Психотерапия



Pdf көрінісі
Дата22.12.2021
өлшемі41,78 Kb.
#127659
Байланысты:
Психотерапия — Уикипедия



Психотерапия

Психотерапия (

гр.


 psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда

психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу

дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға

(клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе 

психикасын

 өңдеуге


көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді

жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде

психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына

байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық,

необихевиористік

, когнитивтік, 

гуманистік

, нейролингвистикалық бағдарламалау

(НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы,

адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия

ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар

ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр

түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне

ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі

қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге

ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты

қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — 

гипноз


,

аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың

өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген

оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген

адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.

[1]


Дереккөздер


 

Ерден Карсыбеков [1 жыл бұрын соңғы рет  өңдеді]  

1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384



бет. 

ISBN 9965-409-98-6

«

https://kk.wikipedia.org/w/index.php?



title=Психотерапия&oldid=2810844

» бетінен



алынған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет