Реферат Тақырыбы: «Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.»



Дата07.02.2022
өлшемі30,47 Kb.
#92193
түріРеферат
Байланысты:
Ерболатова Д. 103а боөж-8


Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Реферат
Тақырыбы: «Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.»

Жасаған: Ерболатова Дильназ Е.
Тексерген: Асхат Сумесинов

Алматы,2020 жыл


Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
Жоспар:
1.Н.Ә.Назарбаевтың қанатты нұсқамасы – "ең әуелі экономика – сонан соң – саясат".
2.Президенттің ел халқына Жолдауы: "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" және оның маңызы.
3.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оны табысты еңсеру.

ХХ ғасырдың 90-жылдары басында Қазақстан экономикалық дағдарысқа тап болды. Өндіріс орындары тоқтап, жұмыссыздық көбейді. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындары қиын жағдайларға тап болды, олардың тоқтап қалуы әдеттегі құбылысқа айналды.Тұтынушылық рынок мәселелері барынша шиеленісті, азық-түлік, киім-кешек жетіспеді, алыпсатарлық пен әміршіл-әкімшіл аппараттың сатылғыштығы өсті. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару нәтижесінде оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз ете алмады. Өнеркәсіп пен аграрлық салада болсын өнім өндірудің барлық түрлері төмендеді. Өндірістік қуаттарды, құрылыс объектілерін іске қосу күрт қысқарды. Тұрғын үйлерді, мектептерді, тағы да басқа әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді салу айтарлықтай төмендеді. Республика осындай ауыр жағдайға тап болған кезде бұрыннан қолданылып келген жоспарлы экономиканы түбегейлі өзгертуді қажет болды. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы материалдық-техникалық қатынастарды жетілдіруде, қаржы салаларында жаңа экономикалық шарт жасасып, достық, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ауыр жағдайдан шығу жолында Қазақстан нарықтық моделін құруды қолға алды. Алайда көптеген қиыншылықтарға тап келді. Тек қана экономикалық жүйені ғана емес, мемлекеттік құрылымды да заман ағымына сай бейімдеу қажет болды. Нарықтық экономикаға көші жолдарын түсінуде шетелдік мамандарға жүгінуге, оларды тартуға мәжбүр болды.


Нарықтық экономика– еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру — азаматтардың немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж.ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері
Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жеке меншік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып — дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заң үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған. Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1) Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2) Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3) Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5) Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс). 6) Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7) Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. «Қазақстан — 2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады. Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иелік артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды «сонан кейін» деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, сол себептен “голландық ауруға” немесе «семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру керек.
Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі – Қазақстан Республиксының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында — «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру. Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз керек. Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Келісім–шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін қолданылуға тиіс.
Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара – бар заңнаманың болуы өте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет. «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді» делінген. Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.
Қазақстан экономикасының ерекшелігі. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикада әр түрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауынын геологиялық құрылымы біркелкі емес. Қазақстанның халық шаруашылығы қалыптасқан салалар; құрылым — біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынғы одақтық біріңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейін үстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде бәрін бір өзі шешу зардабын тигізетіндігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдардын ортасында 13 жыл бойы қалыптасқан мемлекеттің халық шаруашылығының кұрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, мемлекет индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3%-н төңірегінде. Мұның өзі халыктың қажеттілігін 40-50% ғана канағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз, 20-30%-ға сәйкес келеді. Оның үстіне, шикізат пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінде жоғарылатылғандықтан, баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, мемлекет территориясындағы өнеркәсіптердің басым үлесі, яғни 93% бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды. Осы жағдайларды қалай түзеуге болады? Тығырықтан шығудың жолдары кандай?
Нарықты қалыптастырудың алғышарты нақты тәуелсіздік. Мемлекет тәуелсіздік — өмірдің өзі кұн тәртібіне жоғары талаппен койып отырған мәселе. Экономикалык реформаның барысы. Мемлекетте реформаны жүзеге асыруға бағытталған үш бағдарлама қабылданды. Оның 1991-1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы 1-кезең. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы (экономиканы тұрақтандаруға және нарыққа көшу кезеңіне арналған) және мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы
2-кезен. Еліміздің президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде де қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы» деген кітапшасында экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды атады:
— адамның экономикалық; тұрғыдан өзін айқындау принциптерін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасалады;
— Қазақстанның табиғи ресурстарының дүниежүзілік тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу
— тұтыну нарығын толықтыру;
— Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту және оны тиімді пайдалану;
1994 жылдың маусымында Қазақстанның президенті Н.Назарбаев «Қазақстан мемлекетінің жоғары кеңесіне Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы»жолдауын жіберді. Осы жоғарыда айтылған құжаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру қалай жүріп жатыр? Әрине, әлі де айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқпыз. Алайда, жүргізіліп жатқан шаралар аз емес. Мәселен, ұлттық валюта енгізгеннен бері экономикалық реформаны дамытып терендету мәселелері бойынша мемлекет басшысы мен үкімет нормативтік сипаттағы 200-ден астам жарлықтар, қаулылар және ережелер қабылдады.
Сөйтіп, заң тұрғысындағы бірқатар елеулі проблемалар шешіліп, нормативтік база едәуір жаңартылды. Осындай көрсеткіштерге қарай отырып, біздің елімізде нарықтық экономика, оның негіздері қалыптасып, қарқынды дамуы байқалады. Біз болашақ бухгалтерлер бұл ұғыммен таныса отырып, оның әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.


Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ
2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл жолдау «Қазақстан -2050» стратегиясын ашық түсіндіріп, бірегей кең ауқымды міндеттерін дамытады. Жолдаудың тақырыбынан біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты баяндамасының саяси сабақтастығын анық байқаймыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жолдауы - Қазақстан халқы үшін өте маңызды. Онда қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихынан, Тәуелсіздік жылдары бастан өткерген қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы айтылды.
Бір мақсат – Мәңгілік елді нығайту, біздің Отанымыз - Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – біздің ортақ құндылығымыз, тәуелсіз және гүлденген елде өмір сүруге ұмтылу!
Бір болашақ – Мәңгілік елдің, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі!
«Мәңгілік елдің» жеті қағидаты біздің дамуымыздың негізгі құндылықтары, ортақ мүддемізді және Қазақстан халқының тарихи тағдырын көрсетеді. Бұл Ұлт Көшбасшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін жұмылдырушы күшке айналарына сенімдімін.
Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіргізу жоспарын ұсынды.
Ол үшін Қазақстан экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарын енгізуге кірісуі, ішкі жиынтық өнімнің жылдық өсімін 4%-дан асыруы, инвестиция көлемін ішкі жиынтық өнім көлемінің 18%-нан 30%-ына дейін жеткізуі қажет. 2050 жылға қарай экспорттық жалпы құрылымындағы шикізат емес экспорттың үлесі 70%-ға жетуі керек.
Ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық міндеттерге баса назар аударуымыз қажет, олар әлеуметтік міндеттерді шешудің және қоғамдық келісімнің негізіне айналады. Ғылымды қаржыландыруды ішкі жиынтық өнімнің 3%-ынан кемітпеу және мәдени саясатты дамыту бойынша міндеттер көзделіп отыр.
Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа түрін енгізу халықтың әлауқатын арттырудың жаңа кезеңіне айналады. Ал бүкіл әлемде дағдарыс құбылыстарына байланысты әлеуметтік көрсеткіштер төмендеп бара жатқаны баршамызға белгілі.
Мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену үшін жеке меншік бәсекелестігі ахуалы, әділдік, заң мен жоғары құқықтық мәдениет үстемдігі, мемлекеттіктің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен қарым қатынасының жаңа құралдары қажет.
Заң алдындағы теңдік құқықтық тәртіптің нақты негізіне айналуы керек. Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қол жетімді болуы керек, құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттырумыз қажет. Үлкен құзырет берілген лауазымды тұлғалар адалдығымен және жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленуі тиіс.
Басты міндет – жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағаз шығармашылығы мен құжат айналымын көбейтуге айналып кетпеуі қажет. Жергілікті басқару органдарына еркіндік бере отырып, олардың түпкі нәтиже үшін жауапкершілігін арттыруымыз және халықтың алдында есеп беріп отыруын қадағалауымыз керек.
Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында еліміз бен қоғамымыздың алдында тұрған нақты міндеттер осындай. Біз олардың заңдылығы мен нақты шешімдерін қамтамасыз етеміз.
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканыңжетекшікүші.
Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н.Ә. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші және ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н.А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.
Біріншіден, адам өзін бизнесте сынап көруіне, елде өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толық құнды қатысушысы болуға, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта деңгейге көшуге қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға мүмкіндік жасау керек.
Екіншіден, мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарында берік диалог құру үшін бизнестің нығайту жұмыстарын жалғастыру керек, ол жаңа стратегияны іске асыруда барлық кәсіпкерлердің қызығушылығы мен кең қамтылу мәселесін шешеді.
Үшіншіден, мемлекет өзінің рөлін өзгерту керек, стратегиялық емес кәсіпорындар мен қызмет көрсетулерді жеке қолға беретін кең ауқымды жекелендірудің екінші толқыны қажет.
Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
Осы стратегиялық бағытты орындау мақсатында Елбасы келесі мақсаттарды анықтады.
Біріншіден, мемлекет, әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде азаматтарға төменгі әлеуметтік стандартқа кепілдеме беру қажет және экономика мен бюджет өсіміне тәуелді төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдемелерді орнату қажет.
Екіншіден, мемлекетәлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс. Қоғамныңәлеуметтік жағдайы төмен топтарына атаулы қолдау көрсетудетолық жауапкершілікалу, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, аналық пен бабалықты қорғау, оқыту бағдарламасын және жұмыссыздарды қайта даярлауды қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа белсенді алу бойынша жағдай жасау.
Үшіншіден, аймақтарды дамытуда әлеуметтік үйлесімсіздік мәселелерін шешу бойынша жинақталу маңызды болып табылады, аймақтарды дамытуда басымды мәселелерді шешумен барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау қажет.
Төртіншіден, жұмыскерлердің мүдделерін шешуге бағытталған, еңбекпен қамту және төлеуді қамтамасыз ету саясатын жаңғырту қажет.
Бесіншіден, жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі аналық және бала мәселелерін қорғау болып табылады, елімізде әйелдердің рөлін көтеру, оларға еңбекпен қамтудың икемді түрлерін беру және үйде жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Қазіргі заманғы әйел мансап жасауға талпыну керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруларға белсенді қатыстыру қажет, әсіресе аймақтардағы жергілікті жерлерде. Әйелдердің бизнес ашу мен жүргізу үшін алғышарттар жасау керек.
Мемлекет пен қоғам жетімдерді асырап алу мен отбасылық типтегі балалар үйінің құрылысын қолдау керек. Балаларды тәрбиелеу – болашаққа деген едәуір салым болып табылады. Бұл мәселеде біз дәл осылай істеу керекпіз және балаларымызға ең жақсы білім беруге талпыну керекпіз.
Алтыншыдан, медициналық қызмет көрсетудің халықаралық сапасын енгізуді жылдам қарқынмен орындау керекпіз. Медициналық кластерлерді құру, жаңа медициналық технологияларды енгізу ауру мен өлім көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін, Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
Елбасының ойынша, бұл стратегиялық мақсаттың шешімі іс-шара кешенімен шартталады, оның ішінде:
— мемлекеттік жоспарлау мен болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру, жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту;
— басқарудың сауатты ортақтандырылуы, орталықтан үкіметтің аймақтық органдарына шешім қабылдау үшін қажетті ресурстар мен құқықтың берілуі;
— кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
— мемлекеттік апараттың бизнес-қоғамдастықтарымен өзара әрекет етудің жаңа жүйесін орнату, жекеменшік құқығының тұрақтылығына кепілдік беру, келісімдік міндеттемелердің қорғалуы;
— тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық қағидатын қалыптастыру;
— жемқорлықпен қарсы күресте мемлекет пен қоғамның бірыңғай бағытын қалыптастыру;
— тәртіпсіздік пен жемқорлықты жою бойынша «нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыру тапсырмасын орындау үшін құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.
Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
Қазақстанның ұлттық мүдделерін өрлету үшін республика көп бағытты сыртқы саясатты жүзеге асыру керек, ол келесі қағидаттарды есептеу негізінде іске асуы тиіс.
Біріншіден, аса прагматикалық қағидаттардағы ұлттық мүдделердің сыртқы саясаттық өрлеуі.
Екіншіден, аймақтық қауіпсіздік бойынша жауапкершілікті ұғынудың маңыздылығы және Орталық Азиядағы тұрақтылыққа өз септігін тигізу, аймақтағы шиеленісті жағдайлардың алғы шарттарын жоюға көмектесу.
Үшіншіден, Қазақстан барлық үдемелі халықаралық бастамаларды қолдап, жаһандық қауіпсіздікке өзінің үлесін қосу керек.
Төртіншіден, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеттілігін және әскери доктринасын нығайту керек, қорғаныстық мазмұндағы әр түрлі тетіктерге қатысу.
Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:
Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз ету, оны барлық салаларда қолдану. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана-сезімді қалыптастыру.
Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып, елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады.
Қолданылған дерек көздері:
1. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2012. - 320 с
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).5-ші т Алматы: Атамұра, 2010.
3. Ғаламтор желісі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет