Сабақ №9 тақырыбы: Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері. ДӘріс мазмұНЫ



бет1/3
Дата08.03.2023
өлшемі21,52 Kb.
#171466
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері.


Теориялық сабақ № 9
ТАҚЫРЫБЫ: Өзіне өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері.
ДӘРІС МАЗМҰНЫ:
Өте ауыр халдегі науқастар толық түрде іс-шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Пациент көп уақытын төсекте өткізеді. Содықтан төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа болуы керек. Матрас ақжаймамен жиырылмайтындай жабылу керек.Ұялу себебімен кіші медбикелерге ойындағысын айта алмайды. Медбикелердің негізгі міндеттері сол болған соң, ешбір ескертусіз айыр халдегі науқастарға көмектесу керек.
Ауыр жағдайдағы нуақастарды жуындырғанда, басқа да жәрдемдер көрсеткенде өте қысылады. Науқас қатты қысылмау үшін меlбикенің міндетті:
науқасқа мұндай жағдайда ұялмау қажеттігін абайлап түсіндіруі қажет;
пердемен жайып қоюды қамтамасыз етуі керек;
басқа науқастардың палатадан шығуын талап ету керек;
дәрет алатын заттарды тапсырғаннан кейін ауруды жеке қалдыру керек.
Терінің күтімі
Тері күтімнің бірінші мақсаты- теріні таза ұстау. Теріде жиналатын тері безде- іріннің секреттерімен, шаң және микробтардың тері қабатының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының жараларға,терінің «былжырауға», «пысынауға», «ойылуына» әкеп соғады. Ол үшін күн сайын таңертеңгі және кешкі тазалықты жүргізіп отыру керек.
Пациенттерді аптасында 1 рет ванна немесе душта жуындырып отыру керек. Төсек жағдайындағы науқастарға мейіргерлегенге су құйып, жуынуға көмектеседі.
Науқастың төсегін ауыстыру
Ауыр сырқатты емделушінің төсегін екі әдіспен ауыстыруға болады:
Бірінші әдіс – науқасқа төсекте аунауға рұқсат етілген жағдайда қолданылады.
Екінші әдіс – науқасты төсекте белсенді қозғалыстар рұқсат етілмеген жағдайға қолданылады
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Науқастардың төсегін 7-10 күн ішінде 1 рет, ал ауыр науқастардың ақ жаймасы кірлеуіне байланысты ауыстырылады.
Ойылудың алдын-алу
Ойылу – бұл тері асты клеткасының және жұмсақ ұлпалардың ұзақ қысылуының, жергілікті қан айналымының және жүйке трофикасының (тіңдердің қоректендіруі) бұзылуынан пайда болатын терідегі некрозы, ұлпалардың өлуі (ойық жара) және дистрофикалық өзгерістер.
Ойық әлсіз және жүдеген ауыр науқастардың бір қалыпта ұзақ жатқанына байланысты, ол құйымшақ, сегіз қөз, жауырын, шынтақ, желке, жамбас, табан тусында пайда болады.
Ойықтардың пайда болуы себебі бұл ауыр науқастарды нашар күтуінен болады, мысалы: дымқыл және ластанған іш киімдері, төсектегі ақжайманың қыртыстардан және тамақ қалдықтарынан, кірленген теріден.
«Пысынау»- бұл науқас терлегенде,теріні күтпегенде дененің қыртыстарында қабыну процестің дамуы, мысалы шат аралығында (дәрет алмағанда) немесе семіз адамдарда қолтықтың ,сүт бездердің астында болуы мүмкін. Қабыну процесс іріңдеу процесске әкелу мүмкін.
«Былжырау»- «мацерация»- дымқыл ортадан тіңдердің жұмсаруы, қызаруы.
Ойылулардың алдын алу:
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек
орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу
ауыстыру.
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру,
камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен
сүрту, ұнтақ себу.
4. Резеңке шеңберлер қолдану.
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке
отырғаннан кейін астын шайып жуу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет