1. Еңбек құралдарының жаңа түрлері-дәнүккіш, келі, балта жасала бастаған дәуір:
А. Орта палеолит
В. Неолит
С. Ерте палеолит
D. Энеолит
Е. Мезолит
Жауап: В.
Подсказка: Қыш құмыралар заманы
2. Үйсіндер ордасы Қызыл Аңғар орналасты:
А. Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында
В. Іленің сол жақ жағалауында
С. Талғар маңында
D. Талас өзенінің солтүстік жағалауында
Е. Алакөлдің жағасында
Жауап: A.
Подсказка: Қырғыз-қазақ жерінде
3. Түргеш қағанатының негізін қалаған билеуші:
А. Мөде
В. Күлтегін
С. Бумын
D. Үшлік
Е. Тоныкөк
Жауап: D.
Подсказка: 706 жылы қайтыс болды және баласы Сақал қаған
4. Орта ғасырларда Қазақ хандығының кұрылуы туралы жазған тарихшы:
A. Жүсіп Баласағұни
B. Мұхаммед Хайдар Дулати
C. Махмуд Қашғари
D. Өтеміс қажы
E. Ахмет Иүгінеки
Жауап: B.
Подсказка: “Тарихи Рашиди” авторы
5. XV ғ. II жартысындағы Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін күрестегі басты қарсыласы:
A. Темір-Мәлік
B. Мұхаммед Шайбани
C. Ұлықбек
D. Әмір Темір
E. Есен-бұға
Жауап: B.
Подсказка: Өзбектердің Мәуереннаһрдағы үстемдігіне себепші болған Қасым ханның бөлесі
6. XVII ғасырдың аяғы - ХVIII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:
A. «Жеті жарғы»
B. «Жасақ»
C. «Есім ханың ескі жолы»
D. «Қасым ханның касқа жолы»
E. «Шежірелер жинағы
Жауап: A.
Подсказка: Тәуке ханның тұсында қабылдады, үш би үлестерін қосты
7. Англиядан кеме алдыртқан Верный көпесі:
A. Сайрами
B. М.Ниязов
C. А.Аширов
D. В.Юлдашев
E. С.Мадатов
Жауап: D.
Подсказка: Жаркентте мешіт салдырған ұйғыр көпесі
8. Қазақтың көрнекті тұлғасы Абылай үш жүздің ханы болып жарияланған қала:
A. Ташкент
B. Омбы
C. Сайрам
D. Ақмола
E. Түркістан
Жауап: E.
Подсказка: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан қала
9. Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы шыққан жыл:
A. 2012 ж.
B. 1999 ж.
C. 1995 ж.
D. 2001 ж.
E. 1991 ж.
Жауап: B.
Подсказка: Республика Парламенті «Білім туралы заңның» өзгерген редакциясын қабылдаған жылмен бірдей
10. 1885-1935 жж. өмір сүрген Алаш зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі:
A. М.Шоқай
B. Ә.Бөкейханов
C. А.Байтұрсынұлы
D. М.Дулатұлы
E. М.Тыныпшаев
Жауап: D.
Подсказка: “Оян, қазақ!” деп ұрандаған “Бақытсыз Жамал” романының авторы
Достарыңызбен бөлісу: |