Құрастырушылар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата01.03.2020
өлшемі1,35 Mb.
#59311
  1   2   3
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ на каз и рус яз 1 (1)


ӘОЖ 37. 01 (075. 3) 

КБЖ 74. 20. Я 72 

А 13 

ШҚО білім басқармасы жанындағы Сараптамалық кеңестің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №18 шешімімен 



ұсынылды. 

Рекомендовано решением экспертного совета при управлении образовании ВКО №18 от 27 декабря 2019 года. 



Құрастырушылар: М. Асанова – ШҚО ББ «Шығыс» ӨО  директоры 

 

А. Исаев - ШҚО ББ «Шығыс» ӨО  директорының орынбасары 



  

Г. Абетаева - ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі 

кабинетінің меңгерушісі  

 

Э. Балапанова - ШҚО ББ «Шығыс» ӨО  тәрбие кабинетінің меңгерушісі 



          

А.  Мырзаханова  -  ШҚО  ББ  «Шығыс»  ӨО  оқыту  мазмұны  және  білім  сапасының 

мониторингі кабинетінің әдіскері 

 

Б. Муканов – «№27 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  



          

Е.  Муратова  -  ШҚО  ББ  «Өскемен  қаласындағы  ШҚО  дарынды  балаларға  арналған 

мамандандырылған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 

 

А. Алимгазина -  ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-



лицей-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  

Составители:  

 

М. Асанова – директор РЦ «Шығыс» УО ВКО 



 

А.Исаев – заместитель директора РЦ «Шығыс» УО ВКО  

          

Г.  Абетаева  –  заведующая  кабинетом  содержания  обучения  и  мониторинга  качества 

образования РЦ «Шығыс» УО ВКО   

 

Э. Балапанова - заведующая кабинетом воспитательной работы РЦ «Шығыс» УО ВКО   



 

А.  Мырзаханова  –  методист  кабинета  содержания  обучения  и  мониторинга  качества 

образования РЦ «Шығыс» УО ВКО  

 

Б. Муканов –  учитель казахского языка и литературы КГУ «Средняя школа №27»  



          

Е. Муратова - учитель казахского языка и литературы КГУ «Восточно-Казахстанский 

областной специализированный лицей «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» для одаренных детей города Усть-Каменогорска» УО 

ВКО  


          

А.  Алимгазина  -  учитель  казахского  языка  и  литературы  КГУ  «Областная 

специализированная школа-лицей-интернат для одаренных детей» УО ВКО          

Осы ұсынымдар білім беру ұйымдары директорлардың орынбасырларына, қазақ тілі мен әдебиеті, музыка, 

көркем өнер мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне және білім беруде  тәрбие қызметін үйлестіретін басқа да мамандарға 

арналған. Өскемен қаласы, ШҚО білім басқармасы «Шығыс» ӨО, 2019. 

Данные  рекомендации  разработаны  для  заместителей  директоров  организаций  образования,  учителей 

казахского  языка  и  литературы,  музыки,  рисования,  классных  руководителей  и  специалистов,  координирующих 

воспитательную деятельность в системе образования. Город Усть-Каменогорск,                       РЦ «Шығыс» управления 

образования ВКО, 2019. 



ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы, 2019 

«Абай әлемі» іс-шарасы аясында оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әр түрлі шараларды 

ұйымдастыру және өткізу бойынша  

әдістемелік ұсынымдар 

Кіріспе 


Әрбір  халықтың  бүкіл  әлемге  оның  мәдениетін,  дүниетанымы  мен 

философиясын білдіретін атақты адамдары бар. Олардың арқасында ұлттық өнердің 

жауһарлары  пайда  болады,  ғылым  мен  техникада  ашылулар  болады.  Ұлы 

адамдардың есімдері - халық пен жердің визит карточкасы.  

Қазақстанның танымал адамдары-біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің жеке 

беті.  Олардың  өмірбаяндары  мен  жетістіктері  -  өз  Отанын  сүйетін  және  ұлттық 

мәдениетті мақтан ететін әрбір қазақстандық білуі тиіс.  

Бірақ  тек  біліммен  ғана  шектелуге  болмайды,  елдің  имиджін  жасайтын 

адамдарды танымал ету қажет. Ал олар Қазақстанның көрнекті тұлғалары. Олардың 

жетістіктері  бойынша  Қазақстан  туралы,  оның  тарихы,  мәдени  және  менталдық 

құндылықтары туралы пікір айтады.  

Ұлттық мақтаныш - халық пен мемлекет еркіндігінің кепілі. Ол өз халқы мен 

оның  үздік  өкілдері  туралы  білімдерден  қалыптасады.  Сондықтан  Қазақстанның 

атақты  адамдары  туралы  көбірек  білу  керек.  Ұлттық  аңыз  —  Абай  Құнанбаевтың 

өмірбаяны мен жетістіктеріне жақын болу. 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласында  «біздің 

ұлттық  салт-дәстүріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз,  жоралғыларымыз,  бір 

сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі  қалуға  тиіс»,  «Абайдың 

даналығы,  Әуезовтің  ғұламалығы,  Жамбылдың  жырлары  мен  Құрманғазының 

күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» сияқты нақты көрсетілген. Жаңа 

үлгідегі жаңғыртудың бірінші шарты Елбасы «өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын 

сақтау» деп атайды. 

Абай  ілімі  халықтың  рухани  жаңғыруымен  тығыз  байланысты,  ал  оның 

даналығы қазіргі заманмен үндес. 

Ұлы  Абайдың  шығармашылық  мұрасы  –  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

маңызын  жоймайтын  рухани  қазынасы.  Абайдың  сөзі  –  қазақтың  бойтұмары, 

Абайды  тану,  бағалау,  насихаттау,  оқыту  –  қоғамдық  ой-санада  тың  серпілістер 

туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа 

қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.  

 

Абай  –  ұлы  ұстаз-кемеңгер.  Абай  тақырыбы  –  мәңгілік  тақырып.  Абай 



тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз. 

«

...Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір 



үңіліп  қоймай  болмайды.  Сонда  жан  қинап  жүрген  қай  күмәннің  де  бәріне  жауап 

таба  аласың».  Бұл  сөздер  әрбір  адамның  дұрыс  жетілуіне  кепіл  болатын,  қоғам 

өмірінде  басшылыққа  алатын  бағдарламалық  ойлар  тәрізді.  Ұлы  ақын  мұрасын 

танып  білуге  арналған  ғылыми  мақалалар,  монографиялық  зерттеулер, 

текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын толықтырылып 

келеді.  

Жүз жылдан астам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде 

келе  жатқан  ғылымды  одан  әрі  дамыта  түсу  –  бізге,  ұстаздарға  қойылар  басты 

міндет. 


10 тамыз күні қазақстандықтар, әлемдік оқырман қауым, әр түрлі елдердегі ірі 

орталықтардың 

әдебиеттанулары, 

педагогтер, 

Абай 

шығармаларының 



аудармашылары оның туған күнін атап өтеді. 

30  мамыр  2019  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Абай 

Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған» жарлығы шықты. 2020 жыл 

білім,  ғылым  және  мәдениет  мәселелері  жөніндегі  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

(ЮНЕСКО)  және  түркі  мәдениетінің  халықаралық  ұйымының  (ТҮРКСОЙ) 

қамқорлығымен  өтетін  қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушысы  Абай  Құнанбайұлының 

туғанына 175 жыл толуына арналған іс-шаралармен атап өтіледі. Шығыс Қазақстан 

облысының  білім  беру  мекемелерінде  Абай  мұрасын  насихаттау  «Абай  әлемі»  іс-

шарасы  аясында  оқу-тәрбие  іс-әрекетінің  түрлі  шараларын  ұйымдастыру  және 

өткізу арқылы жүзеге асырылуда. 



 «

Абай әлемі» әдістемелік ұсынымдар 

Әдістемелік нұсқаулық қазақ әдебиеті мен қазақ тілі пәнінен және тәрбие іс-

шараларын  өткізу  кезінде  бойынша  оқушылар  дайындығының  негізінде  Абай 

мұрасын  тануды  сабақта  және  сыныптан  тыс  оқыту  кеңістігінде  жүзеге  асыру 

жолдарын қарастырады.  

«

Абай  әлемі»  әдістемелік  ұсынымы  мұғалімдердің  және  оқушылардың 



шығармашылық  мүмкіндіктеріне  жол  ашады.  Өзіндік  ерекшеліктерімен 

өзгешеленеді.  Сондай-ақ  оқушы  тұлғасын  дамытуды  көздейді.  Әдістемедегі  іс-

шараларды  сан-алуан  шығармашылық  сипаттарда  түрліше  құрылуы  тиіс:  семинар, 

ақынмен диалог, конференция, дебат, өлең мен қарасөздер сайысы, шығармашылық 

жұмыстарды қорғау,  жоба қорғау сабағы, қойылым көрсету, шығармашылық есеп 

үлгісінде  т.б.    Бұлардың  ішінде  көп  қолданылатыны  –  жобалау  жұмыс  .  Себебі 

абайтанудың кілті – ақынның өз шығармаларында. Абайды, ұлы Абайды өзгелердің 

пікірлері  арқылы  танып  сараптау  –  мектептен  кейінгі  ғылымның  қызметі.  Ал 

мектепте Абайды оқушылар оның шығармаларын тікелей оқи отырып, өз көзімен, өз 

ойымен тануға тиіс. Сонда ғана мектептегі Абай ілімі оқушы үшін пайдалы болмақ.  



Әдістемелік  ұсынымның  мақсаты  –  жалпы  стандарттық  талаптардың 

орындалуын  кеңейте  отырып,  оқушылардың  Абай  мұрасы  бойынша  білімін 

тереңдетулеріне жағдай туғыза отырып, таңдалған оқу материалдарындағы рухани 

болмыс  пен  адамгершілік  бағдарларды,  тәрбиелік  әлеуеттерді  олардың  өз 

беттерінше  ізденіп  тануына,  сол  құндылықтарға  бағдарлануына  мұғалімнің 

ұйымдастыратын  оқу  әрекеттерін  педагогикалық  және  психологиялық  жағынан 

негіздеу.  

Бұл  әдістемелік  құрал  Абайдың  әдеби  мұрасын  оқушы  бойындағы  ойлау, 

түсіну,  сезіну,  толғаныс,  эмоциялық  және  ақыл-ой  сапаларын  дамыту  құралы 

ретінде  мұғалімнің  пайдалана  алуына  да  көмек  болып  табылады.  Ол  оқушының 

әдеби  біліміне,  білік-дағдыларына  негізделе  отырып,  оқушының  талғау,  қабылдау 

қабілеттерін, талдау мәдениетін дамытуға бағытталады.  



Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 

«Абайды білмек керек ойлы жасқа» атты онкүндік жоспарына арналған 

шаралардың үлгілері  

 

«Абайды  таныту  арқылы  біз  Қазақстанды  әлемге 



танытамыз,  қазақ  халқын  танытамыз.  Абай  әрқашан 

біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» 

    

Елбасы Н. Ә. Назарбаев. 



Мақсаты:  Абай  Құнанбайұлының  175  -  жылдығына  орай  Ұлы  ақынның 

өнегелі  өмірімен  таныстыру,  ақынның  даналығын,  рухани  асыл  мұраларын 

насихаттап,  ақын  шығармашылығын  жас  ұрпақтың  «жүрегіне  терең  бойлатып», 

Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, дарынды жастарды анықтау 

және оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету  

Міндеті: 

Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте



сақтауға баулу; 

Көркем  сөйлеуге,  өз  бетімен  іздене  білуге,  шығармашылықпен  жұмыс



істеуге баулу; 

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру;



Жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

Қазіргі  абайтанушы  ғалымдардың  ақын  шығармаларын  зерттеу,



жинақтау, жариялау, насихаттау тұрғысындағы жұмыстарын талдауға бағыттау; 

Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып,



өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 

1. «ШАМШЫРАҒЫ  ҚАЗАҚТЫҢ  ҰЛЫ  АБАЙ»  БІЛІМ  САЙЫСЫ

(ТЕСТ) 

Мақсаты:  Ұлы  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  оқушы 

бойында түсінік қалыптастыра отырып, Абайдың өлеңдері, поэмалары, қара сөздері, 

аудармалары туралы білім деңгейлерін анықтау,  

Міндеті: 

Ғұлама ақын жайында толық мағлұмат қалыптастыру; 



Ақын шығармашылығы арқылы ой түю, тәлім-тәрбие алу; 

Абай мұраларының жастар арасында кең таралуына ықпал жасау. 



Аудитория: 5-9, 10-11 сынып оқушылары 

Шарты: қатысушылар тест сұрақтарынан құралған сынақ тапсырады: 

1.

Әр  сұрақтың  бір  дұрыс  жауабы  бар.  Белгіленген  төрт  қате  жауап  бір



дұрыс жауапты жояды. 

2.

Сынаққа берілетін уақыт мөлшері – 30 минут.



3.

Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.



Тест үлгісі 

1. 1882  жылы  жазылған  Абайдың  ақындығын  өзіне  де,  өзгелерге  де

мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз. 

А) «Жаз», «Қыс»; 



В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»; 

С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»; 

Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»; 

Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».* 



2. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?

А) Байкөкше; 

В) Барлас; 

С) Көкпай;* 

Д) Балта; 

Е) Шөже. 



3. Мәдениет  пен  білімнің  маңызын  насихаттауға  арналған  тұңғыш

шығармасын белгілеңіз. 

А) «Интернатта оқып жүр»; 

В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;* 

С) «Ғылым таппай мақтанба»; 

Д) «Жазғытұры»; 

Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат». 



4. Үзінді қай өлеңінен?

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, 

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз. 

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен, 

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз. 

А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;* 

В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»; 

С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»; 

Д) «Болыс болдым, мінеки»; 

Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?». 



5. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.

А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; 

В) «Жаз»;* 

С) «Қыс»; 

Д) «Күз»; 

Е) «Жазғытұры». 



6. Ойшыл  адамның  өмірде  көргені  мен  басынан  кешкен  шерлі  сырын

танытатын шығарманы атаңыз. 

А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»; 

В) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;* 

С) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»; 

Д) «Малға достың мұңы жоқ»; 

Е) «Қалың елім, қазағым». 



7. Абайдың қанша поэмасы бар?

А) 2; 


В) 3;* 

С) 4; 


Д) 5; 

Е) 7. 


8. Абайдың  қай  поэмасының  уақиғасы  «Мың  бір  түн»  ертегісінен

алынған? 

А) «Ескендір»; 

В) «Масғұт»; 

С) «Әзім әңгімесі»;* 

Д) «Еңлік - Кебек»; 

Е) «Ләйлі - Мәжнүн». 

9. Еуропаға  Александр  Македонский  деген  атпен  белгілі  қолбасшының

өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз. 

А) «Ескендір»;* 

В) «Масғұт»; 

С) «Әзім әңгімесі»; 

Д) «Еңлік - Кебек»; 

Е) «Ләйлі - Мәжнүн». 



10. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез

деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды? 

А) Алтыншы сөзінде; 

В) Отыз үшінші сөзінде; 

С) Он сегізінші сөзінде;* 

Д) Жиырма бесінші сөзінде; 

Е) Он тоғызыншы сөзінде. 



11. «Қазақтың  классикалық  әдебиетінің  атасы,  қазақ  поэзиясының  күн

шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім? 

А) А. Байтұрсынов

В) Ш. Құдайбердіұлы; 

С) С. Сейфуллин; 

Д) М. Әуезов;* 

Е) З. Ахметов. 



12. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай, 

Азалы ақ көрпесін сілке тастап

Жер күлімдер, өзіне шырай беріп. 

Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған? 

А) Ассонанс; 

В) Аллитерация; 

С) Теңеу; 

Д) Кейіптеу;* 

Е) Риторикалық сұрау. 



13. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?

А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;* 

В) «Сегіз аяқ»; 

С) «Көзімнің қарасы»; 

Д) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»; 

Е) «Қор болды жаным». 



14. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы

заманда  қазақ  баласында  біз  білетін  ақын  болған  жоқ»  деген  сөздің  авторы 

кім? 

А) Ш. Құдайбердіұлы; 

В) А. Байтұрсынұлы;* 

С) С. Сейфуллин; 



Д) М. Әуезов; 

Е) М. Жұмабаев. 



15. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше

тіліне аударылды? 

А) 101 тілге; 

В) 105тілге; 

С) 110 тілге; 

Д) 116 тілге;* 

Е) 120 тілге. 



16. Абай оқыған медресе?

А) Ахмет - Риза медресесі;* 

В) Медресе Мухаммадия; 

С) Медресе Рахманқұли; 

Д) Медресе Расуля; 

Е) «Ғалия» медресесі. 



17. Абайдың  алғашқы  өлеңдер  жинағы  қай  жылы,  қай  жерде  басылып

шықты? 

А) 1896ж. Қазан; 

В) 1898ж. Орынбор; 

С) 1904ж. Қазан; 

Д) 1908ж. Петербург; 

Е) 1909ж. Петербург.* 



18. Абайдың неше күйі бар?

А) 1; 


В) 2; 

С) 3;* 


Д) 4; 

Е) 5. 


19. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.

А) «Атың шықпаса, жер өрте»; 

В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;* 

С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»; 

Д) «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»; 

Е) «Қалауын тапса, қар жанар». 



20. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін

«улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз. 

А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»; 

В) «Түбінде баянды еңбек егін салған»; 

С) «Ғылым таппай мақтанба»; 

Д) «Көлеңке басын ұзартып»; 

Е) «Болыс болдым, мінеки».* 



2. «АБАЙДЫ ОҚЫҒАН СОҢ...» ЭССЕ ЖАЗУ САЙЫСЫ

Мақсаты:  Абай  шығармашылығын  насихаттау  арқылы  қоғамдық  келісім 

мен  қазақстандық  рухани  бірлікті  нығайту  және  отансүйгіштік  сезімді  тәрбиелеу, 

жазуға  талапты  балалардың  қабiлет-қарымын  ұштау,  әдебиетке,  Абай 

шығармашылығына  деген  қызығушылықтарын  арттыру,  шығармашылық  ізденіске 

жұмылдыру.  


Міндеті:  

Оқушылардың шығармашылық қабілетін бақылау  



Оқушының ойлау қабілетін арттыру; 

Оқыған-білгенін эссе жұмысына пайдалана алу; 



Сауатты жазуы, ойын жеткізе білуі 

жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту. 



Аудитория: 5-9, 10-11 сыныптар 

Шарты:  

Оқушы  өз  ойын  қара  сөзбен  және  өлең  түрінде  жаза  алады. 

Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады; 

Эссе көлемі (А-5 форматындағы) 2 беттен кем болмауы керек; 



Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 60 минут. 



Эссе тақырыптары: Абайдың шығармашылығы мен өмірін сипаттайтын 

3 тақырып ұсынылып, оқушыға таңдау беріледі. 

Ұсынылатын ЭССЕ тақырыптары: 

1. Абай дүниетанымындағы құндылықтар.

2. Абайдың қара сөздері және бүгінгі қоғам.

3. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...

4. Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар.

5. Абайдың сөз өнері туралы эстетикалық ұстанымын дәлелдеп аргументативті эссе

жазыңыз. 

3. «МЕН  БІР  ЖҰМБАҚ  АДАММЫН,  ОНЫ  ДА  ОЙЛА»  ЖАС

ҒАЛЫМДАР САЙЫСЫ 

Мақсаты:  Абайды  тану  -  жалпы  қазақ  әдебиетін  тану,  сондықтан  Абай 

шығармаларының  зерттелуіне,  Абайтану  ғылымының  қыр-сырына,  Абай 

мұрасының рухани-тәрбиелік тағылымдарына қатысты зерттеулер жүргізу.  

Міндеті: 

Абайдың өскен ортасы, шығармашылығын жүйелеу; 



Абай  шығармаларының  зерттелуі  мен  зерттеушілер  туралы  ақпарат 

жинақтау; 

Абай  мұрасындағы  рухани  тәрбиенің  негізгі  мазмұны  мен  негізгі 



қағидаттарын анықтау; 

Жас  ұрпаққа  Абайтану  ғылымының  маңыздылығы  мен  қажеттілігін 



түсіндіру; 

Аудитория: 10-11 сыныптар 

Шарты:  

Ғылыми жоба тақырыбы Абайтану мәселесіне (өмірі, шығармашылығы, 

зерттелуі, зерттеушілер туралы өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек. 

Қорғаушының  ғылыми  жобаны  тіл  табиғатын  сақтап  жеткізуі,  тың 

тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады. 

Ғылыми  жұмыс  стандарттағы  ғылыми  жобаның  жазылу  шарттарына 

сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек). 

Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді 

құралдарды қолдана алады. 

Қорғаушыға  берілетін  ең  көп  уақыт  мөлшері  –  10  минут  (қазылар 

алқасының қосымша сұрағы мен оның жауабына кететін уақытты қоса есептегенде).  




«Мен  бір  жұмбақ  адаммын,  оны  да  ойла»  жас  ғалымдар  сайысы 

бойынша бағалау ұпайлары: 



1) Ғылыми  жобаны  тіл

табиғатын  сақтап  жеткізу, 

тақырыбын аша білуі.  

2)

Тың тақырып, жаңалығы



1)

ғылыми


жоба 

талаптарына 

сай 

орындалуы 



2) дизайны

3

)



Уақытты 

дұрыс


қолдану 

Жұмысқа  қатысты 

қосымша 

сұраққа 


жауабы 

5 ұпай 

5 ұпай 



ұпай 

4. «БАР  ЖАЗҒАНЫ  ДАНАЛЫҚ  БОП  САНАЛҒАН...»  АТТЫ  СӨЗ

ШЕБЕРЛЕРІНІҢ САЙЫСЫ 

Мақсаты:  Абай  шығармаларын  танып-білуге,  мәнерлеп  сөйлеуге 

машықтандыру,  сөздің  мәнін  жете  түсіну,  оның  табиғатын  тану  және  нақышына 

келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру. 

Міндеті: 

Оқушыларды  Абай  Құнанбаевтың  өмірімен,  өскен  ортасымен, 



қарасөздерімен, өлеңдерімен, поэмаларымен, аудармаларымен таныстыру;  

Шығармаларын  түсініп  оқуға,  танып  өсуге  баулу,  өмірін,  адамгершілік 



қасиеттерін үлгі ету; 

Оқушылардың  шығармашылық  ойларын  қалыптастыра  отырып,  ойлау 



қабілетін дамыту; 

Абай өлеңдерін жаттап, сөз қадірін білуге тәрбиелеу; 



Ғұлама  Абай  мұрасын,  нақыл  сөздерін,  философиялық  ой-толғауларын 

насихаттау. 

Аудитория:  5-9, 10-11 сыныптар 

Шарты:  

Қатысушы  Абай  шығармасын  немесе  шығармасынан  үзіндіні  (қара 

сөздері немесе поэзиялық) жатқа мәнерлеп оқиды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет