Презентация Тақырыбы:Картографиялық жалпыландыру. Географиялық картадағы жазулар Тобы: Қабылдаған: Орындаған: Жоспар - Картографиялық жалпыландыру.Географиялық картадағы жазулар.Карталардың жіктемесі:масштабы,мазмұны.
- Картографиялық жалпыландыру мазмұнының элементтері.Картографиялық жалпыландырудың болмысы.
- Картаны құрастыруда қолданылатын жалпыландыру пішіндері мен әдістері
- Географиялық картадағы жазудар түрлері (шрифт,түсі,өлшемі)
- Картографиялық жинақтаулар – бұл картадағы бейнеленген объектілердің қолданылуына, масштабына, мазмұнына және картаға түсірейін деп отырған территорияның ерекшеліктеріне байланысты сұрыптау және тұжырымдау болып табылады. Жинақтаудың мәні негізінен бұл картада объектілердің типтік көрнісін, ерекшеліктерінің сипатын және бір-бірімен байланысы алынады.Жинақтаудың өзінің анықтамасында негізгі факторлері көрсетілген, оған әсер ететіндер: картаның қолданылуы, оның масштабы және картографиялық шындықтың ерекшеліктері, сонымен қатар оған картаның тақырыбын қосуға болады.
Карталардағы жазу және географиялық атаулар - Бұрын картаға барлық жазулар қолмен жазып белгіленді, сондықтан әрбір карталар бір-бірінен ерекшеленіп тұрды, бiрақ қазіргі кезде картографтар суреттелетiн объекттердiң сипатына лайық стандартты шрифттерді таңдайды. Кейбір шрифт түрлері дәстүрлі түрде нысандар тобы үшін қолданылады, мысалы, өзен, көл, теңiздiң нысандарын әдетте курсивтермен жазып қояды, жер бедердiң элементтерiн түзу шрифтпен белгiлейді. Шрифттік жазулар ол картографиялық таңбалар үшін ең негізгі роль атқарады. Осы жазуларға нысандардың саны және сапасы жатады. Шрифттер сонымен қатар, формасына қарай: көлеміне, түсіне, құрылымына, әріптердің жазу үлгілеріне қарай ажыратылады. Шрифттердің көлемдері сол жердің, яғни халықтың санына қарай таңдалады. Ең негізгі картаны түсіргенде жазулар қатесіз болуға тиіс.
- Әрiптердiң өлшемi объекттiң маңыздылығына (немесе өлшемдеріне) тәуелдi болады. Әрiптер мен сөздердiң атаулары арасындағы қашықтықтар берілген картадағы объектінің ауданына байланысты өзгере алады. Картаның шрифттiк белгіленуіне картаның мазмұны мен оған жататын аумақты көрсететін тақырып жатады, ол үшiн iрi шрифт қолданылады. Географиялық атаулар маңызды рөл атқарады оны таңдау және оның саны картаның сипатына байланысты болады (мысалы, қаланың планы көптеген көшелердiң атауларын белгілесе, өсімдіктер картасы аз ғана керекті атауларды белгілейді). Картаны шығарған ұйымды белгілеу, жылын, пайдаланылған әдебиеттерді көрсету қабылдалған.
Достарыңызбен бөлісу: |