Реферат тақырыбы: «Кроль» Орындаған: Досахметов Жаслан 20 ет тобының студенті Тексерген: Бексемуратов Р. С



Дата15.01.2022
өлшемі14,18 Kb.
#111809
түріРеферат
Байланысты:
Документ


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Кроль»

Орындаған:Досахметов Жаслан

20 ЕТ тобының студенті

Тексерген: Бексемуратов Р.С

Кроль (ағылш. Crawl — еңбектеу, жер бауырлап еңбектеу) – дененің сол және оң бөліктері алма-кезек есу жасайтын етпеттей жүзу стилі. Жүзудің ең жылдам тәсілі болып табылады. Еркін стильді жүзу жарыстарында спортшылардың көпшілігі крольді таңдайды, сондықтан «еркін стиль» мен «кроль» іс жүзінде синонимге айналып кеткен.

Крольше жүзгенде жүзгіштің қолдары оның денесін ось бойынша бойлай ессе, аяқтары да кезек-кезек көтіріліп-түседі. Жүзгіштің беті су ішінде болады және есу кезінде дамыл-дамы

л дем алып тұру үшін бұрылып тұрады.

«Кроль кеудемен» немесе «Еркін стиль» (әдісінің жүзу жаттығуларын орындау техникасы)

Қол мен аяқ қозғалыстарының сипаты кезекпен ауысып отырады (жаяу жүріс немесе жүгіріс кезіндегідей). Барлық буындарда аяқ пен қолдың бүгіліп-жазылуы орындалады. Ал жүзгіштің қолдары айналмалы қозғалыс жасайды. Бастапқы жағдайда жүзгіштің денесі су бетіне көлденең орналасқан, аяқтары мен қолдары түзу әрі біріккен, өкшесі аздап ішке қарай бұрылған, басы төмен қарай бетімен суға түсірілген.

Аяқ қозғалысының техникасы:

Сол және оң аяқтар кезектесе жоғарыдан төмен және төменнен жоғары 35-50см амплитудамен қозғалады. Аяғы төмен қарай қозғалғанда, оның тізе және жамбас буындарында бүгілуі қатар жүргізіледі. Төменгі қалыпта тізе буынының белсенді қозғалысының әсерінен жүзушінің тұрақты әрі көлденең қалыпта ілгері жылжуын қамтитын табанның серпілісі орындалады. Жоғары қарай аяқ түзу қозғалады. Бір аяқ төменгі шеткі қалыпта болғанда, екіншісі – жоғарғы қалыпта болуы тиіс.

Қол қозғалысының техникасы:

Қол қозғалыстарын ауыспалы орындай отырып, жүзуші үздіксіз алға қозғалып отырады. Бір қолмен есу қимылы жасалғанда,екінші қол алдыға созылып судың бетінде тұрады, және керісінше. Қолдың су үстіндегі қозғалысы, есу орындап жатқан екінші қолға қарағанда жылдамырақ болу керек. Судың үстіндегі қол шынтақ тұсында аздап бүгіліп, судың бетінде еркін қозғалады. Қол суға енгенде есу басталып, бастапқыда түзу қолмен, содан соң қолын шынтақ тұсында бүгіп, денесінің ішкі жағына қарай еседі, бөксе тұсына келгенде есуді аяқтайды.

Сол (оң) қолмен есуді аяқтағанда дем алу басталып, жүзуші басын сәйкес жаққа бұрады және тез аяқтайды. Содан кейін жүзуші басын тез бұрып, бастапқы қалыпқа келтіріп, бірден суға дем шығарылады. Мұндай тыныс алуды үздіксіз деп атап, жаңадан бастап келе жатқан жүзушілерге де ұсынылады. Дем алу – тек ауыз арқылы, дем шығару – ауыз бен мұрын арқылы жүзеге асырылады.

Дене қалпы:

Бас суға түсірілген, дене горизонталь қалыпта су бетінде орналасқан. Тыныс алу су бетінде жүргізіледі, ол үшін жүзуші басын шетке бұрады, ал демді суға шығарады. Тыныс алу сол(оң) қолмен есуді аяқтағанда басталып, су бетінде қолдың қозғалысы басталғанда аяқталады. Бас бастапқы қалыпқа бұрылып, бірден дем шығару басталып кетеді. Тыныс алу тек ауыз арқылы, ал дем ауыз және мұрын арқылы шығарылады. Жүзушінің басы суға өте қатты батырылмаған жағдайда болу керек (судың деңгейі қастың тұсында)

Қозғалыстардың жалпы үйлесімі:



Аяқ, қол және тыныс алудың дұрыс үйлестірілуі және дұрыс координациясы жүзушінің бірқалыпты алға қозғалуын қамтамасыз етеді.

Қолмен екі рет есу, бір тыныс алу мен дем шығару, аяқпен алты рет соққылау – үйлесімді кроль қозғалысы болып есептеледі. Бұл қозғалыс – алты соққылы кроль деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет