Қызылорда медициналық жоғарғы колледжі Пәні: Медициналық биология және
генетика
Тақырыбы: Жүректің ишемиялық
ауруы
Дайындаған: Кенжемұратова Ж
М- 97 топ
Тұқым қуалайтын аурулар- ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
моногендік;
хромосомалық;
мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бұл жүрекке қан мен оттегіні жеткізетін шағын қан тамырларының (коронар тамырлары) тарылуынан пайда болатын ауру.
Себептері
Жүректің ишемиялық ауруы ерлер мен әйелдер арасындағы өлімнің жетекші себебі болып табылады.
Жүректің ишемиялық ауруының себебі болып коронар тамырланың атеросклерозы табылады. Бұл процесс коронарлы тамырларының қабырғаларының қатаюына алып келеді.
Процесстің басында майлардан тұратын түйіншектер пайда болады. Олардың кесірінен қан тамырлары тарыла бастайды. Тарылған коронарлы тамырлар қажетті деңгейде жүрекке қанды жеткізе алмайды.
Жүрек-қан тамырлар ауруларының қауіп қатер факторлары деп осы аурулардың даму қауіпін жоғарлататын факторларды атаймыз. Олар модификацияға бағынатын және бағынбайтын факторларға бөлінеді.
Симптомдары
Кейде жүректің ишемиялық ауруы білінбей өтуі мүмкін. Бұл, әсіресе, аурудың дамуының бастапқы сатысына тән.
Жүректің ишемиялық ауруының басты симптомы ретінде ауырсыну болып табылады. Аурудың пайда болу орыны, таралымы стенокардияға ұксас болып, көбіне төс немесе жүрек аймағында пайда болады. Ауырсунудың басты себебі жүрекке оттегі мен қанның қажетті көлемде жетпеуі.
Ауырсынудың бірнеше түрлері болады. Төс немесе жүрек аймағы басып, сыздап, ашып аурады. Ауру әдетте сол қол, иық, мойын, жауырын кейде екі қолға да, жақ сүйегіне таралады.
Әдетте ауырсыну шамадан артық физикалық немесе эмоционалды белсенділік фонында пайда болады. Ауырсыну демалған соң немесе нитроглицеринді қабылдағаннан кейін өтуі мүмкін.
Емі
Дәрігер жоғары қан қысымының, қант диабеті және қандағы холестерин деңгейінің коррекция мақсатында, сізге бірнеше препараттарды тағайындауы мүмкін.
Жүректің ишемиялық ауруының емінің мақсаттары:
Қан қысымының деңгейі 140/90 тең немесе одан төмен болуы тиіс;
HbA1cқалыпты деңгейінде ұстау;
Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 100 мг/дл тең немесе одан төмен болуы тиіс.
Дәрігердің рұқсатысыз препараттардың қабылдауын тоқтатуға болмайды. Бұл стенокардияның шырқалуына және жүрек ұстамасына алып келуі мүмкін.
Жүректің ишемиялық ауруының хирургиялық ем тәсілдерінің бірнеше түрлері болады:
Ангиопластика және стенттеу;
Коронарлық шунттау;
Минималды инвазиялық жүрек операциясы.
Емі
Дәрігер жоғары қан қысымының, қант диабеті және қандағы холестерин деңгейінің коррекция мақсатында, сізге бірнеше препараттарды тағайындауы мүмкін.
Жүректің ишемиялық ауруының емінің мақсаттары:
Қан қысымының деңгейі 140/90 тең немесе одан төмен болуы тиіс;
HbA1c қалыпты деңгейінде ұстау;