Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»



Дата07.05.2017
өлшемі38,97 Kb.
#15894
Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ»

Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі

Мақсаты:

а) білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;

ә) дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

б) тәрбиелік: оқушылардың еліне, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелесу, топтық жұмыс, проблемалық сұрақтар, кейіпкерге хат.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, география.

Сабақтың көрнекілігі: Портрет, түрлі- түсті қалам, таратпа карточка,

Техникалық құралдар: слайд, интерактивті тақта, бейнетаспа.

Үй тапсырмасын сұрау: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты түрлі- түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлу.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың авторы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытайда, Шыңжан өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. 1965 жылы ҚазҰУ филология бөлімін тәмамдаған. «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атта романы үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, қаздар қайда қайтуы мүмкін.?


I. Ассоциация

Мекеніне





Қаздар қайтып барады

Көлге ұясына

Жылы жаққа суық жаққа

Туған жеріне балапанына


  • Дұрыс, ендеше, біз шығарманың өзімен танысып көрейік.

II. Әңгіменің мазмұнымен таныстыру. (шолу жасау)

III. Проблемалық сұрақтар қою.

  1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?

  2. Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?

Тарих пәнінің мүғаліміне сөз беру: ( Тарихи оқиғаларға тоқталады)

  1. Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің идеясын ашу)

  2. Байтас қарт шекараны неге бұзып өтті?

  3. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? (1962 жылы, сәуір айында)

  4. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар? (зерттеу)


IV. Слайд- презентация арқылы Қабдеш Жұмаділовтың өмір жолы туралы, сол сияқты еліне оралып, еңбегі жанған қандастарымыз жайлы ақпарат берілді.
V. Топпен жұмыс ( 4 топқа бөлу)

1 – топ:

Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жерден аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген?

(Әңгіменің тақырыбын ашу. Мәтіннен Байтас қарттың туған жерге деген сағынышы туралы монологты тауып оқу)

2 – топ.

Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.





Жетті

Жеткен жоқ













3 – топ:. Әңгімеде кездесетін жер, су, тау аттарын теріп жазыңдар. (Етікші,Тарбағатай, Күргейтас, Арғанаты, Тентек – Халдай, Сарышоқы, Көкөзек. Айнабұлақ, Көкшілік, Нұра.т.б)
4 – топ. Шығарманы композициялық- құрылысына қарай талдаңдар:

  1. Басталуы: Жалғыз жортқан жолаушы

  2. Байланысы: Жолда көрген қиыншылықтар

  3. Шегініс:Ойға оралған өткен күндер, жалғыз неиере - Төлеутай

  4. Дамуы: кінәсіз тағылған айып

  5. Шарықтау шегі: 40 жылғы көкіректе сақталған ұзақ сапар

  6. Шешімі: Тұмардың ішіндегі топырақтың жерге түсуі немесе елге жету.

VI. Сұрақ – жауап: Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебі қалай? (пікірлерін айту)

VII. Бекіту:

Байтас қарттың 40 жылдан кейін шекара асып, қиыншылықтарға төзіп елге келген себібі, ол- туған жерге деген сүйіспеншілік, туған жердің топырағы. Қасиетті туған жерге жат жерде жүріп, бір сәт те ұмыта алмай, туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы т.б қандастарымыз туған елге келіп қызмет етуде.

(Үнтаспадан Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдау)

VIII. Қорытынды.

Тағдыр талайымен тарыдай шашылған қазақтар дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Назарымызды соған аударайық (Слайд түрінде көрсету)


Ресейде – 740 000 Өзбекстанда – 1 550 000

Монғолияда – 100 000 Иранда -12 000

Қырғызстанда – 45 000 Түркияда 25 000

Қытайда – 1 500 000 Украинада - 15 000

Ауғанстанда – 30 000. Тәжікстанда – 10 000

АҚШ –та 14 000

IX. Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма....» шығарма жазу.
X. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет