Қр президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы



Дата25.05.2023
өлшемі14,13 Kb.
#177737
Байланысты:
Жолдауға пікір
0 сынып КТЖ 23-24 (1)

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Мен үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауының маңызы өте ауқымды және айрықша болды. Президент бүгінгі жолдауында халыққа салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, әділетті Қазақстан құрудың нақты бағытын көрсетті. Мемлекет басшысы «Балалар жылы» аясында «Ұлттық қор - балаларға» жобасын іске қосуды ұсынды. Мұнда Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50% әр баланың әлеуметтік жинақ шотына аударылып, бала кәмлетке толмайынша бұл жиналған қаражат алынбайтының қадап айтты. Кәмелеттік жасқа толғанда әр бала өз қалауымен есепшотындағы қаражатты ары қарай білім алуға немесе баспана алуына жұмсауы мемлекеттік басшысының көрегендігі деп санаймын және келешек үшін жасалған үлкен қамқорлық деп қабылдадым.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жолдауында қозғаған ең маңызды мәселелер:
1)Бала-бақшадағы тәрбиешілер жалақысын көтеру, тәрбиешілерді аттестациядан өткізу;
2) 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау;
3Әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жасқа белгілеу;
4) Елдегі ең төменгі еңбекақыны 60000-нан 70000-ға дейін көтеру;
5) 100 мың жасты жұмыспен қамтып, олар кәсіп бастаймын десе жылдық үстемесі 2,5 % несие беру;
6) Медициналық сақтандыру жүйесін қайта қарастыру, т.б. халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған тапсырмалары халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет