Призманың жазбасы. Призма бетінің ауданы



Дата31.01.2022
өлшемі163,08 Kb.
#130288
Байланысты:
практика №1 каз

Призманың жазбасы. Призма бетінің ауданы.


Тапсырма:
  • Тік призма дегеніміз не? Көлбеу призма дегеніміз не? Алдарыңыздағы призма қандай призмаға жатады? Суретте берілген призманың түрін анықтап, белгіленуімен жазыңыз.
  • Призманың табандары, бүйір жақтары, бүйір қырлары мен бүйір бетін көрсетіп жазыңыз. Призманың бүйір жағы мен бүйір бетінің айырмашылығы бар ма? Бар болса, жауабынызды түсіндіріңіз.
  • Призманың диагоналі дегеніміз не? Берілген призманың диагоналі бар ма? Жауабын түсіндіріңіз.
  • Берілген суреттегі призманы дұрыс призма деуге болады ма? Дұрыс призма дегеніміз не?
  • Призманың диагональдық қимасы қалай өтеді? Призманың диагональдық қимасы бесбұрыш, үшбұрыш болуы мүмкін бе?
  • Призманың бүйір жақтары қай кезде параллелограмм, ал қай кезде тіктөртбұрыш болады?
  • Берілген тапсырмада не қамтылмай қалды? Қамтылмай қалған мәселе бойынша өздерің сұрақ құрастырыңдар.

Тапсырма:
  • Суретте қандай призма бейнеленген? Белгіленуі бойынша жазыңыз.
  • Призманың элементтерін көрсетіңіз (бүйір қырлары, бүйір жақтары, табандары, бүйір беті, т.с.с.).
  • Берілген призманың әр төбесінен неше диагональ жүргізуге болады? Призманың диагоналі дегеніміз не?
  • Дұрыс призманың тік призмадан айырмашылығы қандай? Суретте бейнеленген призма қандай призма? Призманың қандай түрлерін білесіздер?
  • Тік призманың бүйір жақтарының саны мен табан қабырғаларының арасындағы байланыс қандай?
  • Призманың бүйір жақтары параллелограммдар деген тұжырыммен келісесіз бе? Призманың жақтары әрдайым параллелограмм бола береді ма?
  • Берілген тапсырмада не қамтылмай қалды? Қамтылмай қалған мәселе бойынша өздерің сұрақ құрастырыңдар.

ІІ қадам (Түсіну. Қолдану.)
  • Алдарынызда тұрған призма моделін жазсаныздар қандай фигуралар шығады? Призма жазбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?
  • Тіктөртбұрыштың ауданы неге тең?
  • Призманың бүйір жағының ауданын қалай есептейді?
  • Призма бүйір бетінің ауданын қалай есептейді?
  • Призма толық бетінің ауданын қалай есептейді?
  • Призманың бүйір бетінің ауданы деп нені айтамыз?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет