Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз. (да, де, та, те, және, әрі)
Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім.
Себеп-салдар салалас құрмалас
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдынғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.(себебі, өйткені, сондықтан, неге десеңіз)
Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.(бірақ, алайда, әйтсе де, сонда да, дегенмен)
Ән басылып қалды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ-ты.
ЖАРЫС САБАҒЫ
БӘЙГЕ
“Қожанасыр” ауылы
“Алдар көсе” ауылы
І АЙНАЛЫМ
Қарсылықты салаласқа байланысты мақал-мәтелдердің сыңарларын табу