Сабақ: 7 Тақырыбы: Өсімдіктердің құрылысы қандай? Күні



Дата06.02.2022
өлшемі128,68 Kb.
#29450
түріСабақ

Бастауыш сынып мұғалімі Г.Абайханның қысқа мерзімді жоспары



Пәні: Жаратылыстану

Мектеп: №258 негізгі мектеп

Сабақ: 7

Тақырыбы: Өсімдіктердің құрылысы қандай?

Күні: 25.09.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абайхан Гүлдана Абайханқызы

Сынып: 1

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(айтылым)1.2.1.1. Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын атау.
(айтылым)1.2.1.2. Өсідіктердің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау.
(зерттеуді жоспарлау)1.2.1.3. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар істей алады:
Өсімдіктердің негізгі бөліктері мен қызметтерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Өсімдіктердің құрылысын сипаттай алады. Өсімдік мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын ажырата алады.



Кейбір оқушылар істей алады:
Зерттеу арқылы талқылай алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар: Өсімдіктердің негізгі мүшелерін атайды және атқаратын қызметтерін айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

топырақ, тамыр, сабақ, жеміс, тұқым, жапырақ, гүл, жерүсті және жерасты мүшелер. Не үшін? Для чего? For what?

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Өсімдіктердің қандай мүшелері бар?



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Өсімдіктердің мүшелері қандай қызмет атқарады деп ойлайсыңдар?



Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Адам және өсімдік мүшелерінің ерекшеліктерін ажыратады.

Алдыңғы оқу

Өсімдіктер туралы түсінігі бар. Өсімдіктердің бірнеше түрлерін атай алады.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығуларме қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы



2 мин
2 мин

1мин


4 мин
1 мин

3 мин


1 мин

Топқа бөлу.
Оқушылар партаның үстінде жатқан әр түсті гүл күлтелерінің бірін таңдайды.

  • Балалар, қолдарыңдағы қима қағаздардан не құрастыруға болады?

Үш түсті гүлдің бөліктерін топтарға құрастыруға беремін. Құрастырған гүлдерінің түстеріне қарай 3 топқа бөлінеді. (Тақтаға әр топтың құрастырған гүлін ілініп, жанына 1-топ, 2-топ, 3-топ деп жазылады. Әр топ сабақ барысында алған ұпайларын сол гүлдерінің қасына жинақтай береді. Сабақ соңында қай топтың басым болғандығы жинаған ұпайларын есептеу арқылы анықталады).
Қызығушылығын ояту.
ҰЖ. Суретпен жұмыс.
Тақтаға баланың дене бітімі тұтастай берілген сурет ілінеді.

  • Тақтадағы баланың суретінен нені байқауға болады?

(бас, шаш, көз, мұрын, ауыз, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ )

  • Осыларды топтастырып қалай атауға болады?

(адамның дене мүшелері)
Сол секілді тірі табиғаттың бірі - өсімдіктің де мүшелері болады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өсімдіктердің құрылысы қандай?» деп аталады.


Қалыптастырушы бағалау: «гүл», «тұқым», «жапырақ» суреттері.


ҰЖ. «Суреттерді топтастыр» ойыны.
Тақтаға ағаш тектес өсімдіктер: емен, қайың, қарағаш, тал; бұта тектес өсімдіктер: шырғанақ, жыңғыл, мәуе, бөртегүл; шөп тектес өсімдіктер: бақбақ, қалампыр, қызғалдақ, адыраспанның суреттерін біріктіріп ілемін.

  • Осы суреттердегі өсімдіктердің ерекшелігіне қарай қалай топтастыруға болады деп ойлайсың? Тақтаға шығып кім топтастырып бере алады?

(емен, қайың, қарағаш, тал – үлкен өсімдіктер; шырғанақ, жыңғыл, мәуе, бөртегүл – орташа бойлы өсімдіктер; бақбақ, қалампыр, қызғалдақ, адыраспан – кішкентай өсімдіктер).
Ақпарат беріледі: ағаштардың - тамыры тереңге жайылады, діңі жуан болады және бұтағы, жапырағы болады.
Бұталардың – діңі болмайды, бірнеше қатты бұтақтары, ағашқа қарағанда аласа болады.
Шөп тектес өсімдіктердің - бойы аласа, сабақтары жіңішке жұмсақ, шырынды, жасыл болады, гүлі және жемісі болады.


Қалыптастырушы бағалау: «гүл», «тұқым», «жапырақ» суреттері.


ҰЖ. Бақылау әдісі.
Оқушыларға ыдыста өсіп тұрған тірі гүлді көрсете отырып, осы гүлдің қандай бөліктері көрініп, қандай бөліктері көрінбей тұрғандығын бақылатамын. Өсімдіктің ең негізгі мүшесін анықтайды.


Болжам ұсынады.


Деректерді алу: Бақылау нәтижесінде өсімдіктердің жерүсті және жерасты мүшелері болатындығын біледі. Өсімдіктің ең негізгі мүшесі тамыры екенін біледі.


Нәтижелерді түсіндіреді.


Қалыптастырушы бағалау: белгілер арқылы жазбалар парағымен бағалаймын.


Белгілері = белгілері бар, = талпынады, = жетті. А=жоқ

Оқушылардың есімі

Өсімдіктердің көрінетін, көрінбейтін бөліктерін және өсімдіктің ең негізгі мүшесін анықтай алады

Ғылыми сұраққа жауап беруге тырысып, бақылау жүргізіп дәлел келтіреді.

Салыстыра алады.

Ғылыми зерттеу дағыдысы

Бақылау

Дерек жинау және ұсыну

Нәтижелерді түсіндіру

Әлешова Еркемай











Қызыл, сары, күлгін түсті гүл күлтелері.
Баланың суреті, «гүл», «тұқым», «жапырақ» суреттері.
Өсімдіктің түрлеріне байланысты суреттер, «гүл», «тұқым», «жапырақ» суреттері.

Ыдыста өсіп тұрған тірі гүл, «гүл», «тұқым», «жапырақ» суреттері.



Ортасы



4 мин
4 мин


4мин


3 мин

5 мин

2 мин


ТЖ.
1-топ: «Ойланудың алты қалпағы» әдісін пайдалана отырып, жалпы өсімдіктердің ерекшелігін сипаттап айтады. (Өсімдіктер туралы білетіндерін, өсімдіктер адамға қандай көңіл – күй сыйлайтынын, өсімдіктің кейбір жағымсыз әсерлерін және оның пайдалы жақтарын,өсімдікті өмірде неге пайдалануға болатындығын, өсімдіктер туралы өздерінің ой тұжырымдарын айтады).
2-топ: «Ретімен орналастыр» ойыны арқылы өсімдік мүшелерінің суреттерін жіпке жалғап тізу арқылы өсу ретімен орналастырады. (Өсімдік мүшелерінің суреттерін жіпке жалғау арқылы өсімдік мүшелерінің жалғасып өсетіндігін байқайды).
3-топ: «Фишбоун» әдісі бойынша өсімдік мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын айтады. (Проблемалық сұрақ: Өсімдіктің мүшелері қандай қызмет атқарады? Сүйектеріне: өсімдік мүшелерін орналастырып, қандай қызмет атқаратынын айтады; құйрығында: қандай қорытынды ой шығарғандығын айтады).
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы ауызша бағалау.
ҰЖ. «Сиқырлы гүлдер» зертханалық жұмысы.

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Бақылау:
Адыраспан өсімдігінің жаңа жұлынған түрі мен кептірілген түрлеріне қарай отырып, бақылау жүргізеді.

1. Зертханалық жұмыс.


Адыраспан өсімдігінің жаңа жұлынған түрі мен кептірілген түрлерінің түстерін анықтайды.

2. Зертханалық жұмыс.


Адыраспан өсімдігінің жаңа жұлынған түрі мен кептірілген түрлерінің иістерін анықтайды.

3. Зертханалық жұмыс.


Адыраспан өсімдігінің жаңа жұлынған түрі бойынша мүшелерін ажыратып көрсетеді.


Болжам ұсынады.


Деректерді алу:
Адыраспан өсімдігінің жаңа жұлынған түрі: түсі жасыл, қатты хош иісті.
Адыраспан өсімдігінің кептірілген түрі: түсі сары, жұпар иісті.


Нәтижелерді түсіндіреді.


Қосымша ақпарат: Адыраспан өсімдігінің жаңа жұлынған түрін суға салып қайнатса, қызғыш түс береді, оны тоқуға пайдаланатын табиғи жүндерді бояуға қолдануға болады.
Адыраспан өсімдігінің кептірілген түрін суға қайнатып, тұнбасын пайдаланса, көптеген ауруларға ем болады және үйдің босағасына іліп қойса, үйді жағымсыз әсерлерден сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау: белгілер арқылы жазбалар парағымен бағалаймын.


Белгілері = белгілері бар, = талпынады, = жетті. А=жоқ

Оқушылардың есімі

Адыраспан өсімдігінің түрлеріне қарай түсін, иісін анықтай алады.

Ғылыми сұраққа жауап беруге тырысып, бақылау жүргізіп дәлел келтіреді.

Салыстыра алады.

Ғылыми зерттеу дағыдысы

Бақылау

Дерек жинау және ұсыну

Нәтижелерді түсіндіру

Әлешова Еркемай













6 түсті қалпақ, өсімдік мүшелерінің суреттері, жіп, плакатқа бейнеленген балықтың суреті, өсімдік мүшелерінің кішкентай суреттері,


Адыраспан өсімдігінің жаңа жұлынған түрі мен кептірілген түрі,«гүл», «тұқым», «жапырақ» суреттері.




Соңы

5 мин

2 мин


2 мин

ӨЖ, ЖЖ, ҰЖ. «ЖҰПТАСЫП – ОЙЛАН - БӨЛІС» әдісі.

  • Күнбағыс дәнін сыныпта отырғызып, қалай өсетінін басқа сабақтар кезінде бақылау.

Мұғалім:
- Оқулықта берілген суретке қарап, нені байқауға болады?
ӨЖ: оқушылар ойланып, жеке ауызша жауап береді.
ЖЖ: оқушылар жұптаса отырып, өздерінің жауаптарын салыстыра отырып, біріктіріп бір тұжырым жасайды.
ҰЖ.(Оқушылар арасында жүйелі тұжырым жасай білген жұп жұмысымен сыныпта бөліседі, яғни өздері көрсете отырып, сынып оқушыларымен бірге күнбағыс дәнін топырақ салынған ыдысқа көміп, кейінгі сабақтарда бақыланып, нәтижелерін түсіндіріледі).


Қалыптастырушы бағалау: «гүл», «тұқым», «жапырақ» суреттері.


ҰЖ. Жазбаша кері байланыс.
Оқушыларға боялмаған гүлдің суреттері беріледі.
Егер оқушы жақсы түсінген болса – жасыл түспен,
орташа деңгейде түсінген болса – сары түспен,
мүлдем түсінбеген болса – қызыл түспен бояу арқылы партаның үстінде тұрған жасыл, сары, қызыл түсті себеттерге бояған түсіне қарай гүлдерін салып шығады.

Күнбағыс дәні, ыдысқа салынған топырақ, су.



Боялмаған гүлдің суреттері, жасыл, сары, қызыл түсті фломастерлер және себеттер.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  1. Күнбағыс дәнін бақылап, нәтижелерін түсіндіреді.




  1. Гүл – тапсырмаға толық жауап берген кезде;

  2. Тұқым – тапсырмаға жартылай жауап берген кезде;

  3. Жапырақ – тапсырмаға дұрыс жауап бермесе;

  1. АКТ, Бейнелеу.

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет