№ 3 сабақ
«АИТВ-ның адамға әсер етуі»
Уақыты : 45 минут
Мақсаты :
Оқушыларға АИТВ, ЖИТС - пен байланысты жағдайларды бағалауға, вирустың адамға, оның отбасына, ұлтына және жалпы мемлекетіне әсер етуін түсіну мүмкіндігін беру.
Міндеттері :
1.Қазақстан Республикасында және әлемде АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен таныстыру.
2.АИТВ жұқпасына байланысты сұрақтарды, оның ішінде қорқыныш пен үрейлерін талқыға салу.
3. АИТВ індеті эпидемиясының физикалық, эмоционалдық, мәдени, әлеуметтік және экономикалық салдарынан әр адамға, отбасына, жалпы қоғамға келтірер әсерлерін талқыға салу.
Мазмұны :
1. Әлемде және Орта Азияда АИТВ эпидемиясының тенденция жағдайы.
2. Қазақстандағы АИТВ, ЖИТС - тың эпидемиологиялық жағдайы.
3. АИТВ, ЖИТС эпидемиясының салдары.
4. АИТВ эпидемиясының әйелдерге, жастарға әсер етуі.
Материалды ұсыну үшін қолданылатын құралдар:
1. Ақпараттық жаттығулар
2. Диспут немесе дебаттар.
Жабдықтау:
Проектор, тақта, қағаз, маркерлер, қаламдар, «Әлемде, Орта Азияда, Қазақстан Республикасында АИТВ эпидемиясының таралу деңгейі» презентациясы, ресурстық материалдар.
Сабақ барысы
Ұстаздың кіріспе сөзі: Бүгінгі күнде әлемнің әр елінде АИТВ, ЖИТС жағдайлары тіркелген. Бұл балаларға, ересектерге әсерін тигізіп және көптеген
адамдардың өліміне себеп болатын індет. Орта Азия мен Қазақстан Республикасында АИТВ індетінің беталысы қандай? Неге бұл ауру жас ұрпақ үшін созылмалы қауіп төндіреді.? АИТВ індетінің таралуы туралы кім болжам жасай алады?
Негізгі бөлім
Жаттығу «АИТВ, ЖИТС-тің аймақтық және глобалдік әсері»
Мақсаты:
АИТВ эпидемиясының Орта Азия елдеріндегі негізгі моделін түсіндіру.
Болашақты талқыға салу.
Өткізу барысы
Сабақ басында АИТВ-ның әсері туралы презентация көрсету және қауіпті мінез-құлықпен оның салдары туралы фильм көрсету.
Оқушыларды 5 шағын топтарға бөліп әр топқа «АИТВ, ЖИТС эпидемиясы: АИТВ, ЖИТС Орта Азия мен Қазақстан Республикасында» А, Б, С, Д, ресурстық материалдарының көшірмесін тарату керек.
2. Әр топқа әсер ету тізімдемесіне сүйене отырып зерделеу тақырыбын белгілеу:
- Адам
- Отбасы
- Қоғам
- Мемлекет
- Әлемдік қауымдастық
- Білім беру жүйесі
3. Әр топтан келесі шараларды орындауын өтіну:
1 топ – жаңа статистикалық деректерге сүйене отырып АИТВ, ЖИТС-тың глобалдық және аймақтық әсерін сипаттау.
2 топ – АИТВ эпидемиясының тенденциясын сараптау және келесіге назар аудару:
Таратылу моделі
Ауруға шалдыққан елдер\аймақтар
АИТВ, ЖИТС - тың адамдарға әсер етуі
3 топ – АИТВ, ЖИТС жас адамдарға қандай қауіп төндіретінін және одан қорғану үшін не істеу керектігін баяндау.
4 топ – Өзге аймақтарға қарағанда кейбір аймақтарда АИТВ індеті неліктен жылдам таралатынын түсіндіру.
5 топ – АИТВ, ЖИТС эпидемиясының қатысы бар өмірлік жағдайлар моделін құрастыру.
4. Барлық шағын 5 топты жинап 3-5 минут көлемінде өздері зерделеген жұмыстары бойынша презентация құруын өтіну керек. Ол үшін үлкен көлемді қағаздарды пайдалануға болады, сол кезде презентация көрнекі және түсінікті болады.
5. Презентациялау кезінде кезекте келесі болып тұрған топ мүшелеріне мұқият тыңдап, сұрақтар қоюға және пікір айтуға дайындалып тұруларын өтіну керек.
6. Презентация көрсетушілерге жақсы дәрежеде ойларын жеткізгені үшін алғыс білдіру керек.
7. Бір-екі қатысушыға барлық презентациялар бойынша жалпы шешім шығаруды ұсыну керек.
8. Қорытындылау: оқушылармен жұмыс нәтижесін талқылаңыз. Ол үшін келесі сөздерді аяқтауын өтініңіз:
Мен үйрендім…….
Мен аштым……..
Мен сеземін…….
Мен келешекте ………
Мен ойлаймын…….
Материалды бекіту арқылы аяқтауға болады:
АИТВ, ЖИТС ……
Қауіпті мінез-құлық……
Жастар ……..
Алдын-алу дегеніміз …….
Пандемия………
Және т.б.
Оқытушыға нұсқама:
Бұл сабақтың мақсаты АИТВ эпидемиясының аз мөлшерде ақпаратпен шеклемеу үшін, АИТВ, ЖИТС-тың әсерін неғұрлым кең көлемде қарастыруға көз жеткізу. Оқушылардың назарын Қазақстандағы АИТВ індетінің жартысы жасөспірімдер мен жастар арасында таралғанына аударту керек. АИТВ індетін жұқтырудың басты себебі қауіпті мінез-құлықта екеніне көз жеткізу.
Оқушылардың жауапты мінез-құлық пен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға себепкер болу.
№ 3 сабақтың ресурстық қоры
АИТВ, ЖИТС эпидемиясы
Жахандық шолу :
Әлемдік статистикаға сүйенсек, 2017 жылдың 01 қаңтарына - 78 миллион АИТВ жұқпасымен тіркелген яғни, жұқтырған адамдар саны, оның - 35 миллионы қайтыс болды. Бүгінгі күні АИТВ жұқпасымен өмір сүретін адамдар саны - 36,7 миллион, оның ішінде - 34,5 миллионы ересектер, 17,8 миллионы әйелдер (15 жастан жоғары), және 2,1 миллионы балалар (15 жасқа дейін жаста). Жыл сайын жаңадан АИТВ жұқпасының тіркелуі байқалады, осы бағытпен 2016 жылы - 1,8 миллион жаңа жағдай тіркелген, оның 1 миллионы қайтыс болған.
Қазақстан Республикасындағы АИТВ-жұқпасының жағдайы
Қазақстан, Орта Азиядағы бұрынғы елдердің тәуелсіз мемлекеттер достастығы ішінде АИТВ жұқпасының тіркелу саны бойынша алдынғы орындардың бірін алады. Елімізде тіркелу уақытынан бастап (1990ж.) 2017 жылдың 01 қаңтарына – 27112 адам АИТВ жұкпасымен тіркелген, оның ішінде 506-сы – 14 жасқа дейінгі балалар, 954-ті 15-19 жас аралығындағы балалар. Республика бойынша – 1924 науқас адам ЖИТС-тан кайтыс болған.
Мамандардың болжауы бойынша, қазіргі таңда Орта Азияда 100 мыңнан астам АИТВ жұқпасын тасымалдаушылар өмір сүреді. Орта Азияда 2005 жылдың ортасынан бастап алғашқы аймақтық ЖИТС-пен күресу бағдарламасының жұмысы жүргізіле бастады. Дүниежүзілік банктың есебіне сәйкес, «Орта Азиядағы ЖИТС-ті зерттеуі бойынша», бес ел – Қазақстан, Қырғыстан, Тәджікістан, Түркменістан және Өзбекістан – кейінгі 20 жылда АИТВ жұқпасының эпидемиясына оте осал болады.
Еш бір ел бұл эпидемиядан қорғанбаған, оның мемлекеттік шекарасы болмайды және сол себебтен ЖИТС-қа қарсы күрес аймақтық деңгейде жүргізілу қажет. Орта Азияда эпидемияның алдын алудағы ең басты қадамының бірі оның таралуымен куресу. Эпидемиямен күресу бастапқы сатысынан басталса, оның салдарынан болатын улкен экономикалық шығындардан қорғауға болады. ЖИТС – ты алдын алу және емдеу шаралары
мемлекеттік ұжымдар арқылы, сондай-ақ жекеменшік құрылымдар арқылы немесе үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізілуі мүмкін. Маңыздысы, әр елде басты роль білім беру жүйесіне тиесілі.
Тиісті іс шараларды жүргізе отырып, эпидемияны тежеуге болады. Айқын фактінің бірі, ол тиімді алдын алу іс шараларын жүргізуде АИТВ-ның таралуын тежеуге болады. АИТВ-ның таралуы мен осуін тежеудегі жаксы мысалдардың бірі, ол Таиланд елі Камбоджадагы тиімді және нысаналы алдын алу кампаниясының жургізуі. Тайландта жақсы қаржыландырылған, мемлекет тарапынан саяси қолдаудан құрылған кең кешенді алдын алу іс шаралары жоспары миллиондаған адамдардың өмірін құтқарды, жаңа АИТВ жұқтыру санын азайтты 1991 жылы - 143 мыңнан, 2001 жылы - 29 мыңға дейін.
Алдын-алу негіздері. Қауіпті мінез-құлықтың өзгеруі.
Алдын алудың міндеті – адамдарды ерікті түрде ұзақ уақытқа өзінің мінез-құлқын, анағұрлым қауіпсіз жасап өзгертуге көзін жеткізу болып табылады. Оған қалай қол жеткізуге болады? Мінез құлықтың өзгеруінде бірнеше психологиялық заңдылықтар бар. Қалыптасқан әдеттерден өз еркімен бас тарту лезде болмайды, ол кішігірім ұзақ уақытқа созылатын процесс, оның барысында адам бірнеше кезеңнен өтеді. Өз мінез құлқын өзгертетін адамға, осы әр-бір кезеңде тиісті ақпарат пен қолдау қажет.
Мінез құлықты өзгерту кезеңдері:
Қалыптасқан мінез-құлықтары қауіпті болуы мүмкін екендігі туралы ойланбайды да. (Ол үшін қажет: назарын аудару, үркіту, өзіне төнген қауіпті сезіндіруге жеткізу).
Ойлана бастайды. (Ол үшін қажет: қауіптілік дәрежесі туралы нақты ақпаратты жеткізу, қалыптасқан мінез-құлықтарын өзгертудің «ия» және «қарсы» жағдайларын талдауға көмектесу).
Әрекет етуге дайын. (Ол үшін қажет: жаңа әдеттерге және өзін өзі бақылау техникасына үйретіп бейімдеу, табыстарын атап марапаттау, үйреніскен жағдайларын өзгертуге көмектесу, қауіпті ахуалдардан аулақ болу).
Әрекет етуде. (Ол үшін қажет: өзін өзі қолдау, өзара қолдау, кәсіби қолдау жүйесін қалыптастыру).
Тұрақты нәтиже. (Ол үшін қажет: қол жеткізгендерге мақтаныш сезімін тудыру, жақын адамның қолдауын тұрақты сезіну).
Әлеуметтік жарнама, плакаттар, бейнеклиптер адамға негізінде бірінші кезеңінде әсер етеді, ол адамға проблемасы туралы ойлануға көмектеседі. Әрі қарай мінез-құлықты өзгерту үшін неғұрлым нақты ақпарат - баспа материалдары, сенім телефоны, маман кеңесі қажет.
Тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажет: қолдаушы топ, әлеуметтік- психологиялық қызметтер, айналасындағылармен, туыстарымен және жақын адамдарымен мақсатты бағытта жұмыс жүргізу қажет.
Психологиялық ерекшеліктерді ескермеген жағдайда мінез-құлқын, әдеттерін өзгерту бойынша халықпен жүргізілетін алдын алу жұмысы 1-ші және 2-ші кезеңдер деңгейінде қалу қаупі бар, ол жағдайда адамдардың біраз бөлігі өзін қауіпке итермелеп отырғаны туралы ойланбайды, ал екінші бөлігі ойланған күнде де осындай жағдайды өзгертуге ешқандай қадам жасамайды.
«Жаңа көзқарас» бағдарламасы білім беру сапасының жақсаруынан басталады
«Жаңа көзқарас» бағдарламасын Дүниежүзілік Банкі және ЮНИСЕФ пен ЮНЕСКО құрастырып, 2000 жылы Дакарда өткен дүниежүзілік білім беру форумында іске қосылды. Бағдарламаның басты мақсаты - мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру арқылы білім беру сапасын жақсарту. Бұл бағдарлама БҰҰ агенттіктерінің демеушілігімен бекітіліген, онымен қатар бұл бағдарлама аясында әр бір ел өздерінің қажеттіліктеріне байланысты жеке стартегияларын құрастырады.
«Жаңа көзқарас» бағдарламасы 4 компоненттен тұрады:
1. Оқушылар денсаулығына бағытталған мектеп саясаты
2. Салауатты білім беру ортасын қалыптастыру.
3. Денсаулыққа себепкер болатын өмірлік дағдыларды қалыптастыру.
4. Мектепте денсаулық сақтау және тамақтану бойынша қызмет көрсету.
Жаппай білім алу дегеніміз барлық балалардың сапалы бастапқы білім алуға құқығы. Ол үшін мектептерде белгілі орта қалыптастыру, білім алуға мүмкіндік туғызатын негізгі білім беру бағдарламасының болуы. Мұндай орта балалар үшін тиімді, мерейлі, «салауатты», қорғаныс пен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуі тиіс.
Жасына қарамастан білім алуды жылжыту, ол мектептегі әр жастағы балалар үшін жақсы денсаулық жағдайына, гигиенасына және тамақтануына есептелген бағдарлама.
Бұл бағдарламаны іске асыруда маңызды үлес тек жақсы тамақтану мен денсаулықты қамтамасыз етуде емес, сонымен бірге сапалы білім беруде.
Сапалы білім беру дегеніміз балалар денсаулығы, әсіресе қыздардың денсаулығын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды көздейді.
Тиімді мектеп гиенасы мен тамақтану бағдарламасының негізі
Бағдарлама негізі – оқушылар денсаулығы компонентінің тиімді дамуын кеңінен қарастыру және балалар үшін мектепте достық ортасын қалыптастыру. Әрине, одан да көп әрекет жасауға болады, бірақ жоғарыда көрсетілген 4 компонент толық еңгізілсе, бірден жағымды нәтижелері мен білім беру жүйесін әрі қарай жақсартудың алғы шарттары пайда болады. Жеке алсақ, бұл бағдарламаның мақсаты – балалар денсаулығы мен тамақтануын жақсарту арқылы білім беруді дамыту.
Негізгі бағытталған әрекеттер:
Бағдарламаның іске асырылуы үшін қажетті 4 негізгі компонент және мектептерде бағдарламаны енгізуге ықпал ететін кейбір стартегиялар.
А. Негізгі компоненттер:
1) Оқушылар денсаулығын нығайту бойынша мектеп саясаты
Оқушылар денсаулығын нығайту бойынша мектеп саясаты - өмірлік дағдыларды білуге негізделген, оның ішінде білім алу, денсаулық саласындағы қызмет көрсетулер, салауатты өмір салты, балалар гигиенасы мен тамақтануынан құралған саясат. Бірақ денсаулықты нығайту саясаты қауіпсіздік және жағымды психоәлеуметтік орта сияқты факторларға сүйену керек. Бұл жерде кейбір құбылыстарға орын болмауы тиіс: отбасындағы қатыгездік, сэксуалдық алымсақтық, зорлық-зомбылық пен қорқыту. Жүкті болған жасөспірім қыздарға және жас аналарға оқуын ары қарай жалғастыру кепілдігі мектеп саясатына қосылған, және қыздарға өзгелермен тең жағдайда мектеп ортасына енуіне көмек көрсетуі тиіс. Басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан алымсақтық элементтерін азайту немесе алдын алу саясаты да қыздардың мектепке бармау себебімен күресуге көмектеседі. Мұғалімдер мен оқушылар денсаулығын нығайтуға қатысты саясаты жалпы мұғалімнің
оқушылар үшін үлгі болуына негізделеді, мысалы шылым шегуден бас тарту. Саясаттың даму үдерісі бұл сұрақты да қарстырады. Бұл саясаттың жағдымды жағы – оның мектепте білім беру деңгейлерінің барлығын, білім беру жүйесіндегі шешім қабылдаушы шенеуніктерден бастап қатардағы оқушы, оқытушы, ата-анаға дейін қамтитыны.
2) Таза сумен қамтамасыз ету және санитарлық жағдайды жақсарту.
Балаларды таз сумен және гигиеналық жағдайын қамтамасыз ете отырып, мектептер олардың денсаулығы мен гигиеналық дағдыларын жақсарта алады.
Құрылымдық саясат гендерлік тепе-теңдік пен бейресмилік қолжетімділікке бағытталғанын дәлеледей алады.
3) Өмірлік дағдыларды қалыптастыру.
Денсаулық, гигиена, тамақтану мәселелеріне ыңғайлану өз денсаулығы жағдайына қатысты неғұрлым тиімді шешім қабылдау үшін, білім беру, қарым-қатынас, құндылықтар мен өмірлік дағдыларына назар аударады. Бұл жердегі денсаулық мәселесі психоәлеуметтік факторлар мен қоршаған ортаны қамтитын физикалық денсаулық түсінігіне байланысты болады. Әлеуметтік және мінез-құлықтық факторларының өзгеруі - ерте жүктілік, зорлық-зомбылық, шылым шегу, АИТВ індетімен байланысты мәселелерге әкеп соғуы мүмкін. Қауіпті мінез-құлық және әлеуметтік нормаларды сақтамау өмір салтына, денсаулығына, тамақтануына әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге көптеген мектеп жасындағы балаларға және жасөспірімдерге білім алу мүмкіндігін жояды. Гендерлік теңдікке қатысты қарым-қатынас және ұлдар мен қыздар арасындағы сыйластық, қатарластары тарапынан көрсетілген қысымға қарсы тұру сияқты дағдылар өмірлік дағдыларға негізделген тиімді білім берудің негізін қалайды. Егер балалар ондай дағдырды еңсере білсе, олар әрі қарай мектеп қабырғасында салауатты өмір салтын жүргізуге бейімді болады.
4) Мектеп оқушыларының тамақтануы мен денсаулығы.
Мектептер оқушыларға тамақтану мен денсаулық сақтау және жақсарту бойынша кейбір қызметтерді ұсына алады. Яғни, балалар ем қабылдай отырып
сабақтарына үзбей қатысу мүмкіндігін алады. Бұл білім беру ұйымдары үшін өте маңызды және қоғамның қодауына ие.
Б. Қолдау стратегиясы
1) Педагогтер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау секторлары арасындағы тиімді серіктестік.
Денсаулық бойынша білім беру бағдарламаларының жетістігі білім министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі арасында тиімді серіктестік жүргізуді талап етеді. Денсаулық сақтау секторы жастардың денсаулығы үшін жауапты, ал білім беру секторы білім беру ұйымдарында денсаулық бағдарламасын енгізу және іске асыру үшін жауапты. Осыған байланысты аталған екі сектор өздерінің міндеттерін бөлісіп, оқушылардың денсаулығын жақсарту және сапалы білім алу бойынша жүргізілетін жұмыстарын үйлестіріп отыруы қажет.
2) Қоғаммен тиімді серіктестік жүргізу.
Оқушылар мен қоғам арасында жағымды қарым-қатынасты нығайту оқу бағдарламаларының жемісті де тұрақты үдерісіне негіздеме болып келеді. Қоғаммен серіктестікке түсу бірге әрекеттесу, ортақ міндеттер мен біртұтастыққа бастайды. Серіктестіктің мұндай түрі қоғамдық көзқарасты қалыптастырады. Білім беру ұйымдарында іске асырылатын денсаулық бағдарламалары үшін мұндай үдеріс түрі ынтымақтастық пен ата-аналар қолдауы білім алуға және уйде оқуды жалғастыруды жақсартады. Кең көлемде қоғамды тарту (мәселен: жеке сектордың, әр-түрлі ұжымдардың және топтардың қолдауы) оқу орындарында денсаулық бағдарламасын жақсартуға , күшейтуге әсерін тигізеді. Мұндай серіктестік мектепте жағымды орат қалыптастыруға, мектеп қабырғасында денсаулыққа байланысты сұрақтарды анықтауға, сол мәселелерді шешуге бағытталған іс-шараларды құрастыруға көмегін тигізеді.
3) Оқушылардың қатысуы
Бағдарламаның барлық аспектілеріне оқушылардың өздерінің қатысуы
өте маңызды. Қауіпсіз орта қалыптастыру саясатын дамыту мен енгізуге қатысқан, басқа оқушылар, ата - аналар мен жалпы қоғам арасында салауатты өмір сүру сұрақтарын жылжытуда қатысқан жастар тәжірибе жүзінде тиелісілі дағдыларын алады. Бұл жастарға тиесілі білім алуға, қарым-қатынасты қалыптастыруға, құндылықтар мен дағдыларды тек қана салауатты өмір салтына бағыттап қана қоймай, барлығына бағдарламаны қолдау үшін көмектесудің тиімді әдіс болып табылады.
АИТВ індетінің әсері. Ресурстық материалдар
А. Жеке тұлғаға \адамға:
Иммунитет тапшылығы (ағзаның қорғаушы жасушалары қорғау функцияларын орындамаған кезде иммундқ жүйенің әлсіреуі) бұл екінші жұқпасның дамуына әкеп соқтырады (мысалы диарея, пневмония және т.б.)
Достарының, жақындарының, туғандарының қолдауын алмаса, қоғамнан оқшауланса.
Жаңа туған нәрестелердің 15-30%, АИТВ індетін оң нәтижелі анасынан жұқтыруы мүмкін, егер де олардың аналары анадан балаға АИТВ жұқтыруды алдын – алу бағдарламасына қатыспаған жағдайда.
Психологиялық сұрақтарға кіретіні:
1. Ауру мен өлім алдында қорқыныш (әсіресе жалғыздықта өлу).
2. Айрылу немесе жоғалту сезімі, әсіресе кеудемсоқтық, жасырындылық, сыртқы тартымдылық, потенция, сэксуалды қарым-қатынастар, қоғамдағы дәреже, қаржылық тұрақтылық, болашаққа жоспар мен тәуелсіздікке қатысты болса.
3. Өзі өзіне ашулануы, өзінің АИТВ дәрежесі үшін ұялуы.
4. Өзі өзіне қолжұмсауға бейімдігі – аурудан немесе біреудің алдында ұяттан кашу жолының бірі деп санауы мүмкін.
5. Өзін өзі сыйлауды жоғалту және қажеттіліксіздік сезімі – бұл әріптестерімен, жақындарымен, сүйіктілерімен қарым-қатынастан бас тартуы, жәнеде ол оған қоса індеттің физикалық мынадай көріністерімен байқалады: аурудан шаршаған кезде пайда болатын физикалық әлсіздік, әлсіреу және т.б.
6. Айрылулар туралы қайғыру.
7. Өзгелерді індетке шалдықтыру мүмкіндігі туралы кінә сезімі, алдынға мінез-құлқы үшін кіна сезімі, туған-туыстары мен жақындарына, әсіресе балаларына артқан жан ауруы үшін кінә сезімі.
8. Күйзеліс - емшараның болмауынан, үмітсіздік пен өзін өзі ұстауды жоғалтумен байланысты.
9. Қорқыныш пен үрей:
Кішімерзімді немесе ұзақмерзімді болжам
Өзіне басқа індеттерді жұқтырып алу қаупі
Басқа адамдарға АИТВ індетін жұқтыру қаупі
Физикалық немесе қаржылық бостандықты жоғалту
Физикалық күштің кетуі
Болашақта әлеуметтік немесе сэксуалдық белсіздік жоғалту
Отбасын, сүйген адамын, жалпы жеке бас өмірін жоғалту мүмкіндігі
Қажетті медициналық және стоматологиялық емдеу бар болу
Аурудан көз жұму
Өз адамгершілігін жоғалту
Оқшаулану немесе жалғыздықта қалу мүмкіндігінен, жақындарының бас тартуынан қаупі
Өзге себептерсіз жұмыстан жығу немесе бас тарту
Өзін сыйлауды жоғалту
Белгілі топ мүшелеріне қарсы кемсітушілік корсету,
Қандай –да бір елге кіруге болмайтындығы
Б. Отабсына
АИТВ-ға оң нәтижелі науқаспен бас қосып тұра алмаудан барлық жан ұя мушелерінің психологиялық күйзелісі ашу-ыза, қайғы, түңілумен негізделген.
АИТВ-ға оң нәтижелі жақын адамына күтім көрсетіп және қамқор болатын отбасының барлық мүшелері кемсітушілік пен шеттеумен сқтығысуы.
Емдік препараттардың, медициналық қызметтердің қымбатшылығынан туындайтын экономикалық мәселе жиі тұрақты жумыстың болмағандығымен байланысты.
В. Қоғамға
Қоғамдық қажеттіліктерге жұмсауға болатын қаржы құралдарын АИТВ алдын –алу шараларына, диагностикасына, емделуге және ауруларды күтуге жұмсауға мәжбүр.
Денсаулық сақтау саласына жүктеме
Ауру нәтижесінде экономикалық нәтижелерден және еңбек өндірісінен айрылу.
Г. Әйелдерге
АИТВ індеті, жыныстық жолмен берілетін індеттер (ЖЖБІ) әйелдерге психологиялық, әлеуметтік-мәдени және экономикалық себептерден үлкен әсерін тигізеді.
Әйелдер АИТВ індетіне, ЖЖБІ-ге ағзасының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты осал келеді.
Әйелдер қарым-қатынастарын толыққанды бақылауда ұстай алады, үнемі ер адамның талғамын орындауға тырысып, ер адамдардың ләззат алуына жіті назар аударады.
Ерте тұрмыс құру немесе жасөспірім қыздардың ересек ер адамдарға тұрмысқа шығуы АИТВ індеті алдында осалдығын білдіреді.
Некедегі және некеден тыс сэксуалдық зорлық-зомбылық пен қатыгездік осы күнге дейін кең тараған.
Экономикалық себептер әйелдерді осы күнге дейін АИТВ, ЖЖБІ –не осал қылдырады, себебі күнделікті тіршілік үшін күрес АИТВ індетін жұқтыру қаупін аса жоғарлатады.
Әйелдің экономикалық тәуелділігі және төменгі әлеуметтік дәрежесі оның күйеуінің некеден тыс қарым-қатынаста болуы немесе оның індетке шалдығу қаупін біле тұра мүшеқап пайдалануын талап ете алмайтындығы әйелді осал қылады.
Көп жағдайда әйелдерге отбасының мүшелерінде АИТВ –ға оң нәтижеліге қамқорлық таныту жүктемесі түседі.
Д. АИТВ эпидемиясының әсерінің күшеюі
Әлемдік статистикаға сүйенсек, 2017 жылдың 01 қаңтарына дейін - 78 миллион адам АИТВ індетімен тіркелген, оның 35 миллионы қайтыс болды. Бүгінгі күні АИТВ індетімен өмір сүретіндер саны - 36,7 миллион, оның 34,5 миллионы ересектер, 17,8 миллионы әйелдер, және 2,1 миллионы балалар (15 жасқа дейін). Жыл сайын жаңадан АИТВ індетін жұқтыру жағдайлары тіркеледі.
Мысалы, 2016 жылы 1,8 миллион жаңа жағдай тіркелген, ал 1 миллионы қайтыс болған.
АИТВ індетінің білім беру жүйесіне әсері. Ресурстық материал.
АИТВ індеті деңгейі төмен болған кезде оны бақылауға ала алмаған елдер жақын арада АИТВ эпидемиясының таралу деңгейінің тым жоғарлау қаупіне бетпе бет келуі әбден мүмкін. Індет кең тарала бастаған кезде халықтың әр түрлі топатрынан індетке шалдыққандар саны көбеюін бастайды.
АИТВ індеті жеке адамдарға ғана емес, барлық қоғамға да әсер етеді. Адамзаттық дамуындағы жетістіктер жас еңбекқор адамдарды жоғалту әсерінен жойылады. Адамдар мен қоғамның жалпы әкономикалық-әлеуметтік жағдайы нашарлай түседі де АИТВ қарсы осалдық арта түседі.
АИТВ білім беру жүйесіне әсері
АИТВ індеті білм беру жүйесіне өте үлкен қауіп төндіріп тұр. Қазақстанның білім беру жүйесі алдын-алу бойынша білім беруді іске асыру арқылы АИТВ індетінің тарауын тежей алады. Оның қоғаммен және үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыс жасауы АИТВ-ны алдын алу бойынша оқыту бағдарламаларын құрастыруға сүйеу болады.
АИТВ індетінің эпидемиясы білім беру жүйесіне толықтай жағымсыз әсер етеді. Республикалық ЖИТС-пен күресу орталығының деректеріне сүйенсек, 2017 жылғы 01 қаңтарна дейн республикамызда - 130 мектеп жасындағы балалар, 429 АББҰ мен ЖББҰ студенттері ресми тіркелген. Шынайы сандар әлдеқанша көп. Соңында, егер АИТВ індеті қарқынды дами бастаса, ауру оқушылар саны да күрт жоғарлайды. Ал ол оқушылардың көбісі мектепке бара алмайды, ал барған күннің өзінде денсаулығы жағдайына байланысты білім бағдарламасын толық меңгере алмайтыны сөзсіз.
Мектеп ресурстары
АИТВ обасының толық қамтитын жағдайда білім беру секторы адам ресурстарын жоғалтады, оның ішінде: ұстаздарды және әкімшілік кадрлар, техникалық және басқа да қызметкерлер, ауруға шалдығып немесе қайтыс болуы мүмкін, ЖИТС ауруынан немесе одан қайтыс болған жақындары үшін психологиялық зақым алатын жұмыскерлер уақытша жұмысқа шыға алмауына немесе еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Білім беру мазмұны.
Құрастырылған алдын-алу бойынша оқу бағдарламалары жастардың жыныстық және репродуктивті дамуы туралы, АИТВ індеті мен жыныстық жолдар арқылы таралатын індеттер туралы, өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салтына септігін тигізетін, қауіпті мінез-құлықты жауапты мінез-құлыққа өзгертетін ақпаратты қамтуы қажет.
Алдын-алу бойынша оқу бағдарламасының құрастырылуы оқушыларға қажетті білімдерді және дағдыларды меңгеруге, алынған мәліметтерге сүйене отырып өз бетінше шешім қабылдай білуді, денсаулығын сақтап және оны жақсарта отырып дұрыс өмір салтын жүргізуге көмек көрсетуге бағытталған.
Білім сапасы
Білім сапасы ең алдымен алдын-алу бойынша оқытушы мұғалімдердің дұрыс және мұқият даярлығы арқылы, қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, оқытушылар мен оқушыларға арналған нұсқамалар аудио және бейне материалдардан құрастырылған оқу-әдістемелік кешендерді өндеуді және басып шығаруды талап етеді. Алдын –алу сұрақтары бойынша білім беру оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін, ұлттық-аймақтық жағдайларды (мәдениет, дәстүр, салттар, халық менталитеті және т.б.) ескеру арқылы құралуы керек.
Білім беруді жоспарлау
АИТВ індеті білім беру ресурстары мен қызметтерін бойынша шешім қабылдап оларды үлестіретін министрліктерге, департаменттерге, агенттіктерге және адамдарға жағымсыз ықпал етеді. Эпидемия әсері салдарын реттеу мына жағдайларға қажеттіліктеріне, ресурстарына, қамтамасыз ету мен сапасына әсер ету нәтижесін ретіне келтіру өз кезеңінде көп уақытты талап етеді және қомақты шығын мен көлемді сараптаманы талап етеді.
Топтық жұмыстың презентациясына арналған кесте
|
Физикалық
|
Эмоционалды
|
Әлеуметтік
|
Мәдени
|
Экономикалық
|
Жеке тұлға
|
|
|
|
|
|
Отбасы
|
|
|
|
|
|
Қоғам
|
|
|
|
|
|
Мемлекет және әлем
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |