Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
Бизнес, құқық және технология факультеті
Тауартану және сертификаттау кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Сапа жүйесін ақпараттық қамтамасыз етудің жалпы ережелері»
Орындаған: Нарбаева А.С.
Тобы: С-21-3ск
Тексерген: магистр оқытушы Успан Т.А.
Қарағанды 2023
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелері
2.Сапа менеджменті нысандарының эволюциясы
3.СМЖ құрылымы. Мақсаты. Міндеті
КІРІСПЕ
Сапа менеджментінің жүйесі -әлем мойындағанжәне кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз -өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.
Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше - Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.
Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.
Сапа менеджменті анықтамасын қарастыру үшін үйымды басқару дегеніміз не дегенді жалпылама тұрғыда бейнелеп алған пайдалы.
Барынша қарапайым түрде айтқанда басшылық дегеніміз мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару.
Оны неғұрлым дәлірек ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, басшылықтың саясатын айқындау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сол саясатты басқару жүйесіне енгізу ретінде бейнелеуге болады.
1 САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРЫ
Сапа – тиісті сипаттамалар жиынтығы талаптарға сәйкес келетін дәреже.
Сапа менеджменті – саясат пен мақсатты әзірлеу және бұл мақсаттарға жету жүйесі.
Сапа менеджменті жүйесі – ұйымды сапаға қатысты басқару және басшылық ету менеджментунің жүйесі.
ИСО 9000 стандарттар топшалары сапа менеджмент жүйелеріне талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешеліктерді көрсетеді. Сапа менеджмент жүйелеріне талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бекітілген. Олар қай категориядағы болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ҚР СТ ИСО 9001 өнімге қандайда болмасын талаптар бекітпейды.
ИСО 9000 стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджмент жүйелерінің енгізу және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген.
ИСО 9000 стандарттар 2008 жылда шыққан версиясы 4 стандарттардан турады.
1 ҚР СТ ИСО 9000-2007 СМЖ. Негізгі ережелері және сөздік (сапа менеджмент жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және СМЖ үшін терминлогияны бекітеді).
2 ҚР СТ ИСО 9001-2009 Талаптар. (тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда СМЖ-не талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған).
3 ҚР СТ ИСО 9004-2010 СМЖ. Ұйымның тұрақты жетістікке жетуі үшін менеджмент. Сапа менеджменті позициясынан тәсілдеме. (СМЖ-нің нәтижелігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. Осы стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы тараптарды қанағаттандыру болып табылады.)
4 ИСО 19011-2002 СМЖ-ін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті (тексеру) бойынша әдістемеліәк нұсқаулықтарға ие[2].
1.1 Сапа менеджменті нысандарының эволюциясы
Сапаны басқару сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер. Сапаны басқару процесі мен сапа ілмегінің белгілі бір сатысында қанағаттандырылмаған қызмет ету себептерін жоюға бірдей бағытталған әдістер мен шапшаң сипаттағы қызмет түрлерін қамтиды.
Сапаны басқарудың қазіргі заманғы концепцияларына СМЖ, TQM, TQC, CWQC, ИСО негізгі түрлері жатады.
TQC- деңгейі жоғары экономикалық тиімді және тұтынушының талаптарын толық қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру, қолдау және жақсартуды ұйымдастыру кезінде адамдардың әр түрлі топтарының үйлескен әрекеттері қамтамасыз ететін тиімді жүйе.
CWQC- жүйесі фирманың әр бір бөлімінде әрбір қызметкердің сапаны басқаруды іс жүзінде оқып игеруін және оған қатысуын қамтиды. Бұл жүйе TQC жүйесіне қатысты кезеңдерді өзінің құрамына ендіреді.
TQM- бұл кәсіпорын қызметінің барлық шеңберінде барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылықтың қатысуымен және техникалық мүмкіншіліктерді ұтымды пайдалану кезінде зерттеулер мен жасап дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін сапаны басқару жүйелері мен әдістерін әр жақты бағытталған және тиімді үйлестірілген пайдалануды қарастыратын тұжырымдама.
TQM- бұл теориялық пән емес, үш құрамдас бөліктен тұратын сапаны арттыру процесін басқару технологиясы:
Түбірлік жүйе талдау және зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұл әдістерде бақылау статистикалық ыңғайға, белгілі математикалық аппараттарға негізделген, сол себептен барлық кәсіпорындарда пайдаланылады.
Техникалық қамтамасыздандыру жүйесі. Бұл қызметкерлерді осы құралдарды және оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуді қамтамасыз ететін тәсілдер мен бағдарламалар. Бұл жүйе әр бір кәсіпорынның орналасқан елінің ерекшеліктерін белгілейді, осы елдің ұлттық мәдениетімен және дәстүрімен байланысты.
Сапаны жалпы басқаруды жетілдіру және даму жүйесі әр ел үшін өте ерекше болып табылады, оған ұлттық ерекшеліктер, экономикалық заңнамалар өте қатты әсер етеді.
СМЖ- бұл тікелей немеске жанама ықпал ететін компания қызметінің аспектісін басқару жүйесі.
СМЖ- ИСО халықаралық ұйымының стандартарының формулаларымен жасалнады.
СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады. Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек. СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек. СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.
СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы. Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі.
Жақсару әрекеті:
-Қалыптасқан жағдайды бағалау және анализдеу
-Жақсартудың мақсаты және анықтау сферасы
-Қойылған мақсатқа жету шешімін табу және оның ішінде оптималдысын таңдау
-Таңдалынған шешімді орындау
-Таңдалынған шешім орындағаннан кейін оны бағалау және анализдеу.
-Процесті және процедурадағы өзгерістерді әзірлеу
Бұл принциптерді іске асырудың басты объектісі болып барлық бөлек процестің жиынтығы болуы керек. Іске асыру жетістіктері басқа принципті қолдану болады. Ол сапа менеджменті жұмыскерлерді еліктіру. Олар үшін менеджмент өндірісінде барлық жағдайлар жасалнуы керек.
Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен мақсаттары:
-қызығушы жақтардың қажеттіктерін есепке ала отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту
-кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;
-өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;
-алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің деңгейін қадағалау;
-өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау
Бүгінгі күні ИСО-ның 9000 сериялы стандарттарын әлемнің барлық елдері танып отыр, ұлттық стандарттар есебін қабылдап отыр және көптеген фирмалар іске енгізіп отыр. Сапа жүйесінде сертификаттаудың жоқтығы, сыртқы нарық кеңістігіне шығуға басты кедергі болып отыр. Трансұлттық компаниялар судпоставщиктерінен өз кәсікорындарында 9000 сериялы стандарттарды міндетті түрде енгізуді талап етіп отыр.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы мүмкін:
-сапаны қамтамасыз ету;
-сапаны басқару;
-сапаны жақсарту.
2.1 СМЖ құрылымы. Мақсаты. Міндеті
Қазіргі таңда білім беру жүйесі еңбек нарығының талаптарына жауап бермейді, яғни біздің елімізде және әлем елдеріндегі экономикасында болып жатқан өзгерістерге сәйкес түбегейлі өзгеруді қажет етеді. ЖОО сапасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі- оперативті басқаруды енгізу (көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретінін тәжірибе дәлелдеген), яғни ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары беделге ие болуын қамтамасыз ету үшін СМЖ енгізуді талап етеді.Осыған байланысты оқу орындарында ИСО 9001:2015 сериялы халықаралық стандартын қолданысқа енгізуге - СМЖ шешім қабылдады.
Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару керек.
Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді.
СМЖ - бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
Сапа саласындағы саясат - жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді.
СМЖ ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.
СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.
СМЖ-ға әкімшілік тарапынан ықпал ету нақты көрсеткіштер бойынша процестерді басқаруға негізделген. Оның негізгі мақсаты – процесті үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау. Сонымен қатар процесс сапасының өзгерістерін бағалау критерийлері негізінде жүзеге асады.
Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдердентұрады:
-СМЖ моделін таңдау;
-университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
-университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
-университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу;
-қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау;
-процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.
Білім беру қызметінің сапасын арттыру міндетін шешу басқарудың кешенді жүйесін жасау қажеттілігімен байланысты. Тек кез-келген процестің нәтижесін бағалауға сүйене отырып жасалған мұндай жүйе түбегейлі негізсіз болып табылады.
Сапаны басқару тиімділігіне процесс ішінде процедураларды басқару жолы арқылы ғана қол жеткізуге болады. Университет жағдайында - маманды даярлаудың барлық кезеңдерінде ұсынылатын ғылыми-білім беру қызметі сапасын басқару арқылы басқару тиімділігіне қол жеткізе аламыз.
Барлық қателер қате әрекет етуден пайда болады. Қатені болдырмау үшін әрекеттің дұрыс ретін анықтап, сипаттап жазу қажет. Дұрыс әрекеттерді орындау және бақылау бойынша нұсқауларды әзірлеу қажет. Белгіленген талаптардан ауытқымай дұрыс орындау үшін қателікті түзеткеннен гөрі, оның алдын алған дұрыс, сондықтан мамандарды даярлау сапасын басқару жұмысында болжамды ауытқулардың алдын алуға ерекше көңіл бөлген жөн.
Бұл арқылы біз ұсынатын қызметтің тұтынушылары деп есептеуге болатын кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар үшін университеттің жоғары сапалы мамандарды дайындайтын сенімді жеткізуші ретіндегі беделін қамтамасыз етуге болады.
СМЖ-ның міндеті - СМЖ көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және осы сапаны тұтынушылардың сұранысына икемдеуге арналған жүйе. Сонымен қатар СМЖ-ның басты мақсаты-әрбір қызметті жеке бақылау емес, қызмет сапасының төмендеуіне себеп болатын қателерді болдырмайтын жүйені жасау.
Қажетті жағдай жасау нәтижесінде СМЖ университет түлектерінің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына, мүдделі тараптардың ұсынымдары мен ұсыныстарына сай келетіндігіне кепілдік беру керек. СМЖ дұрыс қызмет еткен жағдайда мамандарды даярлауға жұмсалған шығын оңтайлы болуға тиісті.
Барлық мүдделі тараптардың талабын ескеріп, қызметті үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін енгізу және жұмысты жандандыру нәтижесінде табысқа жетуге болады.
СМЖ келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, құжаттар, ресурстар.
ISO анықтамаларына сәйкес ұйым – жауапкершілігі, өкілеттілігі және өзара қарым-қатынас бөліп таратылған қажетті құралдар мен қызметкерлер тобы.
Процесс - «кірісті» «шығысқа» айналдыратын, қызметтің өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтер жиынтығы. Сонымен қатар процестің «кірісі» әдетте басқа процестің «шығысы» болып табылады.
СМЖ-да процедура ұғымының мағынасы маңызды. Процедура - қызмет немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады.
Құжат - тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды деректер).
СМЖ-ның ресурстары – сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс (адами,уақытша, материалдық және т.б.).
Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет?
-қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;
-процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;
-жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;
-процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;
-процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |