Биология
|
9«А»сынып
|
Күні
24.02.2015 ж
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.
|
Сілтеме :
|
Жоспар, слайд
|
Жалпы мақсаттар:
|
Өсімдіктер мен жануарлардағы бейімделушіліктің түрлерінен мысалдар келтіріп,бейімделушіліктің табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі екенін түсіндіру,бейімділікті ерекшеліктерімен танысу арқылы дүние танымдық көзқарас қалыптастыру.Қоршаған ортаны қорғауға үйрену
|
Сабақ қадамдары:
|
1. Жаңа сабақты игерту
2. Тұжырымды ой айту
|
Оқыту нәтижелері:
|
Қорғаушы ,сақтандырушы ,еліктеуші реңдер тіршілік ету үшін ортаға бейімделудің формасы,қолайсыз жағдайда қорғаныш болуын нақтылайды.
Топта жұмыс жасауға қалыптасады.
|
Негізгі идеясы:
|
Жеке немесе бірлесіп жұмыс жасауға,ортақ ой-пікір туғызуға,өзінің және жолдастарының іс-әрекеттеріне баға беруге,мақсат қоюға,талдауға қортынды шығаруға үйренеді.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Көрнекілігі:
|
Интерактивті тақтамен жұмыс.
|
Сабақ барысы:
|
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Үй тапсырмасы;
ІІІ. Жаңа сабақ;
IV. Тапсырмалар;
V. Үйге тапсырма
|
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Оқу-құралдарын тексеру
Зейіндерін сабаққа аудару.
Сыныпты әр түрлі түстер мен геометриялық таңбалар таңдату арқылы топқа бөлем. Сынып ІІІ топқа бөлінді. І топ: қызыл түс, ІІ топ: сары түс, ІІІ топ жасыл түс. Қызыл түс таңдағандар І топқа, сары түс таңдағандар ІІ топқа, жасыл түс таңдағандар ІІІ топқа отырды.
Үй тапсырмасын сұрау. Гендердің ығуы. Популяциялық толқындар.Оқшаулау.
Сұрақ-жауап әдісі
1. Популяциялық толқындар дегеніміз не? Популяциялық толқындардың авторы кім?
2. Оқшаулау дегеніміз не және оның неше түрі бар?
3. Гендердің ығуы дегеніміз не?
4. Биологиялық оқшаулану дегеніміз не?
5. Географиялық оқшаулану дегеніміз не?
6. Экологиялық оқшаулану дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.
► Тапсырмалар
1 топ : Бейімделгіштік. Қорек талғауға бейімделу. Климаттық бейімделу.
2 топ: Қорғаныш реңдер.
3 топ: Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануға бейімделуі. Бейімделгіштіктің салыстырмалылығы.
►Бос орынды толтыр:
1. _______________ дегеніміз – тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. (Бейімделгіштік)
2. _______________ – қоршаған ая түсіне ену. (Бүркеніш реңі)
3. _______________ – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. (Көрнекілеу реңі)
4. Бейімделгіштік тірі қалушылықты арттырып, ________________________ жол ашады. (биологиялық алға басуға)
5. _______________ - денедегі рең тұтастығы жойылады. (бөлшектену реңі)
6. _______________ - жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі. (көлегейлену реңі)
7. _______________ - қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі. (еліктеу реңі)
► Тест
Достарыңызбен бөлісу: |