Пресс-досье с 2 по 4 августа 2013 года
Политические новости
На имя Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева поступило письмо от председателя Координационного совета Международного союза «Содружество общественных организаций ветеранов (пенсионеров) независимых государств», адмирала флота А.Сорокина
03.08.2013
В своем обращении А.Сорокин выражает признательность за то, что в Казахстане придается исключительно важное значение сохранению и увековечению памяти героев Великой Отечественной войны 1941-1945 годов. В частности, в стране ежегодно сооружаются новые мемориальные комплексы, поддерживаются в образцовом порядке братские могилы и другие памятные места.
В этой связи А.Сорокин поблагодарил Нурсултана Назарбаева за сохранение исторической памяти и заботливое отношение к ветеранам, последовательные шаги по укреплению международной интеграции, братских отношений между народами Содружества.
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев сегодня в Тегеране принял участие в церемонии инаугурации новоизбранного президента Ирана Хасана Рухани
04.08.2013
В ходе церемонии, которая состоялась в здании Парламента Исламской Республики Иран, Х. Рухани принес присягу перед депутатами высшего законодательного органа страны, официально вступив в должность.
На церемонию инаугурации прибыли представители более 50 делегаций, включая глав иностранных государств, правительств и парламентов, а также представители международных организаций.
По окончании церемонии состоялось совместное фотографирование. Глава государства Нурсултан Назарбаев также оставил запись в книге почетных гостей.
Күретамыр бағыт анық болуы керек
03.08.2013
Алда – ауыл әкімдерінің сайлауы. Оның қай деңгейде өтпегі мен көңілден шықпағы баршаға, жалпы халыққа сын болғалы тұр. Себебі, бұл сайлау 17 млн. халықтың 7,5 млн.-нан астамының құқығын анықтайтын алғашқы сайлау. 7,5 млн. дегеніміз, ауылда жер еміп, мал бағып отырған қарапайым адамдар. Демек, бұл олардың тағдырына тікелей қатысы бар сайлау деген сөз. Ал науқанның көп көңілінен шығуы үшін, әрине, жан-жақты бақылау, терең қадағалау, мықты талап қажет. Ауыл әкімдерінің сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия, міне, осы мақсатта құрылыпты.
Құрамына әртүрлі саланың белді өкілдерін, атап айтқанда, «Қазақстан Жазушылар одағы» ҚБ төрағасы Нұрлан Оразалин, «Қазақстан бас редакторлар клубы» РҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті Есенжол Алияров, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рахилям Махпирова, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева, «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская сынды азаматтар мен азаматшалардың басын біріктіріпті. Комиссияның төрағасы – «Қазақстан Республикасы ардагерлері ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев.
Жақында осы комиссия мүшелері жиын өткізіп, өздерінің алға қойған міндеттері турасында айтып берді. Өмірзақ Озғанбаев 5-9 тамыз аралығында байтақ еліміздің барлық дерлік аумағындағы ауылдық округтерде және аудандық бағыныстағы қалаларда ауыл әкімдерінің сайлауы өтетіндігін, комиссияның жұмысы осы сайлауды қадағалауға тікелей тірелетіндігін атап өтті.
Соңғы нүктені депутаттар қояды
03.08.2013
Елбасы Н.Ә.Назарбаев дәстүрлі Жолдауында: «Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек», – дей келіп, қалалық және ауылдық округтер әкімдерінің жергілікті қауымның тұрмыс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелерді жеке шешуіне мүмкіндік берілумен қатар, азаматтардың оған тікелей қатысуына, жергілікті халықтың талап-тілегінің уақтылы шешілуіне де зор ықпал ететінін атап өткен болатын.
Елбасы, сондай-ақ, «Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бірақ, сонымен бірге, қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым» деген еді.
Республика бойынша өткізілгелі отырған қалалық, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ерекше болмақ. Осы уақытқа дейін жергілікті әкімдерді аудан әкімі тағайындап келген болса, енді әкім болуға ынталы бірнеше үміткерлер қатысатын жанама сайлау нәтижесі бойынша тағайындалады. Қала, ауыл әкімдерін сайлау халықтың жоғары сеніміне ие халық қалаулылары – аудандық мәслихат депутаттарына жүктелініп отырғаны белгілі.
Осылайша, жұртшылықпен тікелей жұмыс істейтін және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімді сайлайтын күн жақындап қалды.
Қарасай ауданы бойынша барлығы 15 әкім сайланады. Оның ішінде біреуі аудандық маңызы бар қаланың, қалған 14-і ауылдық округтердің әкімдері. Бүгінгі күнге ауданда әкімдер сайлауына әзірлік жұмыстары толық аяқталды. Сайлау 7 тамызға тағайындалған. Аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қаскелең қаласының және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға әзірлік және сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, сайлау өтетін күнге дейін атқарылуға тиісті жұмыстардың барлығы жүзеге асырылды.
Решение по делу об экстрадиции Аблязова примут не раньше весны
2013-08-02
Достарыңызбен бөлісу: |