Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
РЕФЕРАТ Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.
Орындаған:
ТАЖ:Құмарова Марина Нұрланқызы
Тобы:КЯЛШ-15
Тексерген: Гарифуллина Амина Байгалиевна
1992 жылғы 7 мамыр біздің армия тарихының басталған күні деп есептеледі, бұл күні ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына негізінен 40-жалпыәскери армия құрамалары, сондай-ақ ӘӘК және ӘШҚ, ТМД-ның Біріккен Қарулы Күштерінің Қазақстан аумағында орналасқан бөлімдері, мекемелері мен ұйымдары кірді. Елдің Конституциясында былай деп айқындалған: «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен әскер түрлері бойынша әскери қызмет атқарады». «Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» базалық заң, ол қорғанысты ұйымдастырудың негіздерін, мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттіктерін белгіледі. Қазақстан Республикасының аумағында әскери қызмет міндетін атқарушы әскери қызметшілердің және әскери қызметтен босаған тұлғалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы «Әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасы аумағында әскери қызметтен босаған тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» Заң күші бар Жарлыққа қол қойды. «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заң қабылданды, онда әскери қызметтен өтудің, азаматтарды әскери міндетті өтеуге шақыруға дайындаудың және нақты әскери қызмет өтеуден шығарудың негізгі ережелері, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі айқындалды. Шақыру бойынша мерзімді қызмет пен келісімшарт бойынша қызметті ұштастыратын аралас негіздегі армияны жасақтау принциптері орнықтырылды. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заң қабылданды, онда әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау заң жүзінде баянды етілді. Әскери қызметшілердің жауынгерлік борышын орындау кезіндегі құқықтары, бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі нақты көрсетілді.