Құрбанова Айдын Дефектология 1топ Менің болашақ мамандығым үшін саясаттану ғылымының маңызы



Дата26.03.2022
өлшемі15,8 Kb.
#136873



Құрбанова Айдын Дефектология 1топ


Менің болашақ мамандығым үшін саясаттану ғылымының маңызы

Саясаттану ғылымы бұл қандай да бір қоғамның саяси дамуына тұрақтылығына жауа беретін өте жауапкершілігі жоғары ғылымдардың бірі. Біздің өмірімізде саясаттану маңызды орын алады.
Алайда біз бұған көп мән бермейміз. Және болашақта біздің мамандығымызға тигізетін әсерін білу үшін бізге Саясаттану ғылымын тереңірек білуіміз қажет.

Жалпы менің мамандығым қоғамдағы мүмкіншілігі шектеулі жандармен жұмыстеуге бағытталған Дефектология логопед мамандығы. Бұл мамандық саясатқа қандай қатысы бар деген сұрақ көбімізде қалыптасуы әбден мүмкін.


Әрине біз бір мемлекеттің ішінде мекен еткендіктен яғни қара шаңырағымыз бір болғандықтан осы жерде біз секілді өмір сүретін адамдармен тең құқылымыз. Және барлығымыз елдегі болып жатқан саясатқа бағынып өз міндетімізді атқарамыз.
Жалпы мемлекет тарапынан келген саясаттар біздің мамандығымызда қолданыла отырып өз кезегінде біз секілді жандарға немесе мүмкіншілігі шектеулі адамдарға өз әсерін тигізеді. Мәселен саясатта мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көмек қолын ұсынуда және ол бұйрықты біздің мамандық мүшелері қабылдап алып іске асырады. Осының арқасында біздің өмірімізде үлкен және тиімді саясат жүріп халық пен мемлекет арасында байланыс орнатылады.
Бұл жерде жалпы қарап отырсақ Саясаттанудың басты мақсаты қандай да бір топ болсын, мемлекет болсын немесе шағын отбасылардың ішіндегі саяси мәселерді барлығына жалпы басқарып, сыртқы мәселелерді тұрақтандырып, басқарушы мен бағынушының арасында мәмілеге келуді жоспарлайтын стратегия деп қарастыруға болады.

Саясат – қоғам мемлекет және әрбір азаматтың тіршілігінің негізі . Әсіресе саясаттың рөлі мен маңызы , қоғамның негізгі құндылықтары мен идеалдарының өзгеріске ұшыраған , өтпелі тарихи кезеңдерінде ерекше мәнге ие болады . Мұндай түбегейлі өзгерістерді жас егемен Қазақстан Республикасы да басынан кешіруде .
Қоғамның рухани және интеллектуалдық жағынан жаңарып , әлеуметтік және гуманитарлық құндылықтарын қайта қарап қалыптастыруда , саясаттану ғылымның өзектілігі даусыз . Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мақсаты болып табылады .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет