Реферат тақырыбы: Ұлт зиялыларының қалыптасуы Орындаған: Құмарбекқызы Қарақат Тобы: кд 21-21к тексерген: Ақтамбердиева З. С



Дата01.03.2023
өлшемі21,37 Kb.
#170608
түріРеферат
Байланысты:
реферат


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ұлт зиялыларының қалыптасуы

Орындаған: Құмарбекқызы Қарақат


Тобы: КД 21-21К
Тексерген: Ақтамбердиева З.С.


Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.


Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениеттұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.

Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің тарихын зерттеуді олардың өздері бастап берген болатын. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және Е. Омаровтың өз замандастырының өмірі мен қызметіне байланысты түрлі басылымдарда жариаланған еңбектерін айтқан жөн. Қазақ зиялылары кім туралы жазбасын, уақыт рухына сай қайраткердің ұстанған айқындамасы мен атқарған еңбегін бірінші кезекке қойды. Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Мұндай саясаттың астары түсінікті болатын. Қазақ бұқарасының санасын өзіне қаратып алуды көздеген большевиктер, өзінің негізгі қарсыласы ұлттық тәуелсіздік тұғырнамасында тұрған қазақ демократиялық интеллигенциясын күрес аренасынан біржола ығыстыруды алдына мақсат етіп қойған еді. 1922 жылдан бастап жоғары билікте жүрген Алаш қайраткерлері ығыстырыла бастайды. Қазақтың демократиялық интеллигенциясының қоғамдық – саяси қызметін бағалау алғашқы кезде екіге жарылып, кейін жоғарыдан берілген нұсқаумен біржақты зиянды жағынан көрсететін еңбектер шыға бастады. 1937–1938 жылдардағы интеллигенцияға қарсы жүргізілген жаппай жазалау саясаты бұл мәселені 1980 жылдарға дейін жауып қойды.


Қазақ зиялылары өмірі совет дәуірінде халқымыздың тарихында аракідік зерттелді. Көбіне ол революцияларға, шаруалар көтерілісіне, Қазан төңкерісінен кейінгі қайраткерлерге бағышталды. (Козыбаев М. Алиби Жангелдин – первый военный комиссар Степного края. Кустанай 1957, Жангелдин Т. Сакен Сейфуллин. Революционная и обшественно-государственная деятельность. А., 1965; Сулейменов Р. Темирбек Жургенов.А., 1968; Герои Социалистического Труда-казахстанцы. А., 1969; Зиманов С.З. Ленин и советская национальная государственность в Казахстане. Алма-Ата, 1970; Амангельды Иманов: статьи, документы, материалы (сост. М.К. Козыбаев, П.М. Пахмурный). Под. ред. С.Б. Бейсенбаева. Алма-Ата, 1974;) Бейсембаев С., Кулбаев С. Турар Рыскулов.А., 1974; Сулейменов Б.С. Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 гг. Алма-Ата, 1977; т.б.). Бірақ мұндай зерттемелер марксизм-ленинизм аясынан шыға алмады.
Академик Манаш Қозыбаев «ұлттық зиялы қауымның тарихы қалыптасып, ғылыми арнаға салынбағанның тағы бір себебі-комунистік методологиядағы интернационализм принціпін большевизмнің өз пайдасына, таптық мүддесіне ғана бағындыруда» (Тұлғалар тұғыры. /Құраст. І. Қозыбаев.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009.– 5 б.). Марксизм-ленинизм методологиясын басшылыққа алған зерттеушілердің бір бөлігі Қазан төңкерісіне дейін қазақта ұлттық интеллигенция қалыптасып үлгермеді деген тезисті тұжырымдады. С. Асфендияров қазақ зиялылары үш топтан тұрады деп санады: «Біріншісіол қызметкер зиялы қауым: негізінен қазақтың феодалдық аристократтарының (сұлтандар– төрелер) ортасынан шыққан чиновниктер мен офицерлер; екіншісі-бұл арада феодалдық аристократтар мен байлардың ортасынан шыққан әр түрлі мамандар: дәрігерлер, инженерлер т.б., үшіншісі-бұл демократиялық қауым, басым көпшілігі мұғалімдер, жазушылар және басқалары» (Тұлғалар тұғыры./Құраст. І.Қозыбаев. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009.– 6 б.). Қазан төңкерісінде белсенділік көрсеткен зиялылардың демократиялық қанаты демократиялық қауым (интеллигенция) болып қалыптасты, – деп санады Санжар Жағыпарұлы. Зиялылардың бұқараның азаттық қозғалысымен қосылуы, ащы шындықты айтсақ, – деп көрсетті С.Ж. Асфендияров, – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың, ақпан буржуазия-демократиялық революциясының, ақпаннан Қазанға көші барысындағы тәжірибенің негізінде болды, сөйтіп Қазан социалистік революциясы кезеңінде аяқталды». Міне, осылай зиялы қауым тарихы совет заманасымен шектелді. Ол ол ма, зиялы қауым, жұмысшы табы мен совет шаруаларының арасын қосатын дәнекер топ ретінде қаралады. Қорытып айтқанда, марксизм-ленинизм методологиясының шеңберінде ұлттық зиялы қауымның ғылыми тарихын жасау мүмкін емес еді (Тұлғалар тұғыры /Құраст. І. Қозыбаев.– Алматы: «ҚазАқпарат», 2009.– 6 б.). 1980 жылдардың соңы, қоғамды қайта құру, қуғындалған зиялылар ақталысымен, еліміз тәуелсіздігін алуымен қазақ зиялыларының тарихы туралы тарихнамалық еңбектер шыға бастады. Олардың тарихтағы орны анықталып, тұғырына қондыра бастадық. Енді біз кеңінен қарастырып, тарихнамалық шолу жасасақ.
Алаш, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және ондағы ұлттық зиялының қалыптасуы мен қызметіне қатысты зерттеулерге әдіснамалық негіз қалаған К. Нұрпейістің (Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: «Ататек», 1995. – 256 б.), М. Қойгелдиев (Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы). – Алматы, «Санат», 1995. – 368 б.), пен Д. Аманжолованың (Аманжолова Д.А. казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – М.: Россия молодая, 1994. – 216 с.) және Ө.Озғанбайдың (Ө.Озғанбай «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан». – Алматы, 1997. – 461 б.) іргелі зерттеу еңбектерінің маңызын атап көрсетуіміз керек. К. Нұрпейіс зерттеу еңбегінде алғашқы болып Түркістанда қызмет жасаған Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы идеяны тұжырымдады. Бұл тұжырым зерттеу жұмысымызда Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатына топтасқан ұлттық зиялы өкілдерінің алаштық идеядан бас тартпай жартылай жасырын, жартылай жария жағдайда 1924 ж. дейін қызмет жасағандығы туралы концепцияны негіздеуімізге жол сілтеді. М. Қойгелдиевтің Түркістан Мұхтарияты мен Алашорда үкіметін бір-бірімен сабақтас ұлттық мемлекеттік құрылымдар ретінде қарастыруы (Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы). – Алматы, «Санат», 1995. – 368 б.), Түркістан тарихына отан тарихының құрамды бөлігі ретінде маңыз беруге негіз қалады. Оның Түркістан қозғалысының көсемі М. Шоқайға қатысты зерттеулері тақырып бойынша таным аясын кеңітті. Сол сияқты партиялық-мемлекеттік номенклатураның жоғарғы эшелонына көтерілген Т. Рұсқылов, С. Қожанов, С. Сәдуақасовтардың элиталық қызметіне ұлттық мүдде тұрғысында барынша әділ баға берілді (Қойгелдиев М. Саяси элита және ұлт мүддесі Қаз МҰУ хабаршысы. – Тарих сериясы. – 1998. – №10. 3-9 б.). Д. Аманжолованың еңбегі мәселеге қатысты құжаттық деректерге талдау жасай отырып, ұлт-азаттық қозғалыстың шынайы мазмұнын қалпына келтіріп, сипатын айқындау және ұлттық зиялының жеке құрамының қызметіне баға берудегі объективтілігімен ерекшеленеді. Ғалымның «…в отличие ряда других мусульманских этносов России, особенно Центрально-Азиатского региона, в кочевых и полукочевых аулах Казахстана влияние ислама сказывалось главным образом в быту, обычаях и традициях и значительно менее – в сфере идеологии и политики. Особенно отчетливо это проявилось в 1905–1920 г.г.» деген тұжырымдары Түркістандағы этносаяси және конфессиялық ахуалға айқындық береді.
Ресейдің орталығында кең өріс алған мұсылмандық қозғалысқа қазақ элитасының кейбір өкілдері ғана белсене қатысты. Атап айтқанда Ж. Досмұхамедов пен У. Танашев Бүкілресейлік мұсылмандар съездеріне қатысса, М. Шоқай ІV Мемлекеттік думаның мұсылмандар фракциясы бюросының хатшысы болып қызметке араласты. Бірақ, бұл жердегі мұсылмандық атауы ислам дінін ұстанатын халықтардың жиынтық атауы ғана екендігі есте болуы керек. Ал, Сералы Лапиннің діни бағытты ұстанған «Шурои – Улема» қоғамдық – саяси қозғалысының саяси серкесі болуы да қазақ этноэлитасының арасында діни ағымның басымдығын танытпайын еді.
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын Алаш қозғалысымен саяси бірлікте қарастырған Д. Аманжолова былай дейді: «Слабость позиции ислама, очевидно, предопределила выдвижение именно казахской интеллигенции на авансцену политической арены всего ЦентральноАзиатского региона в период революции и гражданской войны и сохранение ее влияния в советском руководстве Туркестана в начале 1920-х годов. Вплоть до 1924 г. большевики-казахи возглавляли ЦИК, ЦК Компартии и правительство Туркестанской АССР» (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 60 б.). Ал Ө. Озғанбайдың еңбегінде Ресей Мемлекеттік Думасына Дала облыстары және Түркістан өлкесінен депутаттыққа сайланған ұлттық элита өкілдерінің қызметі жаңа көзқарас тұрғысында алғаш рет жан-жақты қарастырылды. Түркістандағы этносаяси үдерістерді соңғы жылдары отандық зерттеушілер түрлі аспектілерде қарастыруда. Тақырыпқа қатысты да бірқатар диссертациялық зерттеулер жүргізіліп, монографиялық еңбектер жарық көрді (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 60 б.).
Тақырып тарихнамасының едәуір бөлігін шетелдік (эмиграциялық) әдебиеттер құрайды. Ұлттық зиялы өкілдерінің саяси, тарихи көзқарасы таптық идеологияның қасаң қағидаларына балама өршіл ұлттық рухымен ерекшеленеді. Атап айтқанда М. Шоқай, З.В. Тоған, Б. Хайт, Х. Оралтай еңбектерінде көрініс тапқан. Отарлық езгіге қарсы күресте қазақ қайраткерлерімен тығыз байланыста болған А.З. Валиди Тоғанның естеліктері М. Шоқай естеліктері жақын. Мәселен, А.З. Валиди Тоғанның шет елге кетер алдында В.И. Ленинге жолдаған хаты кеңес үкіметінің ұлттық мәселеде патшалық империя дәстүрлерінен қол үзе алмаған билік екенін айғақтайтын құжат есебінде қарастыруға болады (Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы). – Алматы, «Санат», 1995. – 18-19 б.). Алаш қайраткерлерінің тарихын, әсіресе шет елдерде қоныс аударуға мәжбүр болған зиялылардың өмірі мен қызметін Х. Оралтай қарастырған. «Алаш» партиясының 1905 жылдың өзінде-ақ құрылғаны және оның 1917 жылға дейінгі құпия қызметі туралы айтқан көзқарасына О. Әбдіманов қосылса М. Қойгелдиев келіспейді. Бұл жерде «Қазақ» газетімен бірге «Айқап», «Қазақстан» басылымдарының Алаш партиясының органына жатқызуға келісу қиын дейді.
Еліміздің қоғамдық ғылымында элиталық концепция соңғы жылдары ғана қалыптасқандықтан кеңестік тарихнамада осы саладағы арнайы зерттеулер кездеспейді. Тақырыпқа қатысты әрі оның мақсаты мен міндеттеріне барынша жақын келетін ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметі туралы зерттеулер ХХ ғ. 60–70 жылдары жүргізіле бастады. Ой еңбегімен кәсіби тұрғыда шұғылданатын, шығармашылық қызметінің нәтижесінде материалдық және рухани игіліктер жасайтын адамдардың қоғамдық құрылымы интеллигенция атауымен әлеуметтік құбылыс ретінде ХХ ғ. 60-жылдардан бастап шұғыл зерттеле бастады. Таптық қағиданы басшылыққа алған әдіснамалық негіз тақырыпта батыл игеруге тосқауыл болғанымен ХХ ғ. басындағы Ресей интеллигенциясының тарихын саяси билікке қатысына қарай зерттеу қолға алынды. Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі Л.К.Ерманның (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі.-Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013.-61 б.) монографиясында интеллигенцияның қалыптасуы және оның зиялыға тән қоғамдық-саяси қызметі алғаш рет жан-жақты қарастырылды. Осы зерттеудің ізін ала 70-80 жылдары ХІХ–ХХ ғ. басындағы орыс интеллигенциясының тарихын әр қырынан зерттеген П.С. Гусятников, А.В. Ушаков, В.Р. Лейкина-Свирская, С.А. Федюкин, В.Л. Соскин сияқты ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Таптық көзқараспен жүргізілген бұл зерттеу еңбектердегі интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметіне қатысты ұстанған концепциялар мен жасалған тұжырымдардың қазіргі заманғы ғылыми ой талабына сай келмейтін тұстары жоқ емес. Әйтсе де, бұл еңбектердің деректік маңызы үлкен екендігін есте ұстауымыз керек. Кеңес қоғамындағы дәстүрге сай орталықта жүргізілген бұндай зерттеулер Орта Азия мен Қазақстанда осы тақырыптағы зерттеулерге концептуалдық, мазмұндық және тақырыптық тұрғыда үлгіге алынды.
Тақырып тарихнамасының алғашқы тобын құраған Ж. Карагусов, А.К. Валиев, Т. Дурдиев, Ш. Тастановтардың еңбектерінде (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 62 б.) ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің жетістіктерін бірыңғай Кеңес үкіметінің ұлт саясатымен байланыстырған жалаң идеологиялық баяндауларға негіздегендігіне қарамастан, тың деректік құжаттардың дәйектеріне сүйеніп, ұлттық интеллигенция жайлы ғылыми ой-пікірлер қалыптасты. Осы жерде атап өтерлік мәселе ұлттық интеллигенция тақырыбының тарихнамасы 20–30 жылдардан бастап қолға алына бастаған болатын. Түркістан элитасының көрнекті өкілі Т. Рұсқылов өз еңбектерінде қазақ интеллигенциясының тарихына көп көңіл бөліп, оның пайда болуы мен қалыптасуы ХІХ ғ. соңында басталды деп тұжырым жасайды. Ол ұлттық интеллигенцияның қызметін саяси, әлеуметтік және ұлттық бағдарды басшылыққа алып қарастырудың негізділігін алға тартады. Түркістандағы ұлттық элитаның келесі өкілі С.Ж. Асфендияров та ұлттық интеллигенцияның қалыптасу кезеңін ХІХ ғ. ортасынан бастауды ұсынады.
Қорыта айтсақ, заманында ұлт азаттығы жолында халқына қызмет еткен зиялыларымыз болашақ тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласты. Сондықтан да тәуелсіздік жолында күрескен ұлттық зиялыларымыздың есімдері ұлттық мүдде жолындағы белсенді қоғамдық саяси қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихының қасиетті төрінен орын алуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет