Рекреациялық қажеттіліктердің зерттеу әдістері



Дата07.02.2022
өлшемі16,11 Kb.
#91093
Байланысты:
Рекреациялық қажеттіліктер


Рекреациялық қажеттіліктердің зерттеу әдістері

Рекреациялық қажеттіліктер бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер болып табылады. Сонымен қатар оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің мүмкіншілігіне тікелей байланысты.


Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттіліктер қоршаған ортаның факторларына байланысты болады. Рекреациялық кажеттіліктер – қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді.
Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер – қоғамның кез-келген мүшесінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын және территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі болып саналады.
Топтық рекреациялық қажеттіліктер – белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтынатын арнайы тобына жанұяны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі де әлеуметтік топ ретінде қарқынды дамып келе жатыр.
Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер – жеке адамның денсаулығын қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара байланыста болады. Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық қажеттілік құрылымына әсер етеді, олар арқылы жалпы қоғамдық қажеттіліктер іске асады.
Рекреациялық кажеттіліктің қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық, демографиялық әлеуметтік-психологиялық, медико-биологиялық және табиғи факторлар әсер етеді.
Әлеуметтік-экономикалық факторлар: рекреациялық аудандар мен маршруттар туралы жарнама және ақпарат беру; ұлттық дәстүрлер; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-қонуы; халықтың табысы; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде рекреациялық); көлік инфрақұрылымының даму деңгейі; демалыстың ұзақтығы; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; өндіріс күшінің даму деңгейі;
Демографиялық факторлар: халықтың жыныстық құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; орналасуының ерекшеліктері; қала мен ауыл халқының қатынасы (урбандалу дәрежесі);

Әлеуметтік-психологиялық факторлар: мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері; жеке тұлғаның құндылық бағыты; іскерлік және мәдени байланыстардың тығыздығы.


Медико-биологиялық факторлар: халық денсаулығының жағдайы.
Табиғи факторлар: аумақтың географиялық ерекшеліктері; адам тұратын табиғи аумақ;
Демалыс орындарын таңдауына халықтың жас құрылымы ең үлкен əсер етеді. Жасы келген қала жұрты орманда демалуды көп таңдай бастайды: 16-24 жастағы адамдар 31,3% ғана демалысын орманда өткізгісі келсе, 60 жасар жəне одан үлкендердің 47% осындай демалысты қалайды. Ал демалысын керісінше тауда өткізгісі келгендердің арасында жастар үлесі жоғары (9%).
Зейнеткерлер көбінесе шипалы суларда демалғысы келеді. Бір қызығы, орман мен өзен жағасындағы демалыс теңіздегі демалыстан гөрі көп таңдаулы болады екен. Бірақ, қала тұрғындары арасында Қара теңіз жағалауындағы демалысты таңдайтындардың саны өсуде, бұл ауданда ересектердің 24% демалғысы келеді. Теңіз жағалауында демалғысы келетіндердің арасында 16-39 жасар адамдар көп. Қырым мен Кавказдың Қара теңіз жағалауы осындай демалыстың ең сүйікті аудандары болып табылады.
Рекреацияның түрін таңдағанда адам немесе топ алдын ала белгілі бір мақсат қояды. Жеке адамның немесе бір топ адамдардың қажеттілігі түрлі белгі бойынша жіктеледі. Сондықтан рекреациялық кажеттіліктерді жүйелі түрде зерттеу қажет. Зерттеу жұмыстарын экономикалық, медико- биологиялық, демографиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерде жүргізеді. Осыған байланысты рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуына белгілі бір фактор тобы әсер етеді.
Рекреациялық қажеттіліктердің медико-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемімен анықталады. Аймақтық медициналық статистиканың негізіне қарай курортологтар тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделуде жиынтық балансын жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.
Рекреациялық қажеттілікті зерттеу үшін сұраптаулы зондаж əдісі қолданылады, яғни бүкіл халықты емес, халықтың бір бөлігін ғана сұрап шығу. Бүкіл халық арасында сауалнама жүргізуді ұйымдастыру өте қиынға соқтырады жəне үлкен қаражат қажет етеді. Осындай сауалнаманың мысалы – ел халқының санағы. Зондаж болса, халықтың бір ғана бөлігін қамтиды жəне осыған негізделіп, кейбір сауалнама көрсеткіштерін бүкіл халыққа таратып қорытынды жасауға болады. Бұл əдістің өз қағидалары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сауалнама аумақтық қағида бойынша екі орталарда: адамның жұмыс жəне тұратын орнында, демалыс немесе туристік саяхат орнында жүргізіледі. Сауалнама жүргізгенде халықтың əлеуметтік-демографиялық құрылымы ескеріледі.. Жұмыс пен тұрғылықты тұратын орнында жүргізілетін сауалнамалар рекреацияның ұзақтығын, маусымдылығын, құрылымын және жиілігін анықтайды. Тенденцияларды анықтау рекреациялық аумақтарды кеңістікте орналастыру ісінде, демалыс пен қызмет көрсету мекемелерді таңдауда көп көмегі бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет