С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина



Pdf көрінісі
Дата30.11.2023
өлшемі228,55 Kb.
#194203
Байланысты:
Джунусалиева Шұғыла TFP-030 ТАРИХ (2)



С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина
университеті
ЭССЕ
Тақырыбы:
Тоқырау және қайта құру кезеңіндегі Қазақстан (1960-1991 жж.)
Орындаған:
Джунусалиенва Шұғыла
Тобы:
ТФП-030


Алматы,2023
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы
Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің Бас
хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта
қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бүл шешім тек сөз жүзінде
қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның
партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.
Қайта
құру
кеңестік
жүйені
дағдарыстан
шығаруға
септігін
тигізгендігін жоққа шығара алмасымыз анық. Қайта құру деген бір ауыз
сөздің өзі мемлекет құрылымына жаңалық енгізу дегенді білдіргенімен, түп
төркіні мемлекет іргесінің құлдырауына әкеліп соққандығы ақиқат.
Осы жылдары Кеңес Одағы социалистік лагерь елдері арасында
көшбасшылық ұстанымын жоғалта бастады. 70-жылдары елдегі саяси
биліктің бірден-бір нағыз иесі Коммунистік партия болды. Коммунистік
партия Ішкі істер министрлігінің, КГБ-ның және армияның күштеріне
сүйеніп, кез келген келіспеушілік белгілерін басып тастады. Наразылықтың
кең таралған түрлерінің бірі диссиденция және адамдардың шетелге қашуы
болды.
Саяси саланы демократияландырусыз жүргізілген 60-жылдардағы
сәтсіз экономикалық реформалардан кейін қоғамның дамуы тежеле
бастады. Қоғамды басқару әдістеріндегі схематизм, ең алдымен, партия
өткізген съездер мен оларда қабылданған шешімдерден көрінді.
Өндірісті жоспарлау барысында бірқатар кемшіліктер орын алғаны тағы бар.
Әлеуметтік және экономикалық жағдай бойынша өндірістік қуаттың іске
қосылуында кемшіліктер де болды. Тоқырау жылдарында КОКП социализмді
орнату мақсатына жете алмағандығы белгілі. Техникалық прогресс
тұрғысынан орын алған мәселелерге төтеп беру шын мәнінде қиынға соқты.
Сәйкесінше кертартпа құбылыстар орын алды.
Сөз соңында айтарым, қайта құру мен "нарықтық реформалар" деп
аталатын 90-шы жылдардағы посткеңестік кеңістікте болған оқиғалар тарихи
маңызы бар оқиғалардың бірі әрі бірегейі болғандығын жоққа шығара
алмаймыз. Тоқырау жылдарын өкінішпен, қиын кезең ретінде еске аламыз.
Десе де қайта құру жылдарындағы оң өзгерістер әлеуметтік, экономикалық
дамуға септігін тигізді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан тарихы» К.М. Байпақов,М.Қ. Қозыбаев,Б.Е. Көмеков,К.А.
Пищулина
2. «Қазақстан тарихы» Ч. Мусин
3. «Қазақстан тарихының қысқаша тарихы» Нығмет Мыңжан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет