Психология - адамзатқа арналған күрделі, әрі маңызды ең кызықты көне ғылымдардың бірі. Адамзат баласы ғасырлар бойы көптеген ғалымдардың зерттейтін объектісі болып келеді. Өйткені, адамзат қоршаған әлемдегі ең ғажайып әрі құпия жаратылыс иесі.
Ежелгі грек философы Сократтың екі мың жыл бұрын айтқан «Өзіңді таны!» деген мәнді де мағыналы ұранды сөзі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ.
Психика туралы түсінік адамға және оның жеке өміріне өмірлік тәжірибе береді. Бір адам туралы «Ол өте жақсы психолог, кез-келген адамның қандай екенін бірден айта алады» деген сөзді жиі естіп жатамыз. «Психологтың» астарында өмірлік тәжірибесінің арқасында адамның өмірде көргендері арқылы көп нәрсені байқайтындығы, сезінетіндігі, сол арқылы өзгелерге түсіндіре алатындығы анықталады Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін есте сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз, осы құбылыстардың барлығы - біздің психикамыз.
«ІІсихология» сөзі гректің екі сөзінен құралған: «псюхе»- жан, екіншісі «логос» - ғылым, ілім дегенді аңғартады. Жалпы психология - адамның жанын, рухани дүниесін және психикалық өмірін зерттейтін ғылым.
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).
Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі - егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.
Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;
Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.
Психология ғылымы өзінің қажеттілігіне байланысты түрлі салаларға бөліне бастады:
жас ерекшелік, медициналық, инженерлік , әлеуметтік, педагогикалық, космостық, спорт, шығармашылық, заң психологиясы немесе т.с.с.
Тәжірбиелі психология негізінен 4 бөлімнен тұрады.
1. Индивидуалдық психология
2. Топ арасындағы және топ ішіндегі өзара бірлескен іс-әрекеттермен қарым-қатынастар психологиясы
3. Кәсіби іс-әрекет психологисы
4. Жеке немесе тұрмыстың өмір психологиясы
Тәжірбиелік , мұндай бөлімдерге бөлінуінің себебі: индивид өзінің ерекшеліктерімен қалыптасады, өзін өзі өзгелерді тани білуі қажет. Адам әр қашан көпшілік ортасында өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Қарым-қатынас жөнінде бірқатар заңдылықтар бар, сол заңдылықтарға сәйкес адам өзінің мінез-құлық әрекеттерін дұрыс бағытта қалыптастыруы мүмкін.
Практикалық психология саласы негізінен маңызды таңда барлық бағыттағы мәселелерді қарастырып рационалды іс-әрекеттерді ұйымдастыруы қажетті барлық теорияның, тәжірбиелік методологиялық базаны қалаған. Тәжірибелік психология XXI-ғасыр ағымына өте қажетті сала б.т. және де оның атқаратын функционалды қызметі күн сайын артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |