Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Жалғаулардың көнеленуі арқылы жасалған үстеулер
Орындаған:
Амалбекова Ақжүніс
Қабылдаған:
Сәменова Света Нұртаевна
Қарағанды, 2023ж
Кіріспе
Сөйлемде
беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне,
синтаксистік қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi
— Үстеу. Бұлар
көбінесе етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық
сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт
алдында шалқасынан сұлық
жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға айтқанды (М.
Әуезов).
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі
амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара
сралап топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі:
синтетикалық
(морфологиялық) және аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер. Екі
тәсілде үстеу сөз табын тудыру үшін қызмет атқарады. Сөз таптары
арнасында да түрліше амал – тәсілдер арқылы үстеулер жасалады.
Морфологиялық, құрылысы (структурасы) мен құрамы жағынан
үстеулер нeгiзгi және синтетикалық,
аналитикалық, тәciлмeн
жасалатын үстеулер болып, үш түрлі болады.
Нeгiзгi түбірлі үстеулер — әpi
қарай бөлшектеуге келмейтін
түрлері: әpi, бepi, төмен, кеш, жай, ерте, дәл, қазір, жаңа, өте, мына,
жорта, eнді, ең, аса, тек, нақ, тап, әдейі т.б.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай
қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сезжасамның негізгі үш
тәсілі бар:
1.
синтетикалық тәсіл,
2.
аналитикалық тәсіл,
3.
лексика-семантикалық тәсіл.