БҰЙЫРАМЫН:
1. Педагогтердің аттестаттаудан өту ережесін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142796 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2) «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142797 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылдың 1 қыркүйектен күшіне енсін.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов
Достарыңызбен бөлісу: |