 

билирубин  165  мкмоль/л,  тікелей  фракциясы  144  мкмоль/л,  АЛТ  5,8  мкмоль/л,  АСТ  3,7 

мкмоль/л,  тимол  сынамасы  12  бірлік.Аурудың  этиологиясын  аныктау  үшін  жасалынатын 

зерттеу қандай? 

76. Босану үйінде жаңа туған нәрестеге невропатолог бас миының туып жарақатына байланысты 

2айға БЦЖ екпесін кейінге қалдыруды ұсынды. 2айдан кейін невропатолог және педиатрдың 




қабылдауында  болып  екпені  жасауға  шешім  қабылданды.  2  ТЕ  -мен  Манту  реакциясы 

тағайындалады. Манту сынамасын тағайындаудың мақсаты қандай ? 

77. Әйел  27  жаста,  профилактикалық  флюоро  қараудан  кейін  толық  тексерілуге  шақырылды. 

Шағымдары  жоқ.  Өкпесінде  везикулярлы  тыныс.  Рентгенограммада:  күшейген  өкпе  суреті 

фонында  сол  жақ  жоғарғы  бөлігінде  әлсіз  интенсивті  ошақты  көлеңкелер.  Бронхты  жуған 

шайындыны сараптасында ТМБ анықталған жоқ. Қан анализінде лейкоциты - 4,8 х 109, ЭТЖ 

– 4 мм/сағ. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? 

78. Әйел  35  жаста,кеудесінің  ауруына,әлсіздікке,жөтелге  шағымданады.  Қақырығында  қан 

жағындысы.  5  күннен  артық  субфебрильді  температура.  Тынысы  везикулярлы,  сырыл  жоқ. 

Қақырықта  ТМБ  анықталған  жоқ.  Антибиотикпен  емделіп  бастаған.  Екі  аптадан  соң: 

субфебрилитет  сақталған,қан  анализінде:  лейкоциты  –  9,5  х  10,  ЭТЖ  –  20  мм/сағ. 

Рентгенограммада: - оң жақта 2-ші сегментте гомогендң емес, өлшемі 4 см, шекарасы айқын 

емес,  ортасы  ағарған,  аз  интенсивтң  қараю  бар.  Төменде  аталған  болжам  диагноздардың 

қайсысы БАРЫНША мүмкін ? 

79. Науқас  инфильтративті  өкпе  туберкулезімен,  ыдырау  фазасында,  ТМБ+.Қарқынды  және 

қолдаушы  емдеу  фазаларын  алды.  Ыдырау  қуысы  жабылып,  бактерия  бөлінуі  тоқтады. 

Нәтижесі - емделді. Науқасты эпидемиялық учеттан қанша уақытта шығару керек?  

80. Ер  кісі  29  жаста,  терапевтке  кешкісін  дене  температурасының  38о  дейін  жоғарлауына, 

әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбетінің болмауына, қан жағындысы бар, шырышты қақырықты 

жөтелге, оң жақ кеуде торының ауруына, соңғы 3 айда 2 кг арықтағанына шағымданып келді. 

Туберкулезбен контактыны жоққа шығарады. Оң жақ өкпеде аздаған ұсақ көпіршікті ылғалды 

сырылдар естіледі. Қан анализінде: эр – 3,28х 1012, Нb – 138, э – 2, с – 69, м – 11, л – 18, лейк. 

–  10,2  х  109,  ЭТЖ  –  38  мм/сағ.  Диагностика  алгоритмімі  бойынша  кең  спектрлі 

антибиотиктермен ем қабылдады. Алған емнен нәтиже болған жоқ, интоксикациялық синдром 

жойылған жоқ. Бақылау рентгенограммасында өкпедегі инфильтрат қатаюмен теріс динамика 

беруде. Науқасты жүргізуде қандай тактика БАРЫНША тиімді? 

81. Ер  кісі  25  жаста,  алғаш  анықталған  оң  жақ  өкпенің  S1  инфильтративті  туберкулезі,  ТМБ+ 

диагозы  бойынша  2ай  стационарда  төрт  ТҚП  интенсивті  фазсынлық  ем  алды.  Ары  қарай 

науқас  4-ай  қолдаушы  фазаны  жалғасытру  керек.  Науқас  емдеу  нұсқасын  сақтаған  жоқ. 

Бактерия бөліну тоқтады. Рентгенограммада – оң жақта S1 анық, дөңгелек, гомогенді көлеңке, 

d – 3 см.Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? 

82. Әйел адам 32 жаста, жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында қаралады. 28 аптада 

терінің  қышуына  байланысты  ұйқының  бұзылуына,  әлсіздікке,  лоқсуға  шағымданып  келді. 

Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-56 Ед/л, АСТ-42 Ед/л, жалпы билирубин-12,4 ммоль/л, СФ-

480 Ед/л. Маркерлер диагностикасы: HBsAg – теріс., a-HBs - оң, a-HВcore IgG-теріс, HBeAg - 

теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - теріс, anti-HCV IgG – теріс. Қандай диагноз? 

83. Әйел  27  жаста,  жүктіліктің  үзілу  қаупі  дамуы  кезінде  дюфастон  (дидрогестерон) 

тағайындалған.  Дюфастонды  қабылдаудан  2  аптадан  кейін  тері  қышуы,  трансаминазалар 

көрсеткіштерінің  жоғарылауы  (АЛТ  –  885  ед/л,  АСТ  –  447  ед/л)  байқалған.  Препаратты 

тоқтатқаннан  кейін  көрсеткіштер  төмендеген.  Дені  сау  бала  туылады.  Босанудан  кейінгі 

кезеңде контрацепция бойынша қандай ұсыныстар дұрыс?  

84. Науқас 26 жаста, жүктіліктің 22-23аптасында жалпы тәжірбиелік дәрігерге бас ауруға,жүрек 

айнуға,  құсуға,оң  қабырға  астының  ауыруына,  зәр  бөлінуінің  азаюына  шағымданып  келді. 

Объективті қарау кезінде аяқтарының ісіңкіреуі, екі қолда АҚҚ 150/90 мм с.б., пульс 96 рет 

минутына. Осы науқасқа гипотензивті препаратты таңдаңыз? 



85. Әйел 32 жаста. Жүктіліктің 26-27 аптасы. Алғашқы жүктілік. Кезекті тексеруде гликемия 6.2 

ммоль/л анықталды. 2 жыл бұрын гликемия - 4,8 ммоль/л. Осы жағдайда бала үшін мүмкін 

болатын болжам қандай?  

86. Әйел 28 жаста.Жүктіліктің 14-15 аптасы. Бір апта бұрын ауырды- дене температурасы 37.5°С 

дейін жоғарлады, ринорея, құрғақ жөтел пайда болды. Екі күн бұрын жағдайы нашарлай түсті 

-  ентігу  пайда  болып,  жөтелі  күшейді,  температурасы  -  38,5°С.  Объективтң  -  қатаң  тыныс 

фонында  сол  жақ  өкпенің  төменгі  бөлігінде  ұсақ  көпіршікті  сырылдар  естіледі.  Жалпы 

жағдайы  бұзылған.  Госпитализациядан  бас  тартты.  Қандай  емдеу  тактикасы  БАРЫНША 

маңызды?  

87. 36 апта жүктілік мерзімі бар 27 жастағы әйелде артериальды қысымның 170/100 мм сб.б. дейін 

көтерілуі, бір аптада дене салмағының 4 кг қосылуы, аяғында ісіктің пайда болуы, тәуліктік 

диурездің 400мл дейін төмендеуі байқалады. Қанда: тромбоциттер – 90 мың., альбуминдер – 

16 г/л. Зәрде: белок – 2,9 г/л. УЗИ: Ұрық дамуының 4 аптаға кем қалуы. Жүкті әйелді жүргізуде 

қандай тактика БАРЫНША тиімді? 

88. Әйел  32  жаста.,  жүктіліктің  35-36  аптасы."Д"  учетта  "Созылмалы  гломерулонефрит" 

диагнозымен  тұрады.Соңғы  аптада  бетінде,  алақанында  ісіну  пайда  болды.  АҚҚ  оң  қолда 

160/100 мм.с.б., сол қолда 150/95 мм.с.б. Лабораторық: жалпы белок 55 г/л, альбумин - 28 г/л 

креатинин  150  мкмоль/л,  мочевина  10  ммоль/л,  холестерин  12  ммоль/л.  КФЖ  (СКФ)=53 

мл/мин.  ЖЗА  белок  4  г/л,  Лейкоцит  5-6  к/а,  Эритроцит  -  25-30  к/а.  Төмедегі  аталған 

жағдайлардың қайсысы БАРЫНША ықтимал ? 

89. Әйел 26 жаста, жүктіліктің 27-28аптасы.Қарап тексергенде әлсіз ісіну, саусағының үлкейуіне 

байланысты,сақинасын шешіп қойған. АҚҚ сол қолда 150/80 мм с.б. оң қолда 135/ 75 мм с.б. 

ЖЗА:  белок  0,33  г/л,  лейкоцит  10  к/а,  эритроцит  2-3  к/а.  Осы  әйелде  төменде  аталған 

жағдайлардың қайсысы БАРЫНША дамыды? 

90. Әйел 25 жаста, жүктіліктің 12-13 аптасы. Шағымдары: кіші дәреттің ауру сезіммен және жиі 

болуы, қасағадағы ауру сезімі, жиі императивті жалған шақырулар. Бұл шағымдар суық тиген 

соң  2-3  күнде  пайда  болды.  ЖҚА  қарағанда  өзгеріссіз,  ЖЗА  –  лейкоциттер  20-30  к/а, 

бактерия+++.Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал? 

91. Әйел 29 жаста, екінші жүктілігі, 9-10 апта.Соңғы екі аптда таңертеңгілік жүрек айну мен құсуға 

10  ретке  дейін  тәулігіне  шағымданып  келді.  Тіркеуге  тұру  үшін  жүктіліктің  6-7  аптасында 

келген, сол кезде дене салмағы - 74 кг. Қазірге салмағы - 68 кг. Объективті: жағдайы орташа 

ауырлықта,  терісі  құрғақ,  қарау  кезінде  екі  рет  лоқсу  болды.  Қандай  тактика  БАРЫНША 

бағытталған ? 

92. Әйел  30жаста.Жүктіліктің  19-20  аптасы.  "Д"  учетта  Бронхиальды  демікпе,  гормон  тәуелді 

диагнозымен бақылауда тұрады. Соңы аптада қызба 38,4°С дейін, ентігу,құрғақ ысқырықты 

сырылдар  пайда  болды  және  сальбутамолға  тәуелділік  күніне  5-6  ретке  дейін 

артты.Госпитализацияланды,  мұрын  жұтқыншақтан  ПЦР-5а  материал  алынды,  6  -шы  күні 

нәтижесі - вирус H3N1. Госпитализацияның 6 -шы күні жағдайы нашарлады, тексеру кезінде 

ұрықтың  өлгені  тіркелді.  Сепсис  және  септикалық  шоктың  көрінісі  дамыды.  Өміріне  қауіп 

төнуіне байланысты гистерэктомия жасалды, массивті антибактериальды терапия жүргізілді. 

Осы патологиялық жағдайдың дамуын қандай шаралар алдын алатын еді ? 

93. 24  жаста  Әйел  вирусты  В  гепатитпен  ауырады,  жүктілік  32  апта.  Биохимия:  АЛТ  –  0,64 

ммоль/л.  АСТ  –  0,47  ммоль/л.  Билирубин  –  22,25  мкмоль/л.  HBsAg  –  оң,  anti  HBs  –  теріс, 

antiHBc  IgM  –  оң,  antiHBc  IgG  –оң,  HBeAg  –  оң,  anti  HBe  –  теріс.  ПТР  HBV  ДНК  –  106 

көшірме/мл. Балаға вирустың перинатальды өту қаупін төмендету үшін қандай терапия тиімді? 



94. 47  әйел  валидолмен  немесе  тыныштандыратын  микстура  қабылдағаннан  кейін  жүрек 

аймағындағы  күйдіретін  ауру  сезіміне  шағымданады.  Жиі  бетінің  гиперемиясымен, 

тершеңдікпен  бірге  жүретін  қызу  сезімі  мазалайды.  Әйелде  6  ай  бойы  аменорея.  Қарап 

тексергенде: тері жабындылары ылғалды, гиперемирленген. ЖСЖ-102 рет мин., АҚҚ-145/85 

мм  сн.бағ.  Анаприлиндік  сынама  оң.  Қынаптық  жабынды  атрофиялық.  Төмендегі 

диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал? 

95. Әйел  56  жаста.Ауыр  емес  жүктемеден  кейінгі  ентігуге,  құрғақ  жөтелге  шағымданып  келді. 

Ентігу аралас сипатта. 5 жылдан бері СОӨА диагнозымен бақылауда тұрады. 30 жылдан бері 

күніне 1-1,5 қорап шылым шегеді. Науқас аз қақырықты жөтел ұстамасында қақырықта қан 

жағындысының болатынын байқаған. Ентігу бұрынғығы қарағанда өрши түскен және тыныс 

шағару  қиындаған.  КҚМ  Р-граммасында  былтырғы  ренген-көріністен  айырмашылық 

байқалған жоқ.Қанда - ЭТЖ 54 мм/сағ. Бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу қажет ? 

96. Науқас  74  жаста,пневманияға  байланысты  антибактериальды  терапия  алды.  Динамикада 

жағдайы  жақсармады,  әлсіздік,  кеудедегі  ауру  сезімі  өрістеп,  арықтап  кетті.  Контрольдік 

компьютерлі  томографияда  -  анық  емес  шекарасымен,  айқын  тығыздықта,ошақ  көлемі 

бүрнеше  мөлшерге  ұлғайған.  Қақырықты  зерттеуде  қандай  қорытынды  БАРЫНША 

анықталуы мүмкін? 

 

97. Ер  адам  45жаста.  Жылдар  бойы  төс  артындағы  дискомфортқа  және  ауру  сезіміне,  қыжылға 



шағымданады. ФГДС жасағанда эпителидің метаплазия ошақтары анықталды (фото). Дамуы 

мүмкін асқынуды ерте анықтау үшін науқасқа қорытынды бақылауды қандай жиілікте жасау 

керек? 

 

98. Әйел 80 жаста.Соңғы алты айда дене салмағы 7 кг арықтаған,етке жеркеніштік пайда болған. 



Анамнезінде  -  сазылмалы  гастрит.  Объективті:  тері  жабындасы  бозғылт,  пальпацияда  іші 

жұмсақ. Қанда анемияның 2 сатысы анықталды, ЭТЖ 48 мм/сағ . Диагнозды нақтылау үшін 

қандай зерттеу жүргізу қажет? 



99. Ер кісі 72 жаста. Бірнеше күн бойы іш қату мазалайды. Соңғы 3 айда 5 кг арықтаған. Қанда - 

панцитопения және ЭТЖ 65 мм/сағ.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет? 

100. 

Науқас спецификалық емес жаралы колит диагнозымен келді. 10 жылдан бері ауырады. 



Месалазинмен  қолдаушы  ем  алады.  Емдәм  бойынша  ұсыныстарды  ұстанады,  пробиотиктер 

қабылдайды, темекі шекпейді. Соңғы 2 жылда салыстырмалы ремиссия. Науқаста осы аурудың 



асқынуын ерте анықтау мақсатында қандай жоспарлы зерттеуді жүргізу керек? 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет