Сабақ №5. Педагогикалық қолдау технологиясына, әдістері, құралдары мен оның нәтижелілігіне сипаттама



Дата10.10.2022
өлшемі60,55 Kb.
#152510
түріСабақ
Байланысты:
Саба №5. Педагогикалы олдау технологиясына, дістері, ралда


Арыстанбекова Әсел М-20-3
Практикалық сабақ №5. Педагогикалық қолдау технологиясына, әдістері, құралдары мен оның нәтижелілігіне сипаттама.

1. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері.


Педагогикалық қолдау – жеке тұлғаның қызығушылығын, мүмкіндігін және оған адамгершілік қасиетін сақтауға, өзін-өзі ұйымдастыруда оң нәтижеге қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау.
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады
Педагогикалық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері бар. Олар:

  • баланың жеке қабілеттерін дамыту – өмір талабы; себебі күннен күнге алға қарыштап дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді.

  • өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тұрақты көзқарасы бар тұлға қалыптастыру – кез келген мұғалімнің маңызды проблемасы.

  • алдымызға келген бала қабілеттерін дер кезінде бағамдап, көмек көрсете білуімізден жеке тұлғаның дамуына бағытталған педагогикалық әсердің табыстылығы анықталады.

Педагогикалық қолдау тәсілдері О.С.Газман бойынша:

  • Диагностикалық – кедергілерді тіркеу факторы;

  • Жобалық – оқушы мен педагогтың мәселелерді шешу іс-әрекетін зерттеу;

  • Іскерлік – оқушының және педагогтың іс-әрекеті;

  • Рефлексифтік – жеңіс және жеңілістің іс-әрекетін оқушымен бірге талқылау.



Сұрақ-тапсырмалар:

1. А.С.Макаренко бойынша оқушылар ұжымы оның өзіндік белгілерін атаңыз?



А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді:

  • ұжым — басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;

  • қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру;

  • ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату;

  • өзін-өзі басқару органдарының болуы.

2. Оқушы ұжымының қалыптасуына қосар үлесіңіз?


Менің ойымша оқушылар ұжымын қалыптастырудағы процессте ең басты қарастырылатын мәселе оқушылардың өзіндік жеке қасиеттерін қалыптастыру болып келеді. Яғни, оқушылар арасындағы ауызбіршілікті жақсарту, оқушылардың белгілі бір берілген тапсырмаларды орындауға белседілігін, жауапкершілігін қалыптастыру.
Шығармашылық тапсырма
Тапсырма-1. Л.И.Новикова бойынша ұжым дамуының кезеңдерін толтырыңыз



«Тәрбие процесінің мәні, құрылымы мен логикасы» тақырыбына ментальды карта




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет