Программа компьютер түсінетін тілде жазылған командалар мен нұсқаулар жиынтығы



Дата19.09.2024
өлшемі124,38 Kb.
#204709
түріПрограмма
Байланысты:
Python


Python – жоғары деңгейлі және әмбебап бағдарламалау тілі болып табы-

лады. Ол қарапайым және қуатты объектілі-бағытталған бағдарламалау тілі.
Python бағдарламалау тілі 1980 жылы ойластырылған және оны құру Ни-

дерландыда математика және информатика орталығында Гидо ван Россумның
көмегімен 1989 жылдың желтоқсанынан басталды. Python қазіргі уақытта

белсенді түрде жетілдірілуде. Оның жаңа нұсқалары жиі шығады. Ресми сайты
http://python.org.
Программалау тілі – деректерді белгіленген ережелер бойынша өңдейтін адам мен компьютерді байланыстыратын формальді тіл.
Процессор программалау тілінде жазылған программаларды тікелей қабылдамайды. Ол үшін программаларды процессор тіліне аударатын трансляторлар (аударғыш) қажет. Транслятордың 2 түрі бар. Олар: 1. Компилятор. 2. Интерпретатор. Программалау тілінде жазылған программаны мәшине кодына аудару үшін компилятор қолданылады. Мәшине тіліне аударылған программаны процессорда кезең-кезеңімен талдай отырып ретімен орындау үшін интерпретаторлар қолданылады.
Программа – компьютер түсінетін тілде жазылған командалар мен нұсқаулар жиынтығы.
IDE ортасымен танысу
Әр түрлі мәселелерді шешу үшін алгоритм құру қажет. Сен бастауыш мектептен бастап алгоритм ұғымымен таныссың, алгоритм – бұл мақсатқа жетуге әкелетін нұсқаулар тізбегі. Алгоритмді мәтін, әртүрлі схемалар, диаграммалар түрінде және әлемнің әртүрлі тілдерінде ұсынуға болады. Көбінесе әртүрлі ұлттардың нұсқауларын түсінуі үшін олар суреттер тізбегі түрінде жасалады, мысалы, электр қондырғысын немесе жиһазды жинау, ботқаны қайнату немесе торт пісіру.
Информатикада алгоритмді көрсету үшін схема, псевдокод немесе программалық код қолданылады, бірақ компьютер немесе кез келген техникалық құрылғы, мысалы, робот, микротолқынды пеш немесе кіржуғыш машина, ұялы телефон тек программалық кодты түсінеді.

Программалау арқылы адамның логикалық және алгоритмдік ойлау дағдысы қалыптасады. Бұл дағды адам үшін өмір бойына өз ойын еркін тұжырымдауына әрі дәйекті ісқимыл жасауына көмектеседі.


Integrated Development Environment (IDE) (Программа құрудың интеграцияланған ортасы) – программалық жасақтама жасауға арналған программалар кешені. IDE жүйесінің бірнеше құрамдас бөлігі бар



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет