Пән атауы Қазақ әдебиеті



Дата17.04.2020
өлшемі15,94 Kb.
#62907

Пән атауы

Қазақ әдебиеті

Күні

17.04.2020


Тақырып

Тәуелсіздік жетістіктері


Тапсырмалар


«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбына 200-250 сөзден тұратын эссе жазу

Эссеге қойылатын талаптар;







наБағалау критерийі, дескриптор




Он жетінші сәуір



Тақырып: Тәуелсіздік жетістіктері

Еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш 1991 жылы қадам басқан жылы еді. Бұл жылдары әрине мен дүниеге келмеген едім. Алайда, үлкендерден естігенім көп. Сол сәттен бері міне, биыл 28 жыл тәуелсіз елде тұрады екенбіз. Қазіргі Қазақстан әлемге мақтанарлықтай беделге ие. Мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда болғанына қуанамын. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет