С. Л. Рубинштейн көрсеткендей, Адам қабілеттерінің даму процесі адамның даму процесі б т. Адамның белгілі-бір білімдер мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің алғышарты, өзінің ішкі шарты ретінде ақыл-ой дамуының белг



бет1/7
Дата01.08.2020
өлшемі22,95 Kb.
#75937
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педагогикалық қабілеттер


Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.

С.Л. Рубинштейн көрсеткендей, «Адам қабілеттерінің даму процесі адамның даму процесі б.т. Адамның белгілі-бір білімдер мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің алғышарты, өзінің ішкі шарты ретінде ақыл-ой дамуының белгілі деңгейі – ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ие болады». Бұл ахуал оқу іс-әрекетін түсіндіру үшін аса маңызды. Б.М. Теплов берген неғұрлым кең түрдегі анықтамада қабілеттердің тұлғаның даралық қасиеттері ретіндегі негізгі сипаттамалары келтірілген, олар іс-әрекетті табысты орындау шарты болып табылады. Қабілеттер, Б.М. Теплов бойынша, дағдылар мен іскерліктерге теңестірілмейді, және де белгілі бір іс-әрекетті орындаудың табыстылығына қатысты бір адамды екіншісінен ажыратады.

Егер С.Л. Рубинштейн бойынша ақыл-ой қабілеттерінің дамуы білімдерді игерудің алғы шарты болса, онда Б.М. Теплов бойынша қабілеттердің өзінің даму алғы шарты ретінде нышандар болады, яғни туа берілген анатомо-физиологиялық ерекшеліктері ретінде. Қабілеттер іс-әрекетте жаратылады және де іс-әрекеттің, оның құралдары мен тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі, беріктігі сияқты динамикалық сипаттамаларында көрінеді. Іс-әрекеттің әр түрлеріне қатысты жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер жіктеледі. «Қабілеттерді кең алынған анықтамасы оның индивид қасиеттері екендігінде, оның ансамблі белгілі бір іс-әрекетті орындаудың табыстылығын шарттайды. Мұнда, іс-әрекеттің өзінде онтогенети-калық дамитын және осыған орай, сыртқы жағдайларға байланысты қасиеттер назарға алынып тұр»

Педагогикалық қабілеттердің жалпы құрамы

Отандық зерттеушілер С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов қарастырған ахуалдардың негізінде педагогикалық қабілеттердің тұтас бір жинағын бөлді. Олардың ішіндегі Н.Д. Левитов пен Ф.Н. Гоноболин анықтаған негізгілерін салыстырайық. Мысалға, Н.Д. Левитов негізгі педагогикалық қабілеттер ретінде келесілерді бөледі: балаларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті; бақылампаздыққа сүйенетін, оқушыларды түсінуі қабілеті; ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы; тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану; мұғалімнің өзінің жұмысын, және де жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер.

Осы бес негізгі қабілеттер мазмұнын дамыта және жете қарастыра отырып, Ф.Н. Гоноболин он екі қабілеттерді атайды, оларды біріктіре отырып келесі топтарды алуға болады. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген неғұрлым жалпы қабілетпен байланыстырылады. Мұғалімнің оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақылампаздық – бұл адамның рефлексивті-гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Балаларға педагогикалық еріктік әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл, қазір атап жүргендей, интерактивті-коммуникативті қабілеттер. Ф.Н. Гоноболин бөлген қабілеттердің өте маңызды төртінші тобы - мұғалім тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігн сипаттайтын қабілеттерді қамтиды.



Неғұрлым жалпыланған түрде педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий көрсеткен, ол оларға сәйкес жалпы анықтамалар берген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет