Пәні: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Қош келдің,Жаңа жыл!
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы білімдерін кеңейту.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы ойла қабіле-
Тін,сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорларын нығайту.
Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық: Қайырлы күн деп айтамыз,
Үйге бірге қайтамыз,
Отбасының гүліміз.
Көңілді отер күніміз
- Балалар бүгінгі күніңіз көңілді өтсін деп тілеймін.Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болмақ.Себебі бүгін сендердің білімдеріңізді тексеруге қонақтар келіп отыр. Өз білімдеріміз бен тәртіптерімізді қонақтарға көрсете аламызба?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі екенін қайдан білдік?
- Қыс мезгілінде неше ай бар? Айтайықшы?
- Оқушылыр қыс мезгілінде қар жауады дедік жаңа- қардан біз не жасаймыз?
- Ендеше «Аққала» ойынын ойнайық.
3-топқа тапсырма беріледі:
1-қатар: 1- Жыл басына таласқан жануарлардың атын ата!
2 – Қыста киетін аяқ киімдердің атын ата!(Байпақ,пима,етік)
3- Хоккей ойынын қайда,ненің үстінде ойнайды?
4- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2-қатар: 1-Жыл басы қай жануар болды?
2- Қыста киетін бас киімдердің атын ата!(Бөрік,тымақ т.б)
3- Зулап түсіп төменге,
Шығалмас менсіз бөгенге. (Шана)
4- Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата!
3- қатар: 1-Түйе неге жыл басы бола алмай қалды?
2-Қыста киетін жылы киімдерді ата!
3-Мұзда сырғанайтын арнайы аяқкиім?
4- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында не бейнеленген оның түсі кандай?
Балалар қазір қыс мезгілінің қай айы?
Желтоқсан айында біз қандай мерекелерді тойладық?
1-желтоқсан:Тұңғыш Президент күнін тойладық
16-желтоқсан күні біз неге сабаққа келмедік,біз ол кезде қай мерекені тойладық? (Тәуелсіздік).
Тәуелсіздік дегеніміз не? Қане кім айтады?
- Ешкімге бағынышты болмау,еркіндік,бостандық деген мағынаны білдіреді екен.Жарайсыңдар!
Ал балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қош келдің,Жаңа жыл!» деп аталады.
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Балалар шыршаның түсі қандай? Балалар шырша ағашы қыстада, жаздада түсі өзгермейтін жалғыз ағаш екен.Ол қай мезгіл болмасын сол жасыл түсін сақтайды.Ал басқа ағаштар жасыл түсін сақтай алама? Олар көктемде жасыл болып,күз мезгілінде не істейді? Шырша ағашының 2 түрі болады екен 1-ші табиғи шырша, 2-ші пластик яғни пласмасса. Балалар бір жаңа жыл мерекесі үшін шырша ағашын кесіп жұлып алуға боламекен? Ол біздің табиғатымызды тазартып турады емеспе.
«Шырша безендіру» ойыны. Шарты: «Аяз ата» «Шырша» «Жаңа жыл» туралы тақпақ айтп береді.Тақпақ айтқан бала Шырша ойыншықтарын алып іледі.
Оқулықпен жұмыс
1.Шыршаны безендіру.
Сергіту сәті
Оң қолымды көтерем,
Сол қолымды көтерем
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды түсірем
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын
Біраз сергіп аламын
Оқулықпен жұмыс
2.Бірге жаттайық
Безендірдік деген сөзді қалай түсінеміз балалар, қане кім айтады?
3. тапсырмаға қарайықшы? Не көріп тұрмыз? Сол суретке ангіме құрастырайықшы.
Қорытынды:
«Жаңа жыл» әнін айту.
Сабағымызды Жаңа жылдық көңіл күймен аяқтаймыз.