ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Психологияны оқыту әдістемесі»



Дата08.09.2017
өлшемі161,17 Kb.
#30504

ПОӘК 042-18.31.1.09/01-2014


11.09.2014 ж

№ 2 басылым



11 беттің -шісі





ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Психологияны оқыту әдістемесі»

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015

Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы: ___________ 30.08.2015 ж. Джумажанова Г.К., псх.ғ.к., доценті, кафедра «Педагогикалық психология»


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Кафедра мәжілісінде «Педагогикалық психология»

Хаттама № 1 «03» 09. 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Джумажанова Г.К.


2.2 Факультеттің педагогика оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама № 1 «05» 09. 2015 ж.


Төрайымы _________________ Ахметова Т.Ш.

3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № 1 «11» 09. 2015 ж.


Төрайымы ________________ Искакова Г.К.
4  «11» 09. 2014ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 2 БАСЫЛЫМЫ

05.09.2013 жылғы №1 басылым орнына

Мазмұны

1 Қолдану саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны

5 Білім алушылардың өздік жұмысының тақырыптары

6 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

7 Әдебиеттер

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Психологияны оқыту әдістемесі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының 6.08.067-2010, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011жылғы «08» тамыз №349 бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты;

- 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-РГКП-СГУ-5-2014 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2014 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Психологияны оқыту әдістемесі курсы «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне міндетті пән ретінде оқытылады. Берілген оқу курсы болашақ педагог-психологтарды оқытушы іс-әрекетіне даярлауда маңызды қызмет атқарады.

Қазіргі қоғамда психологиялық білімнің рөлі артуда, оның тәжірибелік бағыты күшеюде. Психология оқу пәні ретінде әртүрлі оқу мекемелерінде оқытылады және түрлі білім беру бағдарламалары құрамына енгізілген. Мектептегі психологиялық білім берудің сапасы артуда. Орта кәсіби білім беру мекемелерінде психологияны оқыту пәні ретінде оқытудың мүмкіндігі кеңейе түсуде. Меңгерілген курстың көлемі мен тереңдігіндегі мәнді айырмашылықтарына қарамастан, түрлі мамандарды даярлау үшін барлық психология пәнінің оқытушыларына бұл пәнді оқытудың әдістемесін меңгеру міндетті болып табылады.

Психологияны оқыту әдістемесі, психологиялық білім мен іскерлік, тәжірибелік дағдыларды қалыптастырудың оқыту әдістемесі және пәні ретінде қарастырылады. Студенттердің психологияны оқыту әдістемесін меңгеруі білім беру іс-әрекетіндегі тәжірибелік міндеттерді шешуде маңызды болып табылады (психологиялық-педагогикалық диагностикада, кеңес беру жұмысында, оқу іс-әректінің тиімділігінің психологиялық шарттарын анықтауда, психологиялық міндетті қалыптастыруда және оқушының жеке даратұрғалық дамуында, мұғалімдермен,ата-аналармен жұмыс жасауда және т.б).

Психологияны оқыту әдістемесін оқу процесінде алынған білім, білік және дағдылар педагог-психологтың болашақта психология пәнінің оқытушысы ретінде өз міндеттерін атқаруына септігін тигізеді. Берілген курсты меңгеру психологиялық білімнің түрлі салаларының қосымша теориялық мәліметтерін игеруге және тәжірибелік -психологиялық білікті игеруге жол ашады.

Алынған білімдер қазіргі білім беру процесіндегі психологияның рөлі мен орны, орта білім берудегі жарғылардың психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім беру және оқыту технологиясының қазіргі заманғы жобасы, оқушыларды кәсіби бағдарлауының психологиялық ерекшеліктері және т. б. секілді сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.



3.2 Пәнді оқу мақсаты:

- психологияны оқу пәні ретінде оқыту ерекшеліктері және алынған білімді психологияны оқыту тәжірибесінде қолдана алу біліктілігін жүзеге асыра білу туралы ғылыми-әдістемелік білімдерді қалыптастыру.



3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:

- орта білім беру мекемелеріндегі психологияны оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;

- психологияның оқу пәні ретіндегі құрылымның принциптері туралы және оның мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерді қалыптастыру

- психологияны оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі стратегиясынан осы пәннің мазмұндық ерекшеліктерін және оның оқытудың мақсаттарымен байланыста инновациялық стратегияға көшудің міндетті екенін түсіндіру;

- психология курсы сабақтарында біртұтас оқу-тәрбие жағдайын ұйымдастыруға нақты талаптарды жүйелеу;

- педагогикалық үрдісті басқару дағдысы мен біліктіліктерді қалыптастыру;

- кәсіптік өзіндік білім алу және өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерін меңгеру;

- таңдалған мамандық шеңберінде білім алушының қабілеттері мен тұлғалық сапаларын дамыту.



3.4 Білім алу нәтижесі:

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушының міндетті:



білуі керек:

-орта оқу мекемелерігдегі психологияны оқытудың теориялық және әдістемелік негізін;

- психологияны оқытудың мақсатын, принциптерін және мазмұнын;

- психологиялық білімді игерудің ерекшеліктерін;

-психологияны оқу пәні ретінде құрастырудың ғылыми негіздерін білуі керек.

игеру керек:

-психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік, психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттерін;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесін.



ұғып алу керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын және оқу іс-әрекетінің қалыптасу жолдарын;

- оқытудың негізгі концепцияларын;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесі;

- психология бойынша бақылауды ұйымдастыру принциптері;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптарды.



қолдана білу керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптар.



түсінуі керек:

- негізгі ұғымдарды: білім, іскерлік, дағды, оқу, білім беру, тәрбие, моделдеу, оқу үрдісі, оқыту әдістері, сабақ түрлері, қарым-қатынас қағидалары, оқу іс-әрекеті, оқыту субъектісі, проблемалық оқыту, интерактивті оқыту, педагогикалық үрдіс;

- оқытудың негізгі концепцияларын;

-психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік,психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- психология бойынша әртүрлі өздік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізуге талаптар;

- сабақ конспектілерін, оқу және календарлық жоспарларды жазуға талаптарды.



істей алуы керек:

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттері;

- психология сабағында жұмысты ұйымдастыру әдістемесі;

- психология бойынша әртүрлі өздік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

иемдену керек:

- педагогикалық колледжде психологияны оқытудың классикалық және жаңа әдістерін;

- оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын және оқу іс-әрекетінің қалыптасу жолдарын;

- білім беру саласында оқыту және оқу концепцияларын;

- психология бойынша сабақ ұйымдастырудың классикалық және интерактивті формаларын;

-психология бойынша сабаққа қойылатын жалпы, әдістемелік, психологиялық, тәрбиелік, физиологиялық-гигиеналық талаптарды;

- сабақ типтері, оның құрылымдық компоненттері;

- психология бойынша бақылауды ұйымдастыру принциптерін.


3.5 Курстың пререквизиттері: Психология мамандығына кіріспе, Психология және адам дамуы, Педагогика.
3.6 Курстың постреквизиті: Педагогиканы оқыту әдістемесі, педагогикалық колледждегі өндірістік практика.
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді:
1 Кесте

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Зертх (сағ)

БОӨЖ

(сағ)


БӨЖ (сағ)

Бар

(сағ)


Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

3

5

3

30

15

-

22,5

67,5

135

Емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2 Кесте



Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1. Психология оқу пәні ретінде

Психологияны оқыту әдістемесі курсының пәні, мақсаты және міндеттері

2

Психологияның оқыту пәні ретіндегі мазмұны

2

Модуль 2. Оқыту психологиясы және оқытудың белсенді әдістері




Оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы.Оқыту және білім беру

2

Психология курсындағы оқу тапсырмаларының таксономиясы

2

Психологияны оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы

2

Психологияны оқытудың белсенді әдістері

2

Модуль 3. Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оларды жүргізу әдістері




Психология пәні бойынша сабақ және оның негізгі сипаттамалары

2

Психология пәні бойынша дәрісті дайындау мен жүргізу әдістемесі

2

Психология пәні бойынша семинар және практикалық сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері

2

Психология пәні бойынша зертханалық сабақтар, тәжірибелер мен демонстрациялар

2

Модуль 4. Психологияны оқытудағы тексеруді ұйымдастыру мен бағалау.




Психология пәні бойынша білім алушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуы

2

Психологияны оқытудағы тексеру мен бағалауды ұйымдастыру

2

Психологияны оқытудағы білімді тексерудің түрлері мен формалары

2

Модуль 5. Психология оқытушысының іс-әрекеті мен кәсіби дайындығы.




Психология оқытушысының кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру

2

Психология бойынша оқыту курсын құрастыру технологиясы

2

Зертханалық сабақтар




-

-

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




1-тәжірибелік Психологияны оқытудың мақсаты, принциптері және білімнің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі

Жоспар


1.Жоғары және орта арнаулы педагогикалық білім стандарттары.

2.Пән бойынша оқу жоспарлары мен типтік бағдарламалар.

3.Жұмыс бағдарламаларын құру. Күнтізбелік жоспарлар.


2

2-тәжірибелік Оқыту теориясы және оқыту білім беру саласындағы.

Жоспар


1.Оқытудың негізгі концепциялары.

2.Психология бойынша оқулықтар және оқу әдебиеттер.

3.Стандарттар, оқу жоспарлары, типтік, жұмыс бағдарламалары.


2

3-тәжірибелік Психологияны оқыту әдістері.

Жоспар


1.Психологияны оқытудың сөздік әдістері.

2.Дәрістің негізгі қызметтері, дәріс материалын іріктеу принциптері, дәрісті оқу әдістемесі.

3.Психологияны оқытудың көрнекі әдістері.


3

4-тәжірибелік Проблемалық оқыту әдістері.

Жоспар


1.Проблемалық оқытудың негізгі педагогикалық түсініктері

2.Проблемалық міндет, проблемалық тапсырма.

3.Проблемалық жағдайды құру шарттары.


2

5-тәжірибелік Бағдарламалап оқыту әдістері.

Жоспар


1.Оқытудың бағдарламалы әдістері .

2.Бағдарламалы оқыту және ақыл-ой әрекеттерінің кезең-кезеңмен қалыптасу теориясымен сәйкес келуі.

3.Бағдарламалы оқытудың негізгі әдістемелік құралдары.

4.Оқу міндеттерінің типтері



2

6-тәжірибелік Интерактивті оқыту әдістері.

Жоспар


1.Қазіргі дидактикалық әдістер классификациясы.

2. Интерактивті оқыту, оның сипаттамасы.

3. Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері.

4. Психологияны оқытуда оларды пайдалану ерекшеліктері.



2

7-тәжірибелік Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және түзету.

Жоспар


1.Бақылау-бағалау іс-әрекетінің қызметтері.

2. Білімді тіркеу түрлері.

3.Білімді тіркеуді ұйымдастыру формалары.


2


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1 Психология бойынша оқулықтар мен оқу әдебиеттері (аннотация).

5.2 Оқу сабақтарының формалары және оларды өткізу әдістемесі (Ақыл картасын жасау).

5.3 Психологияны оқыту теориялық және қолданбалы ғылым ретінде (Дәріс жоспарының тұсау кесері, өзара талдау).

5.4 Қолданбалы психология бойынша семинар сабақтарды жоспарлау және өткізу ерекшеліктері (Семинар жоспарының тұсау кесері, өзара талдау).

5.5 Психология бойынша сабақтың тұсау кесері (презентация).


6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

3-Кесте



Оқулық және оқу-әдістемелік құрал саны


Кітап саны

Студенттер саны

% Қамту пайызы

1

2

3

4

5

1

Методика преподавания психологии: Конспект лекции /О.В.Хромченко / - 2004

1

16

6

2

Методика преподавания психологии: учеб. пособие /В.Н. Карандашев / - 2005

1




6

3

Методика преподавания психологии: Курс лекции /В.С.Герасимова / - 2007

3




18

4

Жантану пәнін орта мектептерде оқытудың мәселелері /Қ.Жарықбаев, А.Құдиярова. / - 2004

1




6

5

Онищук В.А. Урок современной школе. М.,2011.

1




6

6

Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии.-М., 2009.

5




30

7

Герасимова В.С. Методика преподованния психологии.-М., 2004.

2




12

8

Панибратцева З.П. Методика преподованния психологии. – М., 2008..

5




30

9

Ляудис В.Я. Методика преподованния психологии.-М., 2004.

2




12

10

Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе.-М., 1991.

3




18

11

Смолкин А.М. Методы активного обучения. - М., 1991.

1




6



7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер тізімі

7.1.1Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

7.1.2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

7.1.3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

7.1.4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

7.1.5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

7.1.6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.1.7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе. Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.



7.2 Қосымша әдебиеттер тізімі


7.2.1.Балл Г.А Теория учебных задач.-М.,1990

7.2.2.Вербицский А.А Новая образовательная программа и контекстное обучение.,-М.,2000

7.2.3.Бапаева М.К. Жоғары мектепте психологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері.-Алматы.,2006

7.2.4.Жанпейісова М.М Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде .-Алматы.-2002

7.2.5.Жарықбаев Қ.Б Жантану негіздері .-Алматы 2002

7.2.6.Джакупов С.М психология позновательной деятельности.- Алма- Ата 1992.

7.2.7.Карандашев В.М Методика преподавания психологии в начальной школе.- Вологда 2002

7.2.8.Климов Е.А Психология: Учебник для средней школы.М-1996

7.2.9.Ляудес В.Я Методика преподавания психологии.-М 2003

7.2.10. Психология Учебные пособие для начальной школы \Под ред.И.В дубровиной М-1998

7.2.11.Практическая психология для преподавателей\ под.ред. И.К.Татушкиной.-М 1998

7.2.12.Преподавание психологии: опыт междунородного исследования и преспективные проекты сотрудничества\\ Психологический журнал.-2001 №2 том 22.- 86-89

7.2.13.Рогов Е.И Псхология познания для старшеклассников.М.-2002

7.2.14.Самоукина Н.В. Практическая псхология в школе: лекции, консультирование, тренинги.-М.2007



7.2.15.Тұрғынбаева Б.А.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы.-2002



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет