Пысықтауыш
Орындаған: Битөре Г. Мұхамедәлі Ш. Муратбек Қ. Тұрар.Н
Қабылдаған: Уристенбекова Г
Оқу тобы:1301-42
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі - пысықтауыш. Ол да анықтауыш сияқты, басқа сөздің, әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүшесі. Солай болғандықтан пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Пысықтауыш, негізінде, заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды. Мысалы: ол - жақсы оқушы дегенде, жақсы оқушы дегенде, жақсы - анықтауыш, ол жақсы оқыды, жақсы сөйледі дегендерде - пысықтауыш; Үйге үш кісі кірді дегенде, үш - пысықтауыш. Сонымен, сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, себеп, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пысықтауыш деп атаймыз.
Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай былай бөлінеді: мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп- салдар пысықтауыш, амал пысықтауыш.
Пысықтауыш туралы жалпы түсінік
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер
Үстеулер мәндес есімдер
Септеулі(жатыс,барыс,шығыс,көмектес)зат есімдер
Үстеулер
Сапалық есімдер
Пысықтауыш құрамына қарай:
Дара пысықтауыш
Мысалы:Лезде ол қайта оралып от тамызды
Күрделі пысықтауыштар
Үйірлі пысықтауыштар
Мысалы:Таң жаңа ғана сызылып атып келе жатыр екен
Мысалы:Өзі жоқта Нұрыштың қақпанына оңай түсті
Дара пысықтауыш
Дара пысықтауыштар бір ғана сөзден жасалады.Олар,негізінен, үстеулер.Үстеулер өз мәнені,мағынасына сай сөйлем құрамына басқа сөздердің көмегінсіз дара тұрып пысықтауыш бола алады
Жасалу жолы:
Мысалы. Көктемде құлпырады ой менен қыр
Күрделі
пысықтауыш.
Жасалу
жолдары:
Негізгі және көмекші сөздер тіркесі
Өлке бойында Жаппас ауылы атақты.
Мезгіл мәнді туынды сын есімдер тіркесі
Қысқы күйзелісте Игілік кіресіне көшіп келген.
Сын есім мен мезгіл мәнді сөздер тіркесі
Соңгы әзірде Раушанда өзгеріс бар
Сын есім мен мезгіл мәнді сөздер тіркесі
Соңгы әзірде Раушанда өзгеріс бар
Сілтеу есімдігі мен мекенді білдіретін зат есім
Түн ішінде, мына боранда қайда барады?
Күрделі сан есімдер тіркесі
Елубесте біз-дағы сенісер адам таптық па?
Үстеулердің тіркесі
Былтыр ала жаздай серілік құрып, ел қылырдық.
Көсемшелік, есімшелік тұлға, қимыл есімдер
Үркіп қалгандықтан аңғара алмапты…
Үйірлі пысықтауыштар
Үйірлі пысықтауыштар құрамында күрделілердей емес, өз алдына дербес қарастырғанда, сөйлемге тән предикативтік қатынасты байқауға болады. Егер аса жайылыңқы құрамды үйірлі пысықтауыш болса, оның құрамынан бастауыш- баяндауыштық қатынас қана емес, тұрлаусыз мүшелерді де ажыратуға болады: Өзі жоқта Нұрыштың қақпанына оңай түсті. Мысал құрамындағы Өзі жоқта үйірлі пысықтауыш тек қана бастауышпен баяндауыштан құралған.
Сөз тіркесі мен әр түрлі сөздердің түйдекті тіркестері күрделі
мезгіл пысықтауыш қызыметінде жұмсалуы мүмкін:
Үстеу мен үстеу не үстеу мен зат есім тіркесіп күрделі пысықтауыш жасайды: бүгін кешке Қарағайда ойын болады.
01
Шақтық мағынадағы зат есімдер атау күйінде не түрлі қосымшалар жалғанып, олардың алдында сілтеу есімдіктеріқолданылады: с о л кез де жартыланған ай туған еді.
02
Септеулі, кейде атау тұлғалы есімдер кейін, сон, дейін көмекші сөздерментіркесіп, күрделі мезгіл пысықтауыш болады: түн о й ы аяз қаһарына мінді.
03
Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ, маң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп соңғы сөздер септікте тұрып күрделі мекенпысықтауыш болады: бұл маңда ел жоқ-ты. Таң ата, күн шыға, ел орнына отыра, жаз шыққанша тәрізді сөйлемдік құрамы бар тұрақты сөздер тіркесі үйірлі мезгіл пысықтауыш болады.
Айқындауыш
Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.
Айқындауыш сөйлемде екі жағынан да үтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады. Мысалы, Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана, сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер – осы сөзге тоқтасты.
Сөйлемнің айқындауыш мүшесі сөйлем ішіндегі бір сөзді заттық жағынан айқындап, мағынасын ашып, түсіндіріп тұрады. Айқындауыштың екі түрі бар:
Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады: Мысалы, Ер Қосай, Алпамыс батыр, Біржан сал, Баян сұлу, әнші Күләш, биші Шара, Құрманғазы күйші, Ақлима ана, т.б.
Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен, қос сөздер сияқты, дефис арқылы бөлінеді: жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, ақын-сазгер, т.б.
Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері
Үтірмен келетін оңашаланған айқындауыш
– Мүйізді Бұғы ана, біз, атамыз екеуіміз, сізді өте жақсы көреміз. Сіздің келуіңізді көптен бері күтіп жүр едік, – деді. (Ш.А.)
Сызықшамен келетін оңашаланған айқындауыш
Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы – Әділбек, Асылбекпен – бәрі де қонақтармен бірге болды. (М.Ә.)
Оңашаланған айқындауыштың сызықшамен келуі
Оңашаланған айқындауыш ішінде бірыңғай мүше келгенде, екі жағынан сызықша қойылады
Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана да, тамашалай да қараған еді. (М.Ә.)
Оңашаланған айқындауыш айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса, араларына сызықша қойылады да, айқындауыштан кейін тыныс белгісі қойылмайды
Жаңа жерге қонғанда жас төл – қозы, лақ қандай рахаттанады. (Ә.Н.)
Назарларыңызға рақмет!