Педагогика және психология институты



Дата26.04.2020
өлшемі18,75 Kb.
#64789
Байланысты:
73 сұрақ


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты

Педагогика және психология кафедрасы

СӨЖ

Орындаған: Нуриахмет А

Тексерен: Тәжібаев Т

Алматы, 2020 жыл

73. Тұлғалық қасиеттер мен индивидуалды ерекшеліктердің өзара байланыстылығы мәселесі.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы – тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.

Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеті арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.

Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.

Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.

Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас [1].

Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды   өмірінде   өзара   əрекеттесіп,   кəсіби   өмір   сценарийінің   кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.

Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл). Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кəсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады.



Тұлғаның кəсіби қалыптасу мəселесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі Т.В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- əрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:

  • кəсіби ниет, (ой) оның пайда болуы

  • кəсіби білім беру жəне кəсіби іс-əрекетке дайындық;

  • мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру жəне өндірістік ұжымнан өз орнын табу;

  • кəсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы ].

  • Е.А. Климов төмендегідей кəсіби бағдарланған кезеңді ұсынды:

  • Оптация кезеңі (12-17 жас) – кəсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық;

  • Кəсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) – болашақ кəсіби іс-əрекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу;

  • Кəсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) – кəсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру жəне іс- əрекет субьектісінің əрі қарай дамуы .




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет