Пунктуация



Дата17.05.2024
өлшемі60,42 Kb.
#202422
Байланысты:
пунктуация

Пунктуация

Пунктуация

  • Негізгі қызметі
  • Айтылған ойды екіұшты етпей, дәл, түсінікті жеткізу.
  • Қосымша, көмекші қызметі
  • Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым-ишара, кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.

Негізгі тыныс белгілері

  • нүкте;
  • сұрақ белгісі;
  • леп белгісі;
  • қос нүкте;
  • көп нүкте;
  • нүктелі үтір;
  • үтір;
  • сызықша;
  • тырнақша;
  • жақша.

Мәтіннің тыныс белгілерін қою үшін үш белгіге сүйену керек:

  • сөйлем құрылысына негізделген грамматикалық принцип;
  • сөйлем және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын айқындаушы –мағыналық принцип;
  • дауыс ырғағы – сөйлем интонациясы.

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынас әртүрлі жағдайда, сөйлеу тілінің мақсатына қарай (хабарлау, баяндау, сұрап білу, жауап алу, талап ету, екіұшты күйде қалу) әрқилы болып келеді. Осыған орай сөйлем соңында түрлі тыныс белгілері қойылады.
  • (.) нүкте: Аман үйге келді.
  • (?) сұрақ белгісі: Айтарың бар ма?
  • (!) леп белгісі: Бабаларым, рақмет сендерге!
  • (...) көп нүкте: Дауыстарестілгендей болды...

Оқиық

Нүкте

  • Графикалық шартты белгі болып табылатын тыныс белгілерінің бірі және ең көп кездесетін түрі – нүкте. Нүкте ойды аяқтап тұрған жағайда қойылады, сонымен бірге сөздер қысқартылып лынған жағдайда да қолданылады.

Нүкте

Негізгі қызметі

  • Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады. Мысалы: Ертең ел жайлауға көшеді.
  • Жай, лепсіз айтылған бұйрыұ, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады. Мысалы: Ертең елге бет түзе.

Қосымша қызметі:

1. Адамның аты, әкесінің аты шартты түрде қысқартылып алынғанда, мысалы: М.О.Әуезов.

2. Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы: Арман. Сенбісің?! Қайдан жүрсің?

3. Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады. Мысалы: М.О.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, т.б. Ойшылдарымыз осы тақырыпқа қалам тартты.

3. Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады. Мысалы: М.О.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, т.б. Ойшылдарымыз осы тақырыпқа қалам тартты.

4. Жыл, ғасыр, сағат, минут сөзі қысқартылып алынса, нүкте қойылады. Мысалы: әл-Фараби (Х ғ.), М.Қашқари (ХІ ғ.) сияқты ғұламалар мұралары – мақтанышымыз.

Сұрақ белгісі

  • Сұраулы сөйлем – сұрап білу, жауап алу мақсатында жүзеге асырылатын ой. Сұраққа жауап іздеу адамның дүниені танып-білу қадамына бастау болып, тіршілік үшін күресін ұштайды. Білуге құштар жанның сұраулы сөйлемді сауатты құрастырып, жүйелей білуі де аса маңызды. Сұраулы сөйлем сұрау мәнді сөздер мен сұраулық шылаулардың қатысуымен жасалып, сұрау белгісі арқылы ажыратылады.

Сұрақ белгісі

  • Сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады. Мысалы: Есен-саумысың?
  • Сұраулық мәнін көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін қойылады. Адам ба? Аң ба? Бұта ма? Көзім жетпей тұр.
  • Сұрақ белгісі кейде бір сөздің мәні екіұшты боп, күмән тудырғанда қойылады. Жақшаға алынады. Тарта берер алдыға, ұмтыла берем балаша (?)

Сұраулы сөйлем сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады

  • Кім? Не? Қандай? Қай? т.б. сұрау есімдіктерінің қатысуымен жасалады.
  • Шығар, болар, қайтеді сөздерінің қатысуымен жасалады.
  • Баяндауыш құрамында –ғой, -ау демеулік шылаулары мен ә одағайы келіп сұрау мәні үстеледі.

Сұраулы сөйлем сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады

  • Сұрау есімдіктері сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Бұл кім?
  • Сұраулық шылаулар. Сұрау мәнін үстейді. Мысалы: Келді ме?
  • Бейтарап сөздер баяндауыш құрамында келеді. Мысалы: келген шығар?
  • Тіркесіп келіп баяндауыш құрамында болады. Мысалы: Ұнапайсың, ә?

1-тапсырма. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

  • Алақай! Енді сәл жүрсек жетеміз
  • Оны кім айтты
  • Бағана анау қырда қарағанымда қазақ үйді байқадым да, үш төбе өтетінімізді бағдарлап алдым
  • Па, шіркін, зерек екенсің
  • Мені атам үнемі осылай жан-жағымды бағдарлап жүруге үйреткен
  • Атаң дана жан екен-ау, негізі
  • Бірдеңе айтқыңыз келді ме
  • Саған айтар ойымды анау құс бөліп жіберді
  • Сіз оның қандай құс екенін тани аласыз ба
  • Мен құстарды онша айыра алмаймын. Мұны да танып тындырмаспын
  • Бұл қаршыға
  • Солай ма


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет