Психикалық дамудың заңдылықтары Жоспар: 1



Дата27.04.2020
өлшемі22,51 Kb.
#64847
Байланысты:
Психикалық дамудың заңдылықтары


Психикалық дамудың заңдылықтары

                                                     Жоспар:



11.Психикалық дамудың жылдымалы күштері және қайнар көздері. 2.Дамудың табиғи алғышарттары.

 Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.



Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады- биологизаторлық және социологизаторлық.Биологизаторлық бағытта адамды табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, мінез қырларын, мінез-құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік иесі деп қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын оның темпін, тез немесе ақырын, оның шегін дарындылығын анықтайды.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХҮІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту процесінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л.С.Выготский енгізген.
Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп көрсетті.
1. Циклділік
2. Дамудың бірқалыпты еместігі
3. Бала дамуындағы метаморфоздар
4. Бала дамуындағы эволюция және инволюция процестерінің байланысы.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез - сәбилік кезең деп аталады. Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 7 жасқа дейінгі кез - мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
8-ден 11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.

         Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан қарастырғанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен жүйке жүйесінің төменгі қалыптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасып, бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидың төменгі қалыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы қалыптардың шамалы кешірек дамуы биогентикалық заңдылық, бала жануарларға тән биологиялық түрге жататын жануар ата тегінің тарихи дамуын филогенетикалық дамуын қайталаумен шектелмейді. Баланың жүйке жүйесі әуелгі күндері қарапайым жәндіктердің (инфузориясын т.б.) жүйке жүйесі тәрізді жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан шашыраған жапырақ тәрізді болып келеді. Жапырақ бүктеліп түтік формасына ауысады, бұл көбінесе құрттарда кездеседі. Түтік үш буынға шеткі, ортаңғы және алдыңғы бөлінеді. Мысалы, құмырсқа, аралар т.б. насикомдарда кездеседі. Жүйке жүйесінің буындарының біреуі екіншісіне бағынбайды, автономды түрде қызмет атқарады. Дамудың жоғарғы сатысында алдыңғы буын үстем болып, бас миының негізіне айналады. Ана құрсағындағы баланың  бас миының  кейін даму себебі бас миы және оның  қабығы-эволюциялық өзгерістердің соңғы кездегі жемісі. Балаға тән  жүйке жүйесінің негізі-бас миы. Ол ана құрсағында едәуір дамып қалыптасып, туылғанан кейін өз қалыпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Баланың бас миы қабығы және оны микроскоппен көретін алты қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендіргіштерге жауап беруге (мысалы емуі) даяр болады.

         Биогенетикалық заңдылықтарды тұңғыш рет дәлелдеген неміс зоологы Э.Геккель (1884-1919ж.ж.). Ол осы заңдылықтың жалпы бағытын шамамен бір түрге жататын жануарлар филогенезі ата-тегінің дамуын қайталайтынын атап көрсетті. Ал орыс морфологы А.Н.Северцов (1866-1936 ж.ж.) осы заңдылық ана құрсағында жүйке жүйесінің қалыптасуына қатысты екендігін дәлелдеді.

         Кейбір зерттеушілер Я,Я.Рогинский, М.Хэррис адамның психикалық дамуы биологиялық фоктордан емес, әлеуметтік ортаға байланысты деп түсіндіреді. С.Холл мен Ж.Болдунин т.б. баланың ақыл-ойының дамуы адамзат қоғам дамуының тарихын қайталайды-деп түсіндірді.

            Бала қылығының ерекшеліктерін зерттеудің тәжірибесінде психика дамуында жалпы теория құру қажеттілігі пайда болды. Оны шешуге психологиялық бағыттар-функционализм, бихевиоризм, фредизм, гештальтизм т.б. Мұның әрқайсысы бала психикасынаң ең алдымен жалпы тұжырымдардың растығын куәландыратын объект ретінде қарастырды.

    Рефлекторлық  концепцияны нығайту және ары қарай дамуының шартын құрған анатомиялық зерттеудегі нерв жүйесі . Осындай зерттеудің бірімен айналысқан ағылшын неврологы Чарлз Белл болды. 1811 жылы ол өзінің трактатының зерттеме жобасының «мазмұны» жаңа анатомиялық ми деп айналасындағы өзінің достарына таратты.

      Белл трактатта өзінің ашқан жаңалығын жазған болатын және ол біраз уақытқа дейін мәлімсіз болатын кейіннен Беллден тәуелсіз француз физиологы  Ф. Мажанди (1783-1855) аналогиялық   қорытындыға келіп, содан кейін барып ол ғылыми түрде мәлім бола бастады. Афференттік жүйке артқы ми арқылы эфференттік жүйкенің өту инпульсі Белла – Мажанди заңы деп аталады. Бұл мазмұны жағынан физиологияда Гарвеемнің ашқан қан айналысымен салыстырылады. Бірте - бірте  рефлекторлық жолдарда локализация (шектеу) көрініс бере бастады.

       Рефлекс  ілімін  дамыту  жолында  19 ғ. 30 – 40  жылдарында  неміс  физиологы  Иоган  Мюллер  мен  ағылшын  докторы  Маршалл  Холл  рефлекс  ілімінің  даму  жолына  көп  үлестерін  қосты.

        Маршалл  Холл  рефлекске  табиғи  негіздегі  психикасы  жоқ  акттарды  енгізді. Қозғалыстарды  рефлекстерден  шектеу  үшін  ол  мидың  артқы  бөлігінің  талшықтары  екі түрлі  жүйке  жүйесінен  тұратын  сенсорлы  және  эксстомоторлы  деп  көрсетті. Ол  рефлекс  сезімтал  талшықтардың  қозуынан  емес,  бір-бірімен  байланыссыз  экссимоторлық жүйкелердің  әсерінен  болады  деп  айтты.

    ХХ ғ.-20 –30 жылдары капитылизм кезеңі басынан  экономикалық тоқырау кезеңін өткізді. Оның зияны бәрінен де АҚШ-қа тиді. Халық арасында жаппай жұмыссыздық белең алып, еңбекші халықтың шектен тыс жүдеуі таптық күрестің туындауын өршітті. Осының барлығы психологияның дамып отырған идеологиялық атмосферасын өзгертіп жіберді.

     Осындай жағдайда жаңа өзгерістер болып,әртүрлі салада зерттеулердің қайта бағдарлануы жүреді және жаңа бағыттар пайда болады. Әлеуметтік психологияға деген қызығушылық арта түседі. Болып жатқан мәселенің мотивін, құлық мотивінің проблемаларын анықтауға баса назар аударылады.

    Психотерапия тек невротиктерге ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаларға , олардың ішкі қарама-қайшылықтарынан арылуға көмектесуге байланысты да қолданыла бастайды. Оның негізгі кеңінен тараған түрі психолониялық кеңес ретінде жүргізіледі. Психологиялық кеңес беру кең ауқымды, белгілі бір дәрежені иемденеді. Британ энциклопедиясының куаландыруынша « 30 жылдардағы депрессия психологияның белсендлігін арттырушы кезең болды. Кәсіптік кеңес беру жұмыссыздарға таралды, тұрғындардың сатып алу әдеттері талданды, ой-пікірлерді зерттеу үкіметтің саясатын қалыптастыруда өз көмегін тигізді.»

           Флойд Олпорт секілді шыншыл бихевиористердің Ойлауынша әлеуметтік құлықты түсіндіруде , олардың  ойында бірінші болып ішкі реакциялардың құлқына сыртқы факторлардың әсері ерекше деген бір ұстаным қабылданады.

            Бұл үрейлі жағдайға – халықтық психологиялық конгреске қатысушылар куәгер болып отырды. Онда әртүрлі бағыттардың жетекшілері тіл табыса алмады. АҚШ-та алғаш рет өтіп отырған  ІХ- халықаралық психологиялық конгресстің президенті – Джеймс Кеттлден  ой бөлісуін сұрағанда , ол: « Психология- оған үлкен бір медузаны есіне түсіретінін айтты». 1932 жылы Копенгагенде өткен келесі конгресте, басты гештальттықтардың бірі – Келлер былай деді. « Психология әбден құрып бітеді, егер оның байланстырып тұратын жіптерін таппаса ».

       Сонымен, ғылыми толыққанды зерттеулер жүргізу үшін, көптеген бізге белгілі , бірақ тарап кеткен ұғымдарды біріктіру қажет болды.

        Бихевиоризмнен – бейне мен мотивтің әрекеті, гештальтизмда – бейненің  мотив пен әректтен, фрейдизмде- қалған категориялардан мотив т.б. сияқты ұғымдар алынды. Бұл теориялық мақсаттар болды. Брақ бұлардың шешімдері әлеуметтік практиканың талаптарымен анықталды. Оқыту мен психодиагностика мәселелері орталық орында тұрды. Ал, « болжау мен бақылау » негізгі девиз болды. Уотсонның жоспары бойынша адамның құлқын бақылау жоспарлау деген иллюзиядан арылды. Бұл жаңа бағдарлама іздестіруге бағыттады. Өткен теориялардың бөліктерін біріктріп, кризистен шыығу мүмкін емес болды. 1932 жылы совет психологы – Выгодский: «Психологияның өзіндік фундаменті құрылу қажет » деді.   

 

Пайдаланатын әдебиеттер:



1.Мұқанов М., Жас және педагогикалық психология.- Алматы,1991.

2.Гамезо М.В., Возрастная и педагогическая психология.- Москва,1984.



3.Петровский А.В., Возрастная и педагогическая психология.- Москва,2003.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет