Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасату.
2. Ү дыбысының әріп элементтерін, сөздерді дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, тілін дамыту.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: тірек сызба, кеспе әріптер, суретті әліппе, суреттер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Балалардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен әріпті еске түсіру, сөздерді оқыту, өлеңді жатқа сұрау.
2. Жаңа сабақ
Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады: Үйрек десе – бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші. (Ү)
Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)
- Мынау не? - Үкі
- Үкі - түн құсы. Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү - кі. (екі буын)
- Үзеңгі сөзін (үзеңгінің мағынасын ашып кету) буынға бөле қойыңдар.
- Ү - зең - гі (үш буын бар)
- Үкі, үзеңгі, Үміт, үш, үйрек деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгілейміз де қызыл үйге кіргіземіз.
- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?
- Сөздің басқы буындарында жазылады.
Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.
«Ү» әрпінің баспа, жазба түрлерін көрсету. Ауада жаздыру.
Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.
Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Суретпен жұмыс
Суретте салынған «үйрек» туралы айту. Үйректің пайдасы және оны өсіру.
Дыбыстық, буындық талдау жасау. Үйрек - үй - рек..-...
Тірек - сызба бойынша сөздерді оқыту, мағынасын айту. (үн, үш, үр, үз, үк, үй)
Ү - н, з, й, р, ш, к
Ойын «Сөз ойла, тез ойла» доппен ойналатын ойын (допты балаларға бергенде алып тұрып ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек)
Дәптерге жазу. Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады. Бас, кіші әріптерін жазулары. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.
Тірек – сызба бойынша затты сипаттау:
Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл
Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер
Тақтадағы сөздерді оқыту
Гүл, үтік, күз, жүгері, күрек, түлкі
Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ү дыбысы қалай айтылады?
- Бас, кіші әрпін жазып көрсет.
«Өз орныңды тап» ойыны. Әріптерді өз орнына қою:
ү, т, л, і, к - түлкі і, к, ү - үкі р, к, е, й, ү - үйрек
Мадақтау. Бүгін балалар, бәрің де жақсы сабаққа қатысып, белсенділік таныттыңдар. Үйренгендеріңді естеріңде сақтаңдар. Рахмет сендерге.
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Ү дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлату, сөйлемдер құрату. Дыбысталуы ұқсас Ұ дыбысымен салыстыру. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрістерін, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, құстарға, аңдарға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе серігі, тақырыптық суреттер, Ү әрпінің баспа және жазба түрлері, жұмбақтар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, дамытпалы сабақ, жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, жазбаша, бақылау, дамыта оқыту, салыстыру, ойландыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу
II. Үй жұмысын тексеру.
1. Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау?
2. «Шардағы буын» ойыны. Кеспе буындарды оқу. Кеспе буындардан сөз ойлау.
3. Сурет бойынша жұмыс.
«Бұлақ» атты өлеңін рөльге бөліп оқу.
4. «Бұлақ» дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?
«Бұлақ»- басы бастаулардан басталып, баяу ағатын кішігірім су.
5. Суретті көре отырып сөздер құрастыру. Сөйлем ойлау.
(ұшақ, құлпынай, құлыншақ)
1. Сөйлем неше сөзден құралған?
2. Сөйлемдегі сөздер бір - біріне қалай жазылған?
3. Сөйлемнің басы қандай әріптен басталып жазылады?
6. Үй жұмысын қорыту.
III. Жаңа сабақ.
Үстел берсең кіргенде,
Үлкен кісі есіктен,
Үлкен екен - демей ме?
Үйренген ғой бесіктен.
Өлеңнің әр жолындағы бірінші сөзге назарымызды аударайық. Үстел, үлкен, үйренген. Дауыстай айта отырып Ү дыбысын дыбыстаймыз. Жаңа әріпті көрсетемін.
Жұмбақ.
Халық қу деп, қылған күлкі,
Айласы көп, бұл не?
(түлкі)
Түлкі
Дыбыстық, буындық талдау!
Жарықта соқырмын,
Ұша алмай отырмын. (үкі)
Жүгері, гүл, үтік
Оқулықпен жұмыс Түлкі
1. Тізбектеп оқыту.
Сөздік жұмысы.
Тымақ - Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім.
Ішік - Іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Дәптермен жұмыс.
Ү - әрпін ауада жазғызу
Ұ - Ү
Ұн құн құз құндыз құлақ
Үн күн күз күндіз күрек
Сабақты қортындылау:
Ой қорыту
Ү - үкі, үтік, үстел
Ү - жіңішке, Ұ - жуан
Дауыстары сөздің басында ортасында келеді
Оқушыларды бағалау, мадақтау.
Тақырыбы:
«Ү дыбысы мен әрпі»
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ильясова Актоты Даулеткалиевна
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Үдыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ү дыбысы мен әрпін таныту.
Күтілетін нәтиже: Ү дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйренеді.. Оның жіңішке дауысты дыбыс екенін және қызыл текшемен белгіленетінін біледі. Ү әрпінін баспа және жазба түрімен танысады. Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрады, Ү дыбысы сөздің нешінші буынында екенін, буынның қай жерінде екенін көрсетеді. Тірек сөздерді байланыстырып суретке сөйлем құрады. Мәтінмен жұмыс жасап, мәтінге ат қояды. Оқушылардың ой-өрісі, тілі дамиды. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, сауатты, әдемі жазуға тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, буклеттер, суреттер, әріп қалтасы, алфавит, үлестірмелі топшамалар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақтың әдіс-тәсілі: жұптық, жекелей, суретпен жұмыс, салыстыру, логикалық
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологияқ дайындық.
2.Өткенді пысықтау.
* Дыбысты не істейміз ?
* Әріпті не істейміз?
* Дыбыстар нешеге бөлінеді?
* Дыбыстан не құралады?
* Буыннан не құралады?
* Сөзден не құралады?
* Сөйлем дегенімізді кім түсіндіреді?
* Өткен сабақта қандай дыбыстың таңбасымен таныстық?
* Ұ әрпін қандай текшемен белгілейміз? Ұ дыбысы жуан ба, жіңішке ме?
* Үйге не берілді, кім айтады?
1 топ: Берілген сөздерді оқып, сөйлем құрайды
2 топ: «Мұнай» мәтінін оқып, мазмұнын айтады. Сұрақ –жауап
3 топ: «Бұлақ» өлеңін мәнерлеп оқиды, өлең не туралы екенін айтады. Сұрақ-жауап
* Ұ-Ү әріптерін салыстыру.
3 Жаңа сабақ
- Оқушылар бүгінгі сабағымызға түлкі қонакка келді. Осы «түлкі» деген сөзде таныс емес дыбыс бар ма?
- Ендеше Үү әрпін көрсетемін. Дауыстап айтады, дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.
Балалар, түлкі қонағымыздың қолында хаты бар екен.
«Құрметті оқушылар! Мен үйіме барғым келеді, бірақ жолда мені аңдар жібермейді. Себебі, мен аңдарды осы кезге дейін алдап келдім. Сендер маған үйіме жетуге көмектессеңдер, мен ешкімді алдамаймын деп- уәде беремін.
Хат иесі түлкішек.»
• Балалар түлкіге көмектесесіңдер ме?
• Ендеше түлкінің жолында тұрған аңдардың тапсырмасын орындаймыз.
Оқулықпен жұмыс
Жолбарыс тапсырмасы: а/«Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ә/ Берілген сөздерді оқып, сөйлем құраңдар
Қоян тапсырмасы: а/ «Ормандағы аңдар» мәтінін оқып, мазмұнын ашады.
ә/ Берілген сөздерді оқып, жуан, жіңішке сөздерді ажырат.
Арыстан тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс
Үү әрпінің жазылу үлгісін жазып көрсетемін. Үү әріптерін жазады.
Сергіту сәті
Кітап алтын сандық,
Іші толған қазына құт,
Оқы, оқы ойыңа тұт.
Қасқыр тапсырмасы:
Тірек сөздерді оқып, суретпен байланыстырады. Құрған мәтінге ат қояды.
Бұғы тапсырмасы:
Сөздерге көптік жалғауын жалғап, оқиды. Тауық- тауықтар т.б.
Жаңылтпаш
Үміт түбітті түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Қорытындылау:
Аю тапсырмасы:
Ұ-Ү әріптерін салыстыр, берілген сөздерге Ұ,Ү әріптерін қойып, оқы.
Қандай дыбыспен таныстық?
Қандай түспен белгіледік?
Неге қызыл түспен белгіледіңдер?
Ү дыбысына сөз ойла, тез ойла!
Ү дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді?
Сендердің білімдеріңе аңдар риза, түлкі де рахмет айтып үйіне барғысы келеді.
Түлкі: Балалар білімдеріңді әлі де шыңдай беріңдер! Сендерге көп рахмет.
Сау болыңдар!
Рефлексия: Фотоларына смайлик арқылы сабақтын ұнағанын, ұнамағанын білдіріп, қояды. Ұнаса несімен ұнады, қорғайды.
Ұнамаса несімен ұнамады, немесе нені түсінбеді.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, Ү дыбысына сөз ойластырып, жаңылтпаштар жаттау, түлкі суретін салып келу. Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысы Ү дыбысы мен әрпі - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз. Тәлімгер.орг сайтындағы Ү дыбысы мен әрпі атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ, презентация рефератмақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. Ү дыбысы мен әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |